Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Көкбауыр кистасы және оның даму ақауларыПоиск на нашем сайте Гоше ауруы Тұқым қуалайтын липид алмасу ауруы. Жүйке жасушаларына және ретикулоэндотелиальдық жүйеге цереброзид жиналуымен түсіндіріледі. Аурудың екі түрі бар: сәбилердің және жеткіншектердің (ювенильдік). Гоше ауруында жүйке жүйесінде дегенерация туындайды, қыртысты периокципитальдық зонада және базальдық ганглийде нейрондар жоғалады. Осы аймақта үлкен домалақ немесе сопақ ды және полигональды клетка (Гоше клеткасы) анықталады, протоплазма теңбіл түске боялады. Клиникалық көрінісі. Гоше ауруының жедел түрі (сәбилердегі) тез және қатерлі ағыммен ерекшеленеді. Баланың өмірінің бірінші айында физикалық және ақыл-есінің дамуы тоқтайды, бауыр және көкбауыр есебінен іші ұлғаяды, неврологиялық симптомдар: бұлшық ет гипертониясы, опистотонус, тоникалық-клоникалық дірілдер, тризм анықталады, ауыр дистрофия дамиды. Жеткіншектердің (ювенильді) созылмалы түрінде әртүрлі жастағы балаларда дамуы мүмкін. Ауру ағымы ұзақ., әлсіз немесе айқын спленомегалия, анемия, геморрагиялық диатез, остеодистрофия, иммундық биологиялық реактивтіліктің бұзылуы анықталады. Консервативтік ем қазірге дейін нәтижесіз. Спленэктомия үрдістің дамуын жоюы мүмкін. Көкбауырдың даму ақаулары ішінде, хирургтардың мән беретін аурулары – оның саны және орналасуы жағынан ауытқулары. Қосымша көкбауырдың анықталуы, құрсақ қуысындағы ағзалардың ісігі деген жалған болжам жасауға, спленэктомиядан кейінгі гемолитикалық анемияның және Верльгоф ауруының қайталануына себеп болады. Көкбауыр кистасы. Этиологиясы. Этиологиялық белгісіне қарай паразитарлық және паразитарлы емес деп бөлінеді. Паразитарлы емес кистаның өзі өз кезегінде біріншілік (шынайы) және екіншілік (жалған) болады. Жалған кисталардың даму себептері қатарына жиі көк бауырдың гематомасы мен жарақаты, аутолизге ұшырауы, құрамының сіңірілуі және фиброздық капсуланың түзілуі жатады. Киста үлкен мөлшерге дейін жетуі мүмкін. Ол тұйық ауырсынуымен, сол жақ қабырға астындағы ауырлық және толу сезімімен, көрші ағзалардың қысылу симптомдарымен басталады. Диагноз қою мақсатында тоқ ішекті ауамен толтыру және асқазан-ішек жолдарына контрастты зат енгізіп, рентгеноскопия, УДТ жасау әдісін қолданады. Паразитарлық кистада негізінен эхинококк немесе цистицерален анықталады. Паразиттер көк бауырға гематогенді жолмен түседі. Екіншілік эхинококты зақымдану бауырдың эхинококты кистасының жыртылуынан туындайды. Емі. Оперативтік емде киста энуклеациясы жасалады. Егер техникалық мүмкіндіктер болмаса, спленэктомиямен жасалады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 32; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.005 с.) |