Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Компрессорлар және олардың түрлеріСодержание книги
Поиск на нашем сайте 10 Дәріс. Компрессорлар және олардың түрлері 10.1 Мұнай және газ өнеркәсібіндегі қолданылатын компрессорлар Бүгiнгi таңда, өндiрiстiң газ және басқада салаларының дамуы, елiмiздiң орталық аудандары мен алыс және өндiрiсте әлсiз игерiлген аймақтарынан табиғи газды тасмалдауда, құбырөткiзгiштер жүйесiнiң жұмыс iстеуi және пайдалануды болашақта жетiлдiруге тәуелдi болды. Магистральды газөткiзгiштердi пайдаланудың орнықты режимi, газ құбырлары бойымен газды тасымалдау және компремирлеудегi минимальды энергиялық шығын арқылы айдау қабiлеттiлiгiмен оларды максимальды қолдануды талап етеді. Әрбiр 100 – 150 км-де газ құбырлы трасса бойымен газдарды сығымдап ығыстыру үшін компрессорлы станцияларды орналастырады. Компрессорлы станция жұмысының орнықты режимi, станцияда орнатылған газ айдаушы агрегаттардың, олардың жұмысының технологиялық режимi мен энергетикалық көрсеткiштерiнiң саны мен түрiне байланысты болады. Қазiргi уақытта, компрессорлы станциядағы газ айдаушы агрегаттардың (ГАА) негiзгi түрi, газтурбинді қондырғы (ГТҚ), электрлi қозғалтқышты агрегаттары және поршендi газ маторлы компрессорлар болып табылады. Компрессордың қуаты мен ПӘК-і − компрессор қуаты бұл ішкі қуат пен механикалық үйкеліске кеткен қуаттың қосындысына тең, яғни NK газ бен жұмыс мүшелерінің арасындағы өзара байланыс; − механикалық ПӘК: − компрессордың білігіндегі қуат:
Компрессорлық машинаға компрессорлар, вентиляторлар және сораптар жатады. Бұл машиналардың бәрі газдың газды қысымды төмен аймақтан қысымы жоғары қысымда айдау үшін арналған (қысу дәрежесіне байланысты), компрессорда Вакуумдық сораптар атмосфералық қысымнан төмен ыдыстағы газды немесе буды сорып алу үшін арналған. ε −жоғары, бірақ соңғы қысым атмосфералық қысымға тең. Компрессорлар төмендегіше бөлінеді: 1) Соңғы қысымына байланысты: төмен қысымды (1 МПа дейін), орташа қысымды (10 МПа дейін), жоғары қысымды (100 МПа дейін), өте жоғары қысымды (100 МПа жоғары), 2) Айдалынатын газдың түріне байланысты: ауалық, көміртекті, аммиакты, табиғи газға арналған. 3) Пайдалану шартына байланысты: стационарлы және жылжымалы. 4) Суыту жүйесіне байланысты: ауа арқылы суыту; ішкі суыту (сумен), сыртқы суыту; шашырату арқылы суыту. Ортадан тепкіш компрессорлардың жұмыс істеу принципі және құрылымы ортадан тепкіш сораптарға ұқсас, бірақ айдау ортасының сығылуына байланысты ерекшеліктері бар және айналым жиілігі жоғары (он шақты мың айн/мин). Олар бір және көп сатылы болып бөлінеді. Бір сатылы компрессорлардың сұлбасы 18-суретте көрсетілген. Қалақшаның шығаберісіндегі бұрышы βгл кішігірім болса, спираль тәрізді камералы (улиткалы) қарапайым а сұлбасы қабылданған. Егер βгл бұрышы үлкен (>400), болса, онда компрессорлар бағыттаушы аппаратты болып келеді, оларды диффузорлы деп те атайды (б,в,г). Жартылай ашық жұмыстық дөңгелектер (в,г) жоғары шеңберлі жылдамдыққа ие (500 м/с). Жұмыс дөңгелектер в сұлбаға радиальді осьті, г сұлбалардағы-диагональды. Ортадан тепкiш айдағыш табиғи газды сығу және магистралды газ құбырлармен тасымалдауды көп қолданылады. Ортадан тепкiш айдағыштың жұмыстық доңғалағын жоғарғы сапалы болаттан жасайды. Ортадан тепкiш айдағыштың роторы жиналғыш, негiзгi дөңгелегi бар, онда спираль типтi қалақшалар пiсiріліп мен жапсырылған қалақшалар покрышкасымен жабылған. Барлық дөңгелектер бiлiкке берiк отырғызылған және шпонкамен бекiтiлген. Әрбiр ротор керектi дөңгелек санымен, тiрек подшипниктер мойыншасымен, берiк подшипниктер астына берiк дискi, жылжу бiлiктi реле дискi, арнайы кертпеш және нығыздау астына және КТ роторымен байланысу үшiн жарты муфтадан тұрады.
18-Сурет.Бірсатылы қалақшалы компрессор
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 60; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.) |