Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Жалған сыздауық (псевдофурункул)Поиск на нашем сайте Тiлме қабынуы (рожа). Терiнiң тiлме түрiнде қабынуы сирек байқалатын аурулардың қатарына жатады. Қабынуды стрептококк микробы қоздырады. Терiнiң барлық қабаты қан аралас сарысумен жалқақтанады. Өте жұқпалы ауру болғандықтан басқа аурулардан жеке жатуын қамтамасыз ету қажет. Аурудың клиникасы: эритематоздық стадиясында - терiнiң қызарып iсiнуiмен, буллездiк стадиясында - торсықтанып су жиналуымен, шел түрiнде iрiп-шiруiмен басталады. Тiлме ауруын бұлай үш түрге бөлу - шартты түрде келiсiлген ұғым. Бұл үрдістердi бiрiнен кейiн бiрi пайда болатын фазалы саты деп түсiну қажет. Ауру өте жылдам дамиды. Шат арасы, бетi, бас терiсi және аяқ-қол терiлерi ауданында жиi кездеседi. Нәресте балаларда кiндiк жарасының маңында, көтенiшек айналасында байқалады. Тiлме кенеттен басталып, баланың ыстығы өте жоғары деңгейге көтерiлiп, лоқсу, құсу, бас ауру белгiлерiмен бiлiнедi. Эритематозды түрiнде қабынған терi ауданы қатты шоғырланып қызарады. Ол кейде географиялық карта секiлденiп көрiнедi. қабынған аудан қатты қызынып, ауру сезiмi күшейедi. Аурудың буллездiк түрiнде терiнiң шоғырланып қызарған ауданында iшiнде жалқақ жиналған торсықшалар пайда болады. Олар өздiгiнен жарылады, егер торсылдақшалар өздiгiнен жарыла қоймаса, терiнiң қабынған ауданы, терiнi некрозға шалдықтырады. Терi бiрнеше күннiң iшiнде шiрiп, орнында жара пайда болады. Емдеу консервативтiк тәсiлдермен басталады. Уыттануды азайту үшiн уыттануға қарсы қолданылатын ерiтiндiлердi қанға құяды, антибиотиктер де көптеп енгiзiледi. Бұл ретте жоғары дозадағы пенициллиннiң көмегi өте зор. Қабынған аудан кварц сәулесiмен қыздырылады, эритематоздық түрiнде - құрғақ, буллездiк түрiнде - антибиотикті майларымен таңылады. Шелденiп немесе шiрiген кезде тіні тездетiп кесiлiп алынып, жараны хирургиялық жалпы заңдалыққа сәйкестендiрiп емдейдi. Мастит Мастит - нәрестенiң емшек безiнiң қабынуы. Нәрестенiң емшек безi туғанынан 8-10 күннiң iшiнде үлкейiп кетедi. Бұл физиологиялық қалыпты үрдіс. Емшек безiнiң осылайша үлкейiп iсiнуiне емген кезiнде анасының сүтiмен бiрге берiлетiн әйелдердiң эстерогендiк гормондары әсер етедi деп есептелiнедi. Iсiнiп тұрған емшек безiн сығуға болмайды, ол өздiгiнен кiшiрейiп 28-30 күнде өзiнiң қалыпты деңгейiне келедi. Сыққан жағдайда одан сүт секiлдi секрет шығады, емшек арналары арқылы емшек безiне микробтар түсiп қабынады. Аурудың клиникасы - баланың дене қызуының жоғарылауымен, емшек емуден тартынуымен, емшек тұсының қызарып iсiнуiмен, кейде қызарған ауданда флюктуацияның пайда болуымен байқалады. Қан талдамасында лейкоцитоздың көбейiп, формуланың солға қарай ауысқаны көрiнедi, ЭТЖ жоғарылайды. Емдеу емшек тұсындағы жараға негiзделген. Егер инфильтрат үлкен болса, онда iрiңдiктi жару үшiн жалпы наркоз пайдаланылады, ал инфильтрат шамалы болған жағдайда антибиотик араластырылған 1/4% новокаин дәрiсiмен жансыздандырылып барып жарылады. Тiлу жарасы емшек тұсындағы пигменттi ауданнан (розеоладан) шеткері жасалынады, емшек безiнiң бөлiкшелерiнiң орналасуын еске алып, инфильтрат радиальды түрде бiрнеше жерден тiлiнедi. Әр жараның үлкендiгi 1,5-2,0 см аспайды. Iрiңдi микробтық құрамы анықталу үшін, көректік ортаға алғаннан соң, 3% сутегi тотығымен жуып, жараға резинадан дренаж қойып, гипертониялық ерiтiндiмен байлап тастайды. Ертеңiне резина дренажды алып тастап, антисептиктермен таңуды жалғастырады. УВЧ, электрофорезбен антибиотик енгiзу қажет болғанда iске асырылады. Сыздауық, сыздауықтар және сом аурулары. Сыздауық ауруы көбiне жеке гигиена сақталмаған жағдайда бiлiнедi. Оның пайда болуына шаш, немесе түк түбiрiнiң iрiңдеп қабынуы әсер етедi. Сыздауықтар қант ауруының әсерiнен де өрбуi мүмкiн. Карбункул (сом) ауруы бiрнеше сыздауықтың бiр жерде қосылуынан пайда болады. Сыздауық мойында, желкеде, бетте, майқұйрықта жиi кездеседi. Алғашында шашы бар терiде, ұшында қара дағы бар кiшкене қышыма бөртпе пайда болады. Бөртпенiң формасы қалқан тәрiздi өсiп, айналасы қызарады. Осы конустың ортасында жан-жағына қатты жабысып қалған некроздан соқта пайда болып, сыздауықтың тұсы солқылдап ауырады. Баланың қызуы көтерiлiп, тамаққа тәбетi азайып, мазасыздана бастайды. Сом пайда болған кезде баланың жағдайы қатты ауырлап, оның өмiрiне үлкен қауіп тууы мүмкiн. Ағзаның уыттануына сәйкес келетiн белгiлер байқалады. Сыздауықтың айналасындағы терiсiн спиртпен жуып, тазалайды да, оның өзiне спиртке ерiтiлген анилиндi бояулар жағады (бриллиант жасылын, метилен көгiн). Субэритемалық дозада УФО (кварц)-мен күйдiредi. Алғашқы күндерi антибиотик-терге новокаин қосып блокада жасайды (антибиотиктердiң тәулiктiк дозасы 1/4 новокаин). Блокада кезiнде сыздауықтың ұшындағы қара дақ немесе соқтасы скальпельмен алынып тасталады. Егер сыздауық асқынып абсцеске айналса, оны тілiп жарып, гипертониялық ерiтiндiмен байланады (25% күкiрт қышқылды маг-незия, 10% ас тұзы ерiтiндiсi). Жара iрiңнен тазаланғаннан кейiн май жағылып таңылады. Егер сыздауық жаңа басталып келе жатса, оған жабысқақ лентаны пайдаланып, құрғақ байлау жасалады. Сыздауық бетте пайда болған жағдайда бала бiрден ауруханаға жатқызылуы тиiс. Мұндай кезде сыздауықтың өзiн ғана емес, бүкiл организмдi емдеуге қам жасалады. Ол үшiн антибиотиктер егiлiп көк тамырларға сұйықтар жiбiрiледi, қоздырғыш дәрiлер берiледi. Баланың дем алу режимi реттелiп, витаминдер және калориясы жетiлдiрiлген тамақтар берiледi. Марганцовка ерiтiндiсiне түсiрiп, iш киiмiн үтiктеп кидiреді. Сыра ашытқысын 4 гр 1 шай қасықпен күнiне 3 рет бередi, қан, плазма құяды. Лимфа бездерiнiң iсiнуiн қадағалап отырады. Ата-аналарынан немесе арнайы дайындалған адамдардан тiкелей қан құяды. Егер уыттану дәрежесi үлкейiп бара жатса, жалпы наркоз-бен терi қалыңдығын түгел қамти отырып айқыш түрiнде тiледi. Егер сом (карбункул) бетте кездесетiн болса, оны тек консервативтiк жолмен емдеуге тырысу қажет. Жару, тiлу бұл жағдайда аса қауiптi. Жас нәрестелерде немесе емшек жасындағы балаларда көптеп кездесетiн терi ауруы. Терiнiң, тер және май шығаратын бездерiнiң ұшы жабылып қалғанда терiнiң iшi торсиып, домалық iрiңдiктер пайда болады. Оның соқтасы болмайды. Жарған кезде iшiнен сап-сары iрiң шығады және шектелген iрiңдiк қалтасы көрiнедi. Жалған сыздауықтар баланың желкесiнде, бас терiсiнде, мойнында жиi кездеседi. Жалпы жағдайы аса қатты нашарламаса да дене қызуы 37-380С шамасына дейiн көтерiледi, бозарып, анемия бiлiнедi. Ұзаққа созылған жағдайда бауыр, көкбауыр iсiнуi мүмкiн. Емдеу - баланы ауруханаға жатқызу арқылы жүргiзiледi. Бiрен-саран iрiңдiктердi жансыздандырмай-ақ жара бередi, ал iрiңдiк көп болса, әрине жалпы наркоз беру пайдалы. Тiлу, жара абсцестерiнiң көлемiне сәйкес. Ірiңдiктiң iшiн 3% сутегi тотығымен тазалап, 5-10% гипертониялық ас тұзының ерiтiндiсiмен таңып тастайды. Күнде немесе күн ара марганцовкамен балаға былау жасалып, қоздырушы емдеу тәсiлдерi пайдаланылады. Витаминдер мен сыра ашытқысы берiледi. Қан, плазма құйылады. Егер жалған сыздауық-тар толық кетпей қойса, донорлардан тiкелей қан құюға болады. Бұл үшiн арнайы иммундаудан өткен донорлады пайдаланған жөн. Жұмсақ тiндердiң шел қаптап қабынуы (жұмсақ тiндер флегмонасы). Бұл ауруға көбiнесе жұмсақ тiндердiң iшiнде жарақаттан кейiн ұйып қалған қандардың iрiңдеп қабынуы немесе терең жатқан бездердiң қабынуы себепші болады. Iрiңнiң белгiлi шекарасы болмайды, ол етаралық кеңiстiктер арқылы жан жаққа тарала бередi. Аурудың клиникалық белгілері, жұмсақ тiндердiң флегмонасының орналасқан жерi мен тереңдiгiне тiкелей байланысты. Етаралық флегмонаның басты белгiсi қабынған жердiң көлемiнiң үлкейiп, бiлеуленiп, iсiнуiмен, аздап жергiлiктi ауданның ыстығының көтерiлуiмен бiлiнедi. Егер флегмона жамбас қуысына орналасса, онда қасаға тұсы бiлеуленiп iсiнедi, үлкен жамбастың ауруға шалдыққан тұсы үлкейiп, терiсi жылтырайды. Шат арасы да iсуi мүмкiн. Осы жергiлiктi өзгерiстермен қатар баланың ыстығы көтерiледi, тамаққа тәбетi нашарлайды, денесi бозарып, анемияның белгiлерi байқалады. Объективтi тексеру кезiнде флегмонаға шалдыққан ауданның функциясы аса қатты бүлiнбейдi. Егер iсiк санда немесе жiлiншiктiң тұсында болса, ол аяғымен еркiн басып қимылдай алады, т.б. Сүйектi бойлай салған күш ауру синдромын қатты қоздырмайды. Iсiктi басып көргенде оның iшi былқылдап, iрiңнiң қозғалысы анықталады. Диагнозды анықтау үшiн түсiрiлген рентген суретiнде сүйектiң сынықтың белгiсi байқалмайды. Шел басқан ауданды жуан инемен шаншығанда одан қою ақ немесе сұрғылт түстi iрiң шығады. Емдеу - жалпы наркоз беру арқылы шелге шалдыққан ауданды тiлiп, ашуға негiзделген. Кейде 2-3 тілік салуға тура келедi. Iрiңдi антисептик дәрiлермен жуып, iшiне резеңке салып, сыртына жоғары концентрациялы ас тұзының ерiтiндiсiн қойып, байлап тастайды. Iрiңдi ыдыратып, бөліп шығару үшiн - трипсин, химотрипсин, химопсин, рибонуклеаза т.б. ферменттердi де пайдалануға болады. Таңып болған соң, сыртына қайықша түрiндегi гипспен қозғалтпайтын етіп бекiтеді. Екi-үш күннен кейiн, жарада iрiң азая бастаған кезде, әртүрлi терең қыздыратын физиоем (УВЧ, УФО) қолданылады, майлармен таңылады. Антибиотиктер, витаминдер, иммуностимулятор дәрiлерi де кеңiнен қолданылады. Қалың еттiң егуден кейiнгi шоғырланған iрiңдiгi (инъекциядан кейiнгi абсцесс). Кейде қалың етке инъекция жасағанда, ол бiрден қанға сiңiп кетпей, шоғырланған iрiңдiктiң (абсцесс) пайда болуына келіп соғады. Бұл iрiңдiктер, қалың еттiң iшiне орналасуына байланысты өздiгiнен тіндердi жарып шыға алмайды. Қабыну үрдісі өте ұзаққа созылады, өйткенi iрiңдiктiң айналасын бiрнеша қабатты сiңiрлiктер қоршап тұрады. Абсцестiң ауданы бiрте-бiрте қызарып, бiлеуленiп iсiнедi, қолмен ұстағанда қатты қызады. Баланың дене қызуы көтерiлiп, тамаққа тәбетi азаяды. ұйқысы бұзылып, мазасы қашады. Қолмен басып қарағанда шоғырланған іріңдік ауданның шекарасы анықталып, флюктуация аңғарылады. Инемен тесiп, пункция жасағанда қою iрiң алынады. Қан талдамасында лейкоцитоздың шамадан тыс көбейгенi, эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарылағаны анықталады. Емдеу - алғашында консервативтiк тәсiлдермен жүргiзiледi. Ол үшiн iсiнген ауданға жылы компресс (майлы, жартылай спиртпен), УВЧ жасалынады. Егер жылумен емдеу тәсiлдерi өз нәтижесiн бермей, қабынудың жергiлiктi белгiлерi айқындала берсе, онда операция жасалып абсцесс жарылуы керек. Шоғырланған iрiңдiктiң iшiн жуып-шайып, қалталарын бiр-бiрiне қосып, өткiр қасықшалармен өлi тiндердi сылып тастайды. Содан кейiн, іріңдіктiң iшiне жұмсақ резина енгiзiп, гипертониялық ерiтiндiлермен байланады. Iрiң азайған кезде УВЧ тәсiлiмен қыздырып майлы дәрiлермен таңады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 35; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.008 с.) |