Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
азақстан РеспубликасыныңПоиск на нашем сайте Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрiнiң «_____»_____________2007 жыл № _________ бұйрығымен бекiтiлген
Алғашқы медико – санитарлық көмек жүйесiнде және туберкулезге қарсы күресу ұйымдарында туберкулезді анықтау, тiркеу, емдеу және диспансерлiк бақылау Нұсқауы
1. Жалпы баптар
1. Осы Нұсқау алғашқы медико-санитарлық көмек (бұдан әрi – АМСК ) жүйесi мен туберкулезге қарсы күресу ұйымдары (бұдан әрi - ТҚКҰ) мамандарының туберкулездi анықтау және емдеудегі негізгі тәртібі мен жұмыс көлемін анықтайды. 2. Орналасуына байланысты туберкулездің түрлері: 1) өкпе туберкулезi - (өкпе паренхимасының патологиялық үрдіспен зақымдануы) өкпе ұлпасымен байланысты патологиялық үрдiс; 2) өкпеден тыс туберкулез – өкпеден тыс барлық басқа мүшелер (ағзалар) мен тіндердің туберкулезi (плевра, лимфа түйiндерi, iш қуысы, несеп–жыныс жүйесi, терi, буын мен сүйек, бас миы не/немесе жұлын қабықшалары туберкулезі). 3. Туберкулезге шалдыққан науқастардың түрлерi: 1) алғашқы рет ауырған (жаңа жағдай) науқас – туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерді (бұдан әрі - ТҚД) бұрын-соңды ешқашан қабылдамаған немесе бiр айға дейін қабылдаған науқас; 2) аурудың қайталануы (рецидив) - бұрын туберкулезге қарсы толық ем курсын қабылдаған және «жазылды» немесе «ем аяқталды» деген ем нәтижесі анықталған, бірақ кейін қайта бактерия бөлу пайда болған науқас (қақырығынан қайта туберкулез микобактериялары анықталған науқас); 3) сәтсiз ем (емнің нәтижесіз болуы) - туберкулезге қарсы жүргізілген алдыңғы ем курсының нәтижесіз болуына байланысты ем қайта тағайындалған науқас; 4) үзiлiстен кейiнгi ем – емін 2 ай және одан ұзақ мерзiмге үзгеннен кейін емді қайта бастаған, қақырығында туберкулез микобактериялары анықталған науқас; 5) ауысып келген - бір емдеу мекемесінде туберкулезбен ауыратын науқастар тiзiмiне тіркелген, бірақ емiн жалғастыруға екінші (басқа) мекемеге келген науқас. Ем аяқталғаннан кейiн ем нәтижесі науқас алғашқы тіркелген ТҚКҰ–ға жiберiледi; 6) басқалар - жоғарыда аталған анықтамаларға сәйкес келмейтін (жатпайтын) туберкулезге шалдыққан басқа науқастар. Бұл қайталанған бактерия бөлусіз өтетін өкпе және өкпеден тыс туберкулез түрлерi. Аталған жағдайлар сирек болу тиіс, диагнозды әрдайым патоморфологиялық және бактериологиялық зерттеулермен дәлелдеу қажет. 7) IV категория - I, II және III категория бойынша емі нәтижесіз болған көптеген дәрiге төзiмдiлiгі (мультирезистентті туберкулез - кем дегенде HR–ге төзімділік) не әр түрлі дәріге төзімділігі (полирезистентті туберкулез) бар бактерия бөлуші науқастар. 4. АМСК жүйесi мекемелерінің мамандарына келесі міндеттер жүктеледі: 1) аурудың клиникалық белгiлерi бар науқастар арасында қақырық жағындысын микроскопиялық зерттеу әдiсі арқылы және тұрғындардың туберкулезге шалдығу қауіпi жоғары топтары (қауіп-қатер топтары) арасында флюорографиялық әдiспен туберкулездi ерте анықтау; 2) бақылаулы емдi (химиотерапияны) жүзеге асыру; 3) тұрғындар арасында туберкулездiң алғашқы белгiлерi және оның алдын алу шаралары туралы кең көлемдi ағарту жұмыстарын жүргiзу. 5. АМСК жүйесiнiң медицина қызметкерi барлық қауiпсiздiк ережелерiн және шараларын сақтай отырып, қақырықты сапалы жинап, зерттеу үшін зертханаға уақытында жеткiзуге тиісті. 6. АМСК жүйесiнiң мамандары туберкулезбен күресу шараларына ТҚКҰ - ның базасында оқытылып, соған сәйкес сертификат берiліп және кейін жылына бiр рет аттестация тапсырулары арқылы дайындалуы тиiс. 7. Туберкулездiң бiр немесе бiрнеше клиникалық белгiлерi бар жандарда АМСК жүйесi мекемелерінде қақырық жағындысы микроскопиялық зерттеледі: 1) екi аптадан астам жөтелдiң болуы (жөтел өкпе туберкулезiнің жұқпалы түрiнiң басты белгiсi болып табылады); 2) салмақтың жоғалуы (азу); 3) тершеңдiк; 4) кеуде қуысындағы ауру сезімі; 5) қан түкiру; 6) ұзақ уақыт бойы дене қызуының көтерiлуi. 8. Науқаста жоғарыда аталған белгiлер байқалған жағдайда, медицина қызметкері туберкулездi анықтауға бағытталған диагностикалық алгоритмге сәйкес толық кешенді шараларды жүргiзуге мiндеттi. Осы Нұсқаудың 1-қосымшасында ұсынылған диагностикалық алгоритмге сәйкес науқасты туберкулезге тексеру қажет. 9. Науқаста туберкулез микробактериялары (бұдан әрi - ТМБ) анықталғанда, ол ТҚКҰ - ға жіберілуі тиіс. Ол жерде науқасқа қосымша зертханалық зерттеулер жүргiзiлiп, қажетті ем тағайындалады. 10. Қақырық жағындысының микроскопиясы терiс нәтижелі болса және науқаста туберкулезге күмән белгiлердiң күшейуi байқалса науқас мiндеттi түрде дәрiгер-фтизиатрдың кеңесiне жiберiледi. 11. Тұрғындар арасында санитарлық – ағарту iсiн жүргiзу үшiн нақты жағдайда қолайлы әдiстер мен тәсiлдер қолданылады. 12. Флюорографиялық жолмен анықтау әдiсi туберкулезбен ауыру қаупі жоғары топтар арасында жүргiзiлуi керек. 13. Алғаш рет ауырған науқастарда туберкулездің келесі клиникалық түрлері анықталса, олар туберкулездің кеш анықталған жағдайларына жатады: 1) жеделдеу және созылмалы диссеминирлі (шашыранды) туберкулез; 2) асқынған ағымдағы туберкулезді менингит; 3) казеозды пневмония; 4) фиброзды-кавернозды туберкулез; 5) асқынған өкпеден тыс туберкулез; 6) АМСК жүйесі мекемелері мен ТҚКҰ-да диагностикалық алгоритмнің стандартты мерзімде жүргізілмеуіне немесе науқас балалардың кеш қаралуына байланысты өкпесінде ыдыраудың болуы мен бактерия бөлуі. 14. Туберкулездiң кеш анықталған жағдайлары бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары, ТҚКҰ, АМСК жүйелерi бiрiгiп талдау тиісті және талдау Хаттамасы толтырылып, шаралар жоспары құрастырылады. 15. Туберкулезбен ауыратын науқастардың емі арнайы дайындалған медицина қызметкерлерінің бақылауымен жүргізіліуі тиіс (барлық тағайындалған дәрілерді қабылдауын бақылау). Науқаспен ем алдында туберкулезге қарсы дәрiлердi толық қабылдау қажеттілігі туралы кеңес жүргізіліп, «ақпараттандырылған келiсiмге» қол қойылады. 16. Туберкулезбен ауыратын науқастардың емі үздiксiз 2 кезеңде жүргізіледі: 1) бiрiншi кезең - емнің қарқынды кезеңі негізінен стационарда жүргізіледi, амбулаторлық ем қабылдау мүмкiндiгiн орталық дәрiгерлер кеңесiнiң комиссиясы (бұдан әрi - ОДКК) шешедi. 2) екiншi кезең – емнің жалғастыру кезеңі негізінен амбулаторлы немесе шипа-жайда жүргiзiледi. Бұл кезеңнiң стационарда жүргізілу мүмкіндігін ОДКК шешедi (негiзiнен әлеуметтiк–сәтсіз жағдайлы, нашар тұрмысты науқастар). 17. Науқастың тұратын жерінде бақылаулы амбулаторлық ем жүргізу тәртібі лайықты медициналық құжаттарда жан–жақты қамтылып көрсетілуі қажет. 18. АМСК жүйесiнің әрбір мекемесінде туберкулезге күмән науқастарды тіркеу Журналы (ТБ 15) және науқастың медициналық картасы (ТБ 01) жүргiзiлуі қажет. 19. АМСК жүйесiнiң әрбір мекемесiнде бiр айлық ТҚД қоры болуы қажет. Науқастарды амбулаторлы бақылаулы емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің есебi мен шығыны арнайы журналға тiркеледі. Дәрі-дәрмектердің қолданылуы (қозғалысы) туралы есеп аймақтық ТҚКҰ-ға ай сайын берiлуi қажет. 20. АМСК жүйесi мекемелерiнде ТҚД-мен туберкулезбен ауырмайтын науқастарды емдеуге тиым салынады.
2. Туберкулездiң шоғырланған орны
21. Туберкулездiң шоғырланған орны осы Нұсқаудың 2-ші бабына сәйкес анықталады. 22. Өкпе және өкпеден тыс туберкулез жанасқан науқасты өкпе ауруы туберкулезі деп санау керек. Өкпе тіні де зақымдалатын болғандықтан милиарлы туберкулез өкпе туберкулезiне жатқызылады. 23. Өкпеден тыс туберкулез ауруының диагнозы өкпеден тыс туберкулездің белсендiлігіне сілтейтін бактериологиялық, цитоморфологиялық зерттеулерлерге немесе клинико-рентгенологиялық мәліметтерге негізделеді. Туберкулезбен өкпеден тыс бiрнеше ағза зақымдалған жағдайда, науқас үрдістің ең ауыр шоғырланған орнына сәйкес тiркеледi. 24. Қақырық жағындысының микроскопиясы оң нәтижелi өкпе туберкулезi (бактерия бөлушi) бар науқас деп төменде аталғандар саналады: 1) ем тағайындалғанға дейiн кем дегенде екі қақырық жағындысында ТМБ анықталған жағдайда; 2) қақырық жағындысында микроскопиялық зерттеу кезінде бiр рет ТМБ табылып және дәрiгердiң қорытындысы бойынша рентгенде белсендi өкпе туберкулезiне сәйкес патологиялық өзгерiстер анықталған жағдайда. 25. Қақырық жағындысының микроскопиясы терiс нәтижелі өкпе туберкулезi бар науқас – қақырық жағындысының микроскопиясы оң нәтижелi өкпе туберкулезi бар науқастың анықтамасына сәйкес келмеген жағдайда. 26. Қақырық жағындысының микроскопиясы терiс нәтижелі, бірақ дақылдық әдіс оң нәтижелi болған жағдайда науқаста туберкулездің белсендiлігі анықталып, туберкулез диагнозы дәлелденеді. 27. Қақырық жағындысының микроскопиясы терiс нәтижелі өкпе туберкулезiнің белгiлері: 1) ТМБ анықтау үшін қақырық жағындысын микроскопиялық зерттегенде, үш реттен кем емес теріс нәтижелі болуы; 2) белсендi өкпе туберкулезіне сәйкес рентгенологиялық өзгерiстердiң анықталуы; 3) туберкулезге қарсы толық химиялық емдi жүргiзу туралы ОДКК-ның шешiмi.
3. Туберкулезбен ауыратын науқастардың түрлерiн анықтау 28. Туберкулезбен ауыратын науқастардың түрлерi осы Нұсқаудың 3-ші бабына сәйкес анықталады. 29. IV категория түрi көптеген дәрiге төзiмдiлiгі бар барлық науқастарды бақылау мақсатында бөлiніп көрсетiлген. Науқастың IV категорияға көшірілуі және ем тәртібі туралы шешімді ОДКК қабылдайды. 30. IV категория науқастарының бөлiнуi: 1) «IV категория. Бұрын ТҚД–мен емделмеген науқас» (біріншілік дәріге төзімділік): туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерді бұрын ешқашан қабылдамаған немесе бiр айға дейін қабылдаған науқаста I немесе III категория бойынша ем тағайындау алдында жасалған дәріге сезімталдық тесті (бұдан әрi - ДСТ) нәтижесінде дәрiге төзімділік анықталып, IV санатқа ауыстырылған науқас; 2) «IV категория. Бұрын негізгі топтағы ТҚД–мен емделген науқас» (жүре келе пайда болған немесе екіншілік дәріге төзімділік) – бұрын 1 ай немесе одан аса уақыт бойы негізгі топтағы ТҚД-мен емделген науқас; 3) «IV категория. Бұрын резервті топтағы ТҚД–мен емделген науқас» (жүре келе пайда болған) – бұрын 1 ай немесе одан аса уақыт бойы резервті топтағы ТҚД-мен емделген науқас; 4) «IV категория. Ауысып келген» – бір емдеу мекемесінде туберкулезбен ауыратын науқастар тiзiмiне тіркелген және IV категория бойынша емін бастаған, бірақ резервті топтағы дәрілермен емiн жалғастыруға екінші (басқа) мекемеге келген науқас. Ем аяқталғаннан кейiн ем нәтижесі науқас алғашқы тіркелген ТҚКҰ–ға жiберiледi. 5) «IV категория. Басқалар» – жоғарыда аталған категорияларға жатпайтын науқастар.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 50; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.01 с.) |