ПРОКТОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСТАРДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ПРОКТОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСТАРДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

 

Проктологиялық науқастарды зерттеу әдістерінің көптеген түрлері бар. Оларды қарапайым әдістен бастап күрделірек бағытта әртүрлі талдамаларды, жалпы клиникалық және арнайы зерттеулерді (клиникалық-рентгендік және зертханалық тексерулер, қарау, антропометрия, аускультация, т.с.с.) іске асыра отырып, ұтымды жүргізеді.

Арнайы және қосымша зерттеулер - саусақпен ректальдық тексеру, анальдық рефлекстерді зерттеу, ректороманоскопия, колонофиброскопия, сонография, проктография, сфинктрометрия, рентгенконтрасты тоқ ішекті зерттеу, фистулография, экскреторлық урография, т.б. жатады.

 

Саусақпен ректальдық тексеру және қарау. Басында жалпы қарау жүргізіледі. Шағымдарын ескере отырып, қажетті сыртқы белгілерге ерекше көңіл аударады: тік ішек арқылы қан кетуге, сарғаюды анықтауға және т.б. Осы сияқты белгілердің болмауы тоқ ішекті тереңірек зерттеуді қажет етеді. Созылмалы іш қату кезіндегі осы сияқты шағымдар іш көлемінің үлкеюі - аурудың органикалық табиғаты туралы ойлауды, ал белгілердің жоқ болуы - функциялық бұзылыстардың дәлелі.

Қарау үшін резина қолғап, вазелинді май, жұмсақ резина катетерлер, газ шығарғыш түтіктер, буждар, түймелі зонд, құлақтық және қынаптық айналар, дәкелер болуы керек. Барлық қажетті жабдықтар бір реттік болғаны тиімді. Ішектің ректальдық бөлімін мұқият (көзбен) қарау проктологиялық ауруға күманданғанда, макро- және микросимптомдарды анықтауға көмектеседі.

Нәрестелер мен емшектегі балаларға аноректальдық аномалиялар диагнозы тек қараунәтижесінде кейін қойылады. Үлкен жастағы балаларда ректоанальдық зонадағы патологиялық үрдісті көрсететін сыртқы тесік айналасында терінің тітіркенуін, параректальдық жыланкөздерді, жырылуларды және т.б. анықтауға болады.

Тік ішекті саусақпен тексеру, ректоанальдық аймақты тікелей көзбен (визуальдық) қарауға қосымша, арнайы әдістердің алдыңғы тобына жатады. Баланы арқасына жатқызып, аяғын тізе буынынан бүгіп, және оны аздап ішіне таятып ұстайды. Тексеру үшін хирург резина қолғап киеді. Кішкентай саусақ (шынашақ) немесе сұқ саусаққа вазелин жағып, оны артқы тесікке ақырындап кіргізеді. Сақтықпен, соңғы фаланганың көмегімен ішек қабырғасын барлық бағытта зерттейді, тік ішектің толуына, оның айналасында және ішінде патологиялық түзілістің бар-жоқтығына көңіл аударылуы керек. Сыртқы және ішкі сфинктердің тонусы анықталады. Дұрыс жүргізілген процедура балада ауырсыну мен қарсыласуды туғызбайды.

Тік ішекті саусақпен зерттеу - стеноз немесе оның тыртықты деформациясын, полипты, бөгде заттарды, пресакральдық ісік немесе кистасын диагностикалауға көмектеседі. Гиршпрунг ауруында, операциядан кейінгі асқынуды, тік ішектің қосарлануын, парапроктиттің жергілікті өзгеру сипатын анықтауға болады.

Анальдық рефлексті тексеру.

Анальдық рефлексті тексеру балалар проктологиясында маңызды тексеру әдістерінің бірі. Бұл рефлексті, яғни тік ішектің шырышты қабатының және терісінің тітіркенуі кезінде сфинктер мен бұлшық еттер тонусының артуы нәтижесінде көзге жақсы көрінетін артқы тесіктің тартылуын алғаш рет С.И.Россолимо (1892) сипаттап жазды. Қыздарда бұл кезде қынап сфинктерінің жиырылуы анық байқалады.

А.М.Аминев (1959) бұл рефлекс күрделі және 2 компоненттен тұратындығын анықтады: тері-бұлшық еттік және өзіндік бұлшық еттік. Тері-бұлшық еттік рефлекс-сфинктердің сыртқы беткейінде көрінетін ауырсынуы мен тактилдік тітіркенуінен туындайды. өзіндік бұлшық ет рефлексі сфинктердің тереңірек орналасқан бөлігінен жиырылуының көрінісі, айқын көрінетін бұлшық ет компонентінде болады. Проктологиялық ауыруда, үрдістерде рефлекс әр түрлі дәрежеде жоғарылаған немесе төмендеген болып келеді.

Л.В.Логинова-Катричеваның мәліметтері бойынша (1960) жаңа туған балалар мен ерте жастағы балаларда анальдық рефлекс өзіндік рефлекс түрінде болады, тек кейіннен, бірлескен анальдық рефлекске айналады. Сәбилердің жартысында, оның мәліметтері бойынша, анальдық рефлекс болмайды. А.С.Осмоловский (1970), керісінше, тері-бұлшық еттік анальдық рефлекс - 1 тәуліктен асқан дені сау балаларда анықталған. Туғанына 1 тәулік толмаған сәбилерде теріасты сфинктердің жоғары тонусының әсерінен рефлекс анықталмайды. Тек 2-ші тәуліктің басында тонус біраз төмендейді де, рефлекс байқалады. Өзіндік бұлшық ет рефлексі мерзіміне жетпей туылған, дені сау сәбилердің барлығында анықталады. Тері-бұлшық ет рефлексі, шапаралығының қандай да бір бөлігінің тітіркенуінен, әсіресе анальдық тесіктің алдындағы 0,5 см жердегі ортаңғы бітіс терісінің аймағында анықталады.

Туа біткен артқы тесіктің болмауында (атрезия) анальдық рефлекстің айқындылығы арқылы сыртқы сфинктердің бар-жоғын және орналасуын анықтауға болады. Ол, даму ақауының хирургиялық коррекциясында үлкен маңыз атқарады. Көптеген жағдайда екпе инесінің өткір ұшын теріге жанай тигізу арқылы анальдық рефлекс компоненттерін, әсіресе көбінесе бұлшық еттің жиырылуын сыртқы тесік жоқ жерде терінің тартылуымен анықтауға болады. Көптеген науқастарда анальдық рефлексті шақыру мүмкін емес. Ол, ол терінің иннервациясының бұзылуына, әсіресе омыртқаның соңғы бөлімінің қосарланған даму ақауына байланысты. Операция кезінде өзіндік сфинктердің бұлшық еттік талшықтарын гальваникалық токпен тітіркендіру арқылы жиырылту, хирургке сфиктердің орналасу орнын және ортасын анықтауға көмектеседі.

Артқы тесіктің атрезиясында сыртқы сфинктердің орналасуын анықтау. Баланың жасына сай дозада, 50% анальгин және седуксен ерітінділерін бұлшық етке енгізеді. 15-20 минуттан кейін, науқасқа литотомиялық қалып беріледі. Сфинктердің болжамалы орналасу орнының шап аралық терісін 3%-дық йод тұнбасымен және этил спиртімеен өңдейді. Одан кейін екі перпендикулярлық сызық сағат циферблаты бойынша бойынша 11-ден 5-ке сағат және 13-тен 19-ға тері астына 0,5 см тереңдікте стерилизациядан өткен таза биполярлы миографиялық инелі электрод енгізіледі. Электромиограмма 5 мм/с жылдамдықта қағазға тіркеледі де, ол арқылы, көлденең жолақты бұлшық ет талшықтарының биоэлектрлік белсенділігінің жоғары нүктесі анықталады. Осы нүкте бойынша сыртқы сфинктердің орналасуын және сфинктер сақинасының орталығын анықтайды. операция кезінде, тері тілініп, анальдық канал қалыптастырылады.

Тоқ ішектің моторлық белсенділігін және ректоанальдық аймақтың функциялық жағдайын зерттеу. Проктологиялық науқастың ректоанальды аймағының және көлденең ішегінің функциональды жағдайын шынайы (объективті) бағалауда кешенді зерттеудің үлкен маңызы бар.

Сфинктерометрия – тік ішектің жапқыш аппаратының күшін анықтау.

Сфинктерометриядан басқа да, жақсы мәліметті, ректальдық аймақ функциялық зерттеу әдістері қолданылады. Арнайы емдеу орындарында және ғылыми орталықтарда қазіргі кезде ДИЗА-2100 (Дания) аппараты қолданылады. Ол үздіксіз профилометрияны өзіндік жиырылуды және тыныштықтағы ректоанальдық қысымды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тік ішектің жылжытушылық (моторлық) функциясын, бірлескен электромиография және монометрия арқылы бір мезгілде ішкі және сыртқы сфинктерлерді, анальдық рефлекстерді зерттеуге болады. Алынған мәліметтер аурудың патогенезін жақсы ұғынуға, емдеудің қажетті тәсілін таңдауға, органикалық және функциялық негізінде зақымдалуларды ажыратуға (дифференциялауға) мүмкіндік береді.

 Тік ішектің және сигма тәрізді ішектің моторлы әрекетін зерттеу баллонография немесе электромиография көмегімен жасалады.

Баллонография. Жұқа қабырғалы, бір немесе бірнеше резина баллонның орталық бөлігінде қауырсынды рычаг бекітілген. Ішектің жиырылуы кезіндегі қысымның өзгерісі тіреку жүйесіне беріліп жазылынып алынады. Оның ауалы, сулы және ауалы-сулы түрлері (модификациялары) бар.

 Баллондық және рентгенографиялық кешендерді қолдану, ішектің моторлық әрекетін зерттеуді жеңілдетеді.

Электромиография ішек қабырғасының бұлшық етінің электрлік потенциясының тербелісін тіркеуге негізделген. Биотоктың тіркелуі екі тәсілге бөлінеді:

1) ішек қуысына енгізілген электрод көмегімен биотокты зерттеу

2) алдыңғы құрсақ қабырғасынан биотокты зерттеу.

Тәжірибеде негізінен алғашқысы тиімді. Мысалы тексерістен (апробациядан) өткен бір тәсіл. Тоқ ішектің моторлық функциясын электромиографиялық зерттеу, анальдық тесіктен 10-15 см деңгейде сигма тәрізді ішектің шырышты қабатында моноэлектродты пайдалану арқылы іске асырылады. Зерттеу аш қарынға жүргізіледі. Алдын ала тоқ ішекті сифондық клизма жасау арқылы тазалайды.

Изоляцияланған, ұзын жұмсақ өткізгіштің төменгі бөлігінде, 1,0х1,8 см аудандық белсенді электрод орналастырылады. Электродты ректороманоскоп арқылы тоқ ішектің қуысына енгізеді. Ректороскоптың тубусын алып тастағаннан кейін екінші электрод –60х40 мм өлшемді изотоникалық натрий хлорид ерітіндісіне малынған қорғасынды пластина қосарланған төсеніш арқылы оң жақ санның ішкі жағына бекітіледі. Баланстанған қарсыласу «көріністері» қағаз лентада, қисық сызықты биоток ағымы түрінде тіркеледі. Лентаның қозғалыс жылдамдығы 1 см/мин. Тоқ ішектің биопотенциалын тіркеуге ең қолайлысы- микроампервольтметр н-373-3. Осы кезде екі шкаланы: 5 мВ 5 мм и 1 мВ в 4 мм-де қолданады. Сызықты ұзындығы бойынша бағаланады, ол уақыт бірлігі арасында курвиметрмен (10 минут) өлшенеді.

ЭМГ параметрін М.А.Собакина және М.А.Неверова (1965) әдісі бойынша бағалайды.

Электрод, ішек қабырғасының биопотенциалын тіркеуді 6-10 минуттан кейін бастайды. Микроампервольтметр тілінің жылжуын, ішек қабырғасының тегіс бұлшық етінің тонусының көрсеткіші ретінде бағалауға болады. Бұлшық ет тонусын өлшегеннен кейін микроампервольтметрді 15 мВ шкаласында ауыстырады. Ары қарай, 15-20 минут ішінде, бұлшық еттердің спонтанды ырғақтық қозғалысын тіркейді. Сонымен қатар, тері астына (жасына сәйкес дозада) прозеринді енгізіп, механорецепторларды тітіркендірулерге жауап ретінде моторлық қозғалысын зерттейді. Ол үшін ішек қуысына анальдық тесіктен 20-26 см тереңдікке дейін жұқа қабырғалы резина баллон енгізеді. Электрод 10 см тереңдікте орналастырады да, 35-40 мм с.б. дейін қысымды көтереді. Тітіркендіру орташа 10 минутқа созылады.

Сау балалардағы ЭМГ параметрі ІІІ.5. кестеде көрсетілген.

 

Кесте ІІІ.5

Сау балалардағы сигма тәрізді ішектің ЭМГ параметрінің

 сандық сипаттамасы

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 42; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.008 с.)