Лимфаденит, аденофлегмона ауруы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Лимфаденит, аденофлегмона ауруы

Омфалит

Омфалит ауруы -кiндiк жарасының iрiңдеуi. Нәрестелерде жиi кездеседi. Жай қабынған омфалитте кiндiк жарасы суланып, одан қан араласқан сарысу шығады. Жара қызарып, фибрин тәрiздес (пленкамен) қабыршықпен жабылады. Айналасындағы терiсi өзгермейдi, кiндiктен шығатын қан тамырлары iсiнбейдi. Баланың жалпы жағдайында да өзгерiс байқалмайды.

Кiндiк жараның шел түрiнде (флегмонозды) қабыну байқалып, жарадан қою iрiң шығады, оның айналасындағы терiсi бiлеуленiп, қан тамырларының тұсы iсiнедi. Қан тамырларының осы тұсын басқанда, қан аралас iрiң шығады. Баланың жалпы жағдайы өзгередi: қызуы көтерiледi, емшек емуi нашарлайды.

Егер кiндiк жара iрiп-шiрiген некрозды iрiңдiкке шалдықса, жара қарақошқыл түстенедi, оның айналасы қатты iсiнiп, қан та-мырлары адырайып кетедi. Кiндiктен жоғары кететiн қан тамырла-рының тұсы қызыл түстенедi, кiндiктен қатты iрiң шығады. Қанның талдамасында лейкоцитоз, анемия байқалады, СОЭ жоғарылайды.

Емдеу. Жай қабынған омфалитте кiндiк жарасын 3% сутегi тотығымен, марганцовка ерiтiндiсiмен жараны тазалап жуып, сульфаниламидтiң ұнтағын себедi. Немесе кiндiк жарасын спирт араласқан бриллиант жасылымен, немесе метилен көгiмен жуып тазалап, кебiңкi мата салып байлайды.

Шел түрiнде қабынған омфалитті емдеудi антибиотиктер, сенсибилизацияға қарсы дәрiлер, витаминдер беруімен, гаммаглобулиндер егуден бастау қажет. Жараның айналасына 1/4% новокаинға антибиотик араластырып блокада жасайды - антибиотиктiң көлемi баланың бiр күнгi алатын дозасының көлемiне сәйкестенедi.

Егер кiндiктен кететiн қан тамырларында iрiң болса, оның тұсы тiлiнiп ашылып, антисептиктермен жуылып тазартылады. Ал кiндiк жарасына фурациллин, гипертониялық ерiтiндiлермен мата қойылып таңылады. Жарадан iрiң азайса, УВЧ жасалып, Вишневский майы таңылады.

Некрозды түрде пайда болған омфалитте, жоғарыда айтылған-дай антибиотиктермен кiндiктi айналдыра блокада жасалады, содан соң терiнi терең бойлай, бiрнеше жерден тiлiп жара салады. Тiлу, құрсақ қуысының сыртқы терiсiнiң қабынбаған қабатына дейiн жасалынады. Қанға көп көлемде қарқынды түрде түрде улануға қарсы ерiтiндi дәрiлер құйылады. Некрозды түрде қабынған омфалит дер мезгiлiнде емделiнбесе перитонитке әкелiп соғады.

Лимфаденит, аденофлегмона ауруы - бездiң және бездiң маңындағы тіннің қабынатын аурулары. Лимфаденит - ол лимфа бездерiнiң қабынуы, ал аденофлегмона - бездiң iрiңдеп қабынуының без деңгейiнен шығып кеткендегі үрдісті айтады. Ауру, бездердiң iсiнiп, науқас адамның жалпы жағдайының нашарлап, әлсiзденiп, дене қызуының 39-40 С дейiн көтерiлiп, қан тамырлары жиi соғып, тамаққа тәбетi нашарлап, басы ауырып, ұйқысы қашуымен байқалады. Сырқаттанған балалардың 1/3-де дене қызуы көтерiл-меуi де мүмкiн. Бездердiң қабынған ауданында алғашында терiнiң түсi өзгермейдi, кейiннен ол бiлеуленiп iсiнiп, қызара бастайды, қолмен ұстағанда қызуы бiлiнедi, ауырсыну сезiмi қаттырақ қозады.

Бездiң көлемi үлкейiп, iрiң оның шеңберiнен аса шықса, үрдістің аденофлегмонаға ауысқаны. Ол кезде қызарумен қатар флюктуацияны да айқындауға болады.

Лимфадениттiң диагнозын қоюға қандағы лейкоцитоз, солға қарай жылжыған лейкоформула, көбейген эритроциттердің тұну жылдамдығының артуы көмегiн тигiзедi.

Алғашқы инфильтратты стадиясында консервативтiк тәсiлдер-мен емдеу жүргiзiледi. Ол үшiн жылу процедуралары, антибиотик араластырылған 1/4% новокаинмен блокада жасау, УВЧ, УФО қолданылады.

Егер айтылған емдеу өз көмегiн бермесе, бездiң үстi кесiлiп, iшiндегi iрiң шығарылады. Iрiң шыққан соң жараға резинадан дренаж қойылып, гипертониялық ерiтiндiлермен таңылады. Ертеңiнде УВЧ, УФО тәсiлдерi қайта жасалынады. Iрiң азайғанда майлы дәрiлермен таңуға көшуге болады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 37; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.005 с.)