Сабақтың тақырыбы:       Кел, балалар, оқылық! 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сабақтың тақырыбы:       Кел, балалар, оқылық!

 

Мектеп:№8 орта мектеп

Сынып:2

Практикант:Шамел Арайлым

Сабақтың мақсаты: 1.Қазақтың даласына алғаш мектеп салып, білімнің жарық нұрын шашқан Ы.Алтынсаринның еңбектерімен таныстыра отырып, балаларды оқуға шақырған өлеңімен таныстыру;

2. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра отырып, ой-пікірлерін қорытындылап айту шеберліктерін дамыту

3.Білімнің адам өміріне пайдасы туралы түсінік бере отырып, оқуға деген құштарлықтарын ояту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап, т.б.

Көрнекілігі: Суреттер

Қосымша материалдар: мақал-мәтелдер жинағы, «Айгөлек» журналы

                                              Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларды 2-сыныптың «Ана тілі» оқулығы пәнімен таныстыру, оқулық авторларымен таныстыра отырып, оқулықтың бірінші бетіндегі шартты белгілерді есте сақтау керектігін түсіндіру.

- Бұл оқулықты неге ана тілі деп атаған? Біздің ана тіліміз қай тіл?

- Бүгін біз ана тілі оқулығының алғашқы тарауы – «Білім керек бәріне» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Осы тараудың атауы неліктен барлық адамға білім керек дейді. Білім бізге не үшін керек?

1. Жаңа сабақ:

- Балалар, біз 1-сыныпта өткен тақырыптарымызды еске түсірейік. Қазақ даласына алғаш мектеп ашқан ұлы ұстаз кім еді? (Ы.Алтынсарин). Ол кісі туралы не білеміз? (өз білгендерін ортаға салады)

2.  Суретпен жұмыс: Ыбырай Алтынсариннің суретін ілу, тірек сызба бойынша әңгімелету.

- Ұстаз атаның білімнің пайдасы туралы айтылған, балаларды оқуға шақырған қандай өлеңі бар еді?

- «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі бізге бұрыннан таныс. Бүгін біз бұл өлеңді еске түсіре отырып, өзіміз талдауға үйренеміз, яғни өлеңнің әр шумағын талдай отырып, тәрбиелік мәнін ашамыз.

3. Оқулықпен жұмыс:

а) Өлеңді оқушыларға шумақтап оқыту;

ә) Бөлімдерге бөліп оқыту;

б) Тауып оқыту; қайталанып тұрған өлең жолдарын тауып оқы; Құсты мысалға келтірген жерін тауып оқы; Балаларды оқуға шақырған жерін тауып оқы;



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 48; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)