Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Тік ішектің хирургиялық ауруларыПоиск на нашем сайте Тік ішектің хирургиялық ауруларына мына патологиялар жатады: тік ішектің түсуі, тік ішек тесігінің жарылуы, парапроктит, геморрой, инфекциялық колит, полиптер, тік ішек жарақаты. 1. Тік ішектің түсуі- жас балаларда 1 жастан 5 жасқа дейінгі аралықта кездеседі. Тік ішектің түсуіне себепкер - дағдылы нәжіс қатпасы, ішектің өтуі, тенезмдер (ішек инфекциялары). Осы көрсетілген жағымсыз жағдайлар сфинктердің жұмысының бұзылуына әкеліп соғады. Құрсақ қуысындағы қысымның артуынан, сфинктер етінің дегенеративтік өзгерісінен тік ішек айналып шырышты қабаты сыртқа түсіп кетеді. Ауруды туғызатын жағдайлар: гипотрофия, тік ішек маңайында май қабатының азаюы. Сонымен катар жас баладағы анатомо-физиологиялық ерекшеліктердің де маңызы зор: сегізкөз ойығы-ның аздығы, кұйымшақтың түзу тұруы, лордоздың аздығы, куық-тік ішек және қуық-тік ішек-жатыр шұңқырларының төмен жатуы т.б. Ұл балалар 2-2,5 есе жиі ауырады. (М.М. Ситковский, 1971). Жіктелуі. Егер анатомиялык және клиникалық ерекшеліктерін ескере отырып, келесі сыныптаманы колдануға болады (Ленюшкин А.И., 1976). І. Анатомиялық түрлері және тік ішектің түсу дәрежесі 2) тік ішектің өзінің түсуі (ргоlaрsus recit) I дәрежелі - тік ішектің біразы шығу кезінде (2-2,5см) II дәрежелі - тік ішектің 1-1/3 бөлігі түсуі III дәрежелі – тік ішек түгел түссе. а) компенсаторлы — ішек тек дефекация кезінде шығады және өзі тез кіріп кетеді. б/ субкомпенсаторлы - ішек дефекация кезінде және күшенгенде шығып, тек қолмен ғана кіргізіледі в/ декомпенсаторлы- ішек дефекация кезінде және күшену кезіңде, жөтелгенде, түшкіргенде, күлгенде оңай шығып кетеді, сонымен қатар нәжісті және газды ұстамайды. Аурудың алғашқы белгілері байқалмайды. Шырышты қабаты түскенде дефекациядан кейін өзі кіріп кетеді. Егер де тік ішектің барлық қабаты шығатын болса, ішектің шығып кеткен жері цилиндр немесе шар тэріздес болып, шырышты қабатында қызару, көгеру, ісіну байқалады. Шығып кеткен ішек орнына үзақ уақыт түспей түрса, шырышты қабаты қызарып, жарақаттанып, қансырау байқалады. Сонымен қатар эрозия пайда болуы мүмкін. Қысылып қалған ішек, ауырсыну симптомын байқатады, кей кезде ішек қарайып кететін жағдай да кездеседі. Ажырату диагнозы сонша қиыншылық туғызбайды. Кей кезде, олақтық жасалса,шығып кеткен тік ішекті полиппен шатастыру мүмкін. Инвагинация кезінде де диагностикалық қателік болуы мүмкін, егер ішектің бір біріне кіріп кеткен бөлігі артқы тесіктен шығуы байқалады. Бірақ ерекше анамнезі, баланың жалпы жағдайының ауырлығы, тек инвагинацияға тән (ұстама ауырсыну, іш қуысында инвагинат болу, тік ішектен қан кету) клиникалық белгілер диагноз қоюда қиыншылық тугызбайды. Емдеу. Тік ішек түсуін консервативтік емнен бастау қажет. а) балаға дұрыс күтім қажет: баланы горшокқа отырғызбау, дефекация тек баланы бір жақ жанынан жаткызып жасалынуы, массаж, емдеу денешынықтыруларын жүргізу т.б. б) шығып кеткен ішек бөлігін қолмен кіргізу в) параРектальдық май қабатына 70°С спиртті Мезенев әдісі бойынша 3 жерден жіберу. Соның арқасында параРектальдық май қабаты склерозға ұшырап қатаяды да, тік ішекті ұстап тұрады. Егер баланы дұрыс күтсе, консервативтік ем дұрыс қолданылған жағдайда, тік ішек түсуі 90-95%-ға емделеді (Аминов А.М., 1969 т.б.). Операциялық ем өте сирек, тек ішек түсуінің Ш дәрежесінде, соның өзінде консервативтік ем көмек етпегенде ғана қолданыла-ды. Операция 5 жастан асқан балаларға жасалады. (Тирш әдісімен). Тік ішек тесігінің жырылуы балаларда нәжіс қатпасында кездеседі.Ауруды туғызатын келеңсіз жағдайлар проктит және іш өту болуы мүмкін. Бұл кезде ішектің шырышты қабаты ісініп қызарып тез жарақаттанады. Нәжіс қатпасында катып калған нәжіс тік ішсктің шырышты қабатын жаракаттайды. Ішек энтеробиозы кезінде қасыну немесе клизма жасау кезінде жарақаттану артқы тесік жарылуына әкеп соғады. Жарылу көбінде тік ішек тесігінің арткы дөңгелек аймағында орналасады және мектеп жасына дейінгі сәбилерде жиі кездеседі. Клиникасы. Бала мазасызданады, арткы тесік аймағында ауырсыну байкалады. Ауырсыну, дефекация кезінде жиі кездеседі де, бала горшокқа отырмайды. Дефекация кезінде (аякталған уақытында) қан тамшысын көруге болады. Диагноз қоюда анамнез, тік ішек тесігін жай және саусакпен карау, жарылу жарасын көру көп көмек көрсетеді. Негізгі ем - консервативтік ем: а) баланы дұрыс тамақтандыру (егер нәжіс қатпасы болса б) жергілікті ем: жылы отыру ваннасы, анестезия аппликациясы, в) спиртті-новокаин ерітіндісін жарылу жарасының астына Аминев әдісімен жіберу, сфинктерді күшпен жыру. Геморрой - грек сөзінен аударған "кан ағу" деген мағына береді Балаларда өте сирек кездесетін ауру. Кездесе калған жағдайда да- ересек балаларда. Геморройдың себебі геморраидалдық көк тамырлардың кабырғаларының жетілмеуінен. Геморроидалдық түйіндер үлкейген топталған кавернозды түйнектерден құралган. Геморройдың пайда болуына дағдылы қатпа, мегаколон, долихосигма аурулары әсер етуі ыктимал. Клиникасы. Анальдық тесік аймағының ауырсынуы, қышуы, сирек жағдайда қансырау байқалады. Бала күшенгенде тік ішектің шырышты қабатының астында көкшіл қан тамырларының түйіншектері аныкталады. Диагноз коюда тік ішекті саусақпен карау, ректороманоскопия жасау кеп көмек жасайды. Емдеу: а) консервативтік ем – нәжіс қатпасына қарсы күрес, анальдық аймакқа туалет жасау, анестезия аппликациясы, жылы ванналар, склерозды ем. б) операциялық ем өте сирек қолданылады. Тік ішек полиптері - шырышты қабаттан шығатын ісік. Полип 3-8 жастагы балаларда көп кездеседі. Ауру этиологиясы қазіргі кезге дейін толық анықталмаған. Ауру негізінде дизонтогенетикалык бұзылыс жатады, яғни ішектің шырышты кабатындағы регенерациялык жэне пролиферациялық үрдістерінің калыптан ауытқуы. Барлық полиптердің 92% тік ішекте орналасады. Полиппен ауырған балалардың анамнезінде асқазан ішек аурулары табылган. Нәжіспен шыққан қанның көлемі бір-екі тамшыдан бірнеше миллилитрге дейін болады. Егер нәжіс тік ішек қабырғасын жарақаттаса, қансырау арта бастайды. Дефекациядан кейін анальдық тесікте полип корінеді, оны кейде ішек түсуімен шатастырады. Диагноз қоюда тік ішекті саусақпен караудың және ректоромоноскопияның маңызы зор. Кей кезде иррография жасалынады (ішек полипозында). Операциялык ем: а) трансанальдық полипэктомия б) егер полип жоғары орналасса, немесе полип аумақты болғанда б) ішекті кесіп алып тастау (ішек резекциясы) полип бірнешеу болып топталып орналасқан жағдайда жасалынады. Парапроктиттер - тік ішек айналасындағы май қабатының қабынуы. Парапроктиттің екі түрі болады: жедел және созылмалы. а) жедел парапроктит балаларда сирек кездеседі. Ауруды туғызатын жағдайлар : анальдық аймақтың микрожарақаттары, кішігірім іріндіктер (пиодермия т.б.). Жас балаларда гематогенді немесе лимфогенді бағытпен инфекция пайда болуы ыктимал. Жедел парапроктиттің келесі клинико-анатомиялық түрлері анықталған: тері асты (перианальдық) ишиоректальдық, ретроректальдық және пельвиоректальдық. Тері астылық (перианальдық парапроктит балаларда 95%- те кездеседі және де 1 жасқа дейін жиі болады) Парапроктит кенеттен басталады, сәбидің дене қызуы көтеріліп (39-40°), мазасызданады, емшек ембейді. Кей кезде бала құсады, іш өтуі байқалады. Сәби дәретке отырғанда және онан кейін оны болғанда өте мазасызданады. Қан талдамасында лейкоцитоз, қан формуласы солға қарай жылжиды, жергілікті карағанда анальдық тесік аймағында қызару, ісік байқалады. Тік ішекті саусақпен қарау кезінде өзгеріс аймағында қатты ауырсыну, инфильтрация байқалады. Жалпы, жергілікті наркозбен операциялық ем қолданылады: флюктуация жэне инфильтрациясы бар аймақтың ортасынан тілім жасалып дренаж қойылады. Әдетте балаға жалпы антибактериальдық, дезинтоксикациялық, т.б емдерді қатар жүргізеді. б) Созылмалы парапроктит немесе параректальдық жыланкөздер: Қазіргі кезде параректальдық жыланкөздің 3 түрі бар: а) толық жыланкөздер – жыланкөздің бір ұшы теріге ашылып, 2-ші жағымен тік ішектің шырышты қабатына ашылады;. б) толық емес сыртқы жыланкөз-теріге ғана ашылады; в) толық емес ішкі жыланкөз-ішектің немесе анальдық тесіктің ішіне ашылуы. Сфинктрге байланысты: а) сфинктрлі, б) сфинктерден жоғары, в) сфинктерден төмен. Сәбиде анальдыққ тесікітің аймағында іріңді жыланкөз кезінде, егер жыланкөз толық болса, оның аузынан ірің ғана емес нәжіс те шығуы мүмкін. Жыланкөз асқынып, іріндесе баланың ыстығы көтеріледі, мазасызданады, тамақ ішпейді. Диагноз қою үшін келесі тексерулер ж.үргізіледі: 1) тік ішекті саусакпен қарау (жыланкоз бойымен инфильтрация) немесе білеулену байқалады; 2) фистулография (контрастты зат арқылы бағытын және жолдарын анықтау) 3) Жыланкөзге зонд жіберу Операциялык емді сәби 8-10 айдан асқаннан кейін жасайды. Жыланкөздің түріне қарай В.В.Рыжих немесе А.И.Ленюшкин әдістерімен жыланкөзді сылып алып тастайды. Тік ішек жаракаттары: балаларда сирек кездеседі, бірақ ол жарақаттар өте ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін (А.М.Аминев, 1969, А.И.Ленюшкин, 1976 т.б). Жарақаттану ұл балаларда 3 есе жиі. Тік ішек жарақаттарының негізгі себептері: диагностикалық және емдеу манипуляцияларын жасау, баланың өткір затка қүлауы т.б. Сыныптамасы - тік ішектің жарақатының көлемі бойынша екіге бөлінеді (Аминев А.М., 1969). А) Іш пердесінен тыс жарақат: а) қарапайым б) сфинктердің жарақаты мен асқынуы в) айналада жатқан тіндердің жарақаты мен асқынуы Б) Іш куысын тесу жарақаты: а) қарапайым б) басқа мүшелердің жарақаты мен асқынуы. Тік ішек жарақатының симптомдары мынадай болады: жараның көрінуі, тік ішек тесігінен қан шығу, дефекация кезіңде ауырсыну, жара арқылы нәжіспен газдың шығуы, анальдық тесік сфинктерінің қызметінің бұзылуы, зәрдің жүрмей қалуы, шап аймағындағы ісік т.б. Осы айтылған белгілер, жарақаттың түріне байланысты, әртүрлі аралас байланыста кездесе береді. Жарақат көлеміне және орналасуына байланысты баланың жалпы жағдайы байқалады. Жеңіл жарақаттарда (тік ішектің шырышты қабаты) баланың жағдайы қанағаттанарлық болады. Егер құрсақ куысының тесілу жарақатымен қатарласса, баланың жағдайы ауыр болады (қансырау, перитонит). Емдеу: а) іш пердесінен тыс тік ішек жарақаттарында, жара тазаланып, дренаж қойылып тіндері қабатпен тігіледі; б) егер сфинктер жарақаттанса, біріншіден колостома салынып, жара тазаланып тігіледі; в)құрсақ қуысымен қосыла тесілу тік ішек жарақатында - лапаратомия жасалып, басқа мүшелер түгел қаралып, ішек жарасына тігіліп, құрсақ қуысына дренаж қойылады. Содан кейін шап аймағы тазаланып, жара тігіледі.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 45; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.008 с.) |