Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Ортадан тепкіш компрессорға қойылатын талаптарСодержание книги
Поиск на нашем сайте Ортадан тепкіш компрессордың жұмыс тәртібін реттеу кезінде келесі талаптар орындалуы қажет: - компрессор орындықты жұмыс істеу кезінде үнемділікпен қысымның қажет мәндерін беру керек; - компрессор тұрақсыз жұмыс тәртібіне (помпажға) түспеуі қажет; Реттеудің үш түрі қолданылады: компрессордың кірісіндегі қысымның тұрақтылығын қамтамасыз ету; компрессордың шығысындағы қысымның тұрақтылығын қамтамасыз ету; өнімділіктің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Ортдан тепкіш компрессордың жұмыс тәртібін реттеу үшін мына шарттарды еске аламыз: 1. Компрессордың шығысындағы және кірісіндегі дросселдеу; 2. Айналымдық тізбекпен қайта жіберу (помпаждау); 3. Компрессордың айналу жиілігін өзгерту; 4. Жұмыс дөңгелегін кірістегі газ ағысының бағытын өзгерту. Компрессордың шығысындағы немесе кірісіндегі дросселдеу әдісін іске асыру үшін компрессордың шығысындағы немесе кірісіндегі құбыр өткізгіште орналасқан дросселдік бөгет, ашып жабу арматурасы қажетінше ашылады немесе жабылады (толық емес). Дросселдің әртүрлі жағдайда тұруы компрессордың әртүрлі сипаттамасын қамтамасыз етеді. Бұл әдісті қолдану кезінде шығысындағы пайда болған үлкен кедергілерді жеңу үшін қуат көп жұмсалатындықтан шығыстағы дросселдін әдісі үнемсіз деп есептелінеді. Сондықтан бұл әдіс басқа әдістермен біріктіріліп қолданылады. Компрессордың кірісіндегі дросселдеуді қолдану кезінде компрессордың кірісіндегі кедергінің өсуіне байланысты, газдың кірісістегі қысымы мен тығыздығы өзгереді. Осыған байланысты компрессордың шығысындағы қысым да өзгереді. Алдыңғы әдіспен салыстырғанда сорудағы дросселдеу кезінде тұрақты жұмыс аймағы өседі. Сондықтан осы әдіс алдыңғы әдіске қарағанда тиімді. Дросселдеу әдісі айналу жиілігі тұрақты болған жағдайда пайдаланады. Жұмыс дөңгелегінің кірісінде орналасқан бағыттаушы аппарат арқылы кірістегі газдың ағынын өзгертеді. Ол үшін қалақшасы бар шестернялар бекітіліп, тісті дискіні жұмыс дөңгелегінің айналу бағытына бағыттас етіп орнатады, онда газ қысымы төмендейді. Бұл жағдайда компрессордың тұрақты жұмыс аймағы төмен берілістер аймағына ауысады. Егер жұмыстық айналымына қарама қарсы (теріс айналым) айналдыратын болсақ, онда қысым жоғарылайды. Егер шестерняға бекітілген қалақшаның бұрылу бұрышы 900 кіші болса, онда қысым жоғарлайды және керісінше. Негізгі әдебиеттер: 1 нег. [181-212] Қосымша әдебиетер: 8 қос. [318-347] Бақылау сұрақтары:
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 58; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.) |