Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Дәріс 3. Ағынның негізгі гидравликалық элементтері. Қозғалыстың дифференциалдық теңдеуі.Содержание книги
Поиск на нашем сайте Дәріс жоспары: 1. Сұйық қозғалысының түрлері. Траектория, желі және тоқ түтігі, элементарлық ағынша. 2. Ағыстың негізгі гидравликалық элементтері: көлденең қима, орташа жылдамдық, гидравликалық радиус, сұйықтан периметрі, шығын. 3. Сұйықтар мен газдардың үзіліссіздік теңдеуі. 4. Идеал сұйықтар қозғалысының дифференциаль теңдеуі (Эйлер теңдеуі) және оларды интегралдау.
Сұйық қозғалыстарының түрлерін зерттей келе, жылдамдық пен қысымның кеңістік координаталарындағы бөлшек пен уақыттың жағдайына функциональды тәуелділігін орнатуға болады. Ағу шарттарына байланысты Сұйық қозғалысы қалыптасқан және қалыптаспаған болып бөлінеді. Қалыптасқан қозғалыс біркелкі жіне біркелкі емес, сондай-ақ тегеурінді және тегеурінсіз және баяуөзгеретін деп ажыратуға болады. Ішкі күштер әсерінен сұйықтың қозғалыс заңдылықтарын оқығанда, ағыстың ағыншалы құрылымы туралы түсінік пайда болады. Кез-келген ағын жеке, бір-бірімен өзара араласпайтын ағыншалардан ешқандай бос орын қалдырмай сұйықтың барлық көлемін толтырады деп болжанады. Сұйықтың кез-келген ағыны мынадай негізгі параметрлермен сипатталуы мүмкін: ағынның тірі қимасы Шығын деп бірлік уақытта тірі қима арқылы ағып өткен сұйық мөлшерін айтамыз. Шығын көлем, салмақ немес масса бірлігінде өлшенуі мүмкін. Осыған сәйкес шығындарды бөледі: көлемдік, салмақтық немесе массалық. Қалыптасқан қозғалыста қозғалыс жылдамдығының шамасы мен бағыты уақыт бойынша өзгермейді, сұйықтың қозғалысы тек кеңістіктің координаталарына ғана байланысты өзгереді және кез-келген нүктеде уақыт бойынша өзгермейді. Сұйық құбырмен қалыптасқан қозғалыста ақса, онда құбырдың әрбір көлденең қимасынан уақыт бірлігінде өткен сұйықтың мөлшері тұрақты болады, оны келесі теңдеу арқылы анықтаймыз
Өзін өзі тексеру сұрақтары. 1. Сұйықтың қалыптасқан және қалыптаспаған, бірқалыпты және бірқалыпты емес, ағынды және ағынды емес қозғалыстары дегеніміз не? 2. Сұйық бөлшегінің тракториясының тоқ желісінен айырмашылығы қандай? Траектория және тоқ желісі қай кезде бір – бірімен бірдей болады? 3. Тоқ түтікшесі дегеніміз не? Элементарлық ағынша? 4. Элементарлық ағынша негізгі қасиеттерін атаңыз. 5. Тоқтың негізгі қасиеттерін атаңыз, және олардың қысқаша сипаттамалары туралы не білесіз? 6. Орташа жылдамдық пен ағынның тірі қимасы арасындағы байланыс қандай? 7. Сұйық шығыны дегеніміз не? Көлемдік, салмақтық немесе массалық шығындар арасындағы өзара байланыс қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер: Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б. –43 – 51бет; Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: Жоғары мектеп, 1976. – 416 б. – 51 – 57бет.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 43; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.) |