Электрмен жабдықтау жүйелерінің сенімділігі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Электрмен жабдықтау жүйелерінің сенімділігі

Поиск

Тораптарға қойылатын негiзгi талаптар Тораптарға қойылатын бес негiзгi талаптарды бөлiп алуға болады: - жұмыс сенімділігі. Тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігі мәселесі тораптың түгелге дерлік элементтері уақыт ағынымен зақымдалуына байланысты туады. Зақымданулар найзағайлық қызметтің көтерілуінен, күшті желдің әсерінен, ауыр мұздардың түзілуінен және т.б. болады.

Техникалық оператордың электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөнінде электр энергиясы рыногындағы субъектілерге көрсететін қызметтері

5. Техникалық оператор атқаратын міндеттер шеңберінде Қазақстан Республикасы электр энергиясы рыногындағы субъектілерді электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөнінде мынандай қызмет көрсетеді:
1) Қазақстан БЭЖ электр жалғанымдарының тәсімдерін тұтастай және оның бөліктерін тиесілі маусымдық кезеңдерге таңдап алу;
2) тұтынушылардың электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ететін, электр жеткізудің сыңарлы желілерін салған және соларды пайдаланатын ұлттық электр торабының іс-қимылдағы электр желілерінің даярлығын қолдау;
3) Техникалық оператордың диспетчерлік орталықтары бақылайтын тораптың кернеуін реттеу және электр торабының бақылау нүктелеріндегі кернеу кестесін жасақтау;
4) ҚР БЭЖ-де технологиялық бұзылулардың алдын алу және шектеу жөніндегі шараларды жасақтау және жүзеге асыру;
5) ұлттық электр торабының өткізу қабілетін басқару;
6) жалпыжүйелік апатқа қарсы автоматиканы жасақтау және ендіру, релелік қорғаныш пен апатқа қарсы автоматикасы құрылғыларының пайдаланылуына бақылау жасау, олардың бапталу шамаларын келісу;
7) төтенше, зілзала құбылыстары немесе үшінші тұлғалар және т.с.с. әсерінің нәтижесінде болған апаттық зақымдануларды дереу шектеу және одан әрі жою;
8) Қазақстан БЭЖ-нің іргелес мемлекеттердің энергобірлестіктерімен қосарлы жұмыс жағдайында электр энергия ағындарын басқару.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.008 с.)