Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
азақстан халық банкі» АҚ-ның қаржы-шаруашылық жағдайын және банк аралық есеп айырысуын талдауСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Мазмұны
Кіріспе 1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның даму тарихы және Жамбыл облысы филиалының қызметіне сипаттама
3. 3.1 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ–ның активті және пассивті операциясын талдау 3.2 «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның несие портфеліне баға беру 32 3.3 Банктің таза пайыздық табысын талдау 4. «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның қызметін дамыту жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Қазақстанда банктік жүйе экономикалық үрдісте қайта құрылуда маңызды рөл ойнайды. Коммерциялық банктердің қолында қаржылық, инвестициялық, өндірістік және басқада көптеген экономикалық салаларға әсер ететін тетіктер бар. Коммерциялық банктердің өз қызметінің жүзеге асыруы сәйкесінше қажеттіліктер мен және мемлекеттің экономикалық мақсатының тәуелдігі, оларды басқарумен байланысты. Банктің қызметінің арасындағы теориялық және тәжірибелік мәселелерінде – табысты, шығындар мен қаржылық нәтижелерді қалыптастыру және олармен басқару. Оның мазмұнының құрылуы, коммерциялық банктердің тиімді жұмыс істеуі белгіленген шартында және жетіспеген мәліметтерді орналастыру барлық қолжеткізген инвестициялық қаражаттар құрылуы негізінде, максималды табысты қамтамасыз етеді. Коммерциялық банктердің оңтайлы өтімділігі ішкі және сыртқы шектеу есепке алынуы [1]. Банктің тұрақты және ырғақтылық табыстарының өсуі банктің мамандандырылған басқару нәтижесі болып табылады және керісінше активтер операцияларының басқаруының төмендеуі табыстар өсімімен көрсетіледі. Банктің барлық алынған табыстары талдануы және реттелуі керек. Ең алдымен, несиенің дамыған банкаралық бәсеке және банк жүйесінде жиналған қаражаттарды тез әрі тиімді қайта бөлу арқылы, нақты экономикаға тиімді орналастыруға көмектеседі. Нәтижесінде банкаралық бәсекенің ұлғаюына және жалпы көлеміне әсер етеді, сонымен қатар экономика үшін және экономикалық өсуге жету үшін өте маңызды. Банкаралық бәсекелестік кез-келген қазіргі заманғы банк жүйесінің негізі бола отырып, банктерге қажетті ресурстарды қолдануды, мәмілелер көлемінің өсуіне көмектеседі және қосымша резервтерді ұстау қажеттілігін төмендетіп, банктерге тиімді және аз шығынмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жақсы жұмыс істеп тұрған банкаралық бәсекелестік банктер жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар нарықтық тұрақсыздықтың байқалуын тежейді. Алайда жақсы жұмыс істеп тұрған банкарлық нарық өтімді ресурстарға болжанбаған қажеттілігінен пайда болатын тұрақсыздықтарды тежеп, банк секторының болжанбаған дағдарыстарға қатысты тұрақтылығын, орнықтылығын қатамасыз етеді. Несиенің банкаралық нарығы - көптеген басқа нарықтарды өзіне жатқызатын, қаржы жүйесі құраушысының бірі ғана. Олардың арасында банкаралық корреспонденттік қатынас несие нарығымен ең тығыз байланысты болып мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы табылады. Яғни, несиенің банкаралық корреспонденттік қатынас нарығын, оның жұмысының ортасын құрайтын басқа қаржы нарықтарымен тығыз байланыста қарастыру керек. Берілген жұмыстың тақырыбы өзекті және іс жүзінде мағыналы екенін атап айтуға болады.
1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның даму тарихы және Жамбыл облысы филиалының қызметіне сипаттама Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендіккке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды — дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды. 1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жария етілген соң бір жылдан кейін, 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды. 1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым — «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды. Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді. 1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы нарығындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді. 1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамына айналдырылды. Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді. 2001 жылдың қараша айында өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33 пайыз + бір акцияның бақылау пакетін сатты. Осы уақыттан бастап Қазақстан Халық Банкі еліміздегі ірі әмбебап әрі жетекші коммерциялық банктердің бірі болып келеді. 90 жылдан астам өз клиенттеріне қалтқысыз қызмет етіп, сенімді қаржылық мекемеге айналып отыр. «Қазақстанның Халық банкі» АҚ – республикадағы ірі әмбебап коммерциялық банктердің бірі. Нарықта 90 жыл жұмыс істеп келе жатқан банк еліміздің қаржы нарығындағы ең бір сенімді де әртараптандырылған қаржы институттарының бірі болып табылады. Халық банкі ең ірі филиалды торапқа ие: қазір халыққа ел көлемінде 600-ге жуық бөлімшесі қызметін ұсынып отыр. Банк 6 миллион жеке тұлға мен 72 мың шағын және орта бизнес субъектісіне және 300-ден астам ірі корпоративті клиентке оңтайлы да сенімді қызмет көрсетіп келеді. 2001 жылы Халық банкте өткізілген жекешелендіру бизнесті қайта құруға мүмкіндік берді, өз клиенттеріне барынша көп сапалы қызметтерді көрсетуге мүмкіндікке ие болды. Банк Visa International, MasterCard International, China Union Pay төлем жүйелерінің карточкаларын шығарады және қазақстандық төлем карточкалары нарығында сөзсіз көшбасшы болып қалады. Банктің айналымдағы карточкаларының жалпы саны 3,9 млн. бірліктен асты, ол деген Қазақстанда төлем карточкалар пайдаланушылардың 40% құрайды. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Агентігімен 2008 жылы 6 тамызда № 10 құнды қағаздар нарығында банк операцияларын және тағы басқа опрерацияларын және қызметтерін жүргізу үшін лицензия берілген. Халық банкінің филиалдары Қазақстан банкаралық орталығымен және Алматы клиринг палатасымен тікелей байланысқа шыға отырып, терминалдар жүйесі арқылы банкаралық аударымдарды жүзеге асырады. Банк – сонымен бірге қор нарығына белсенді қатысушылардың бірі болып табылады. Филиал «Казақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамынан (бұдан әрі – Банк) тыс жерде орналасқан, осы Ережемен және уәкілетті орган берген лицензиясымен белгіленген шеңберде Банктің атына операцияларды (қызмет түрлерін) жүзеге асыратын Банктің оқшауланған бөлімшесі болып табылады. Банктің атауы: толық: «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамы; қысқаша: «Қазақстан Халық банкі» АҚ. Филиалдың атауы: толық: «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамының № 209900 Жамбыл облыстық филиалы; қысқаша: «Қазақстан Халық банкі» АҚ № 209900 Жамбыл облыстық филиалы. Банктің мемлекеттік тіркеуден өту туралы мәліметтері: Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігінің Тіркеу қызметі жөніндегі комитеті 2003 жылдың 12 қарашасында берген заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы № 3898 – 1900 – АО куәлік. Филиал заңды тұлға болып табылмайды. Филиал Банктің мүлкін пайдаланады. Филиалдың атауына Банктің толық атауы кіреді. Филиалдың мөрі, мөртабандары, бланктері, эмблемалары және өз атауында басқа да деректемелері бар. Филиал деректемелері Банктің бір немесе бірнеше жұмыс тілдерінде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ресімделеді. Филаиалға алты мәнді нөмір беріледі, мұндағы: 1) алғашқы екі сан Филиалдың өңірге жататындығын білдіреді: № 209900; 2) келесі төрт сан Филиалдың сәйкестендірмелік нөмірін білдіреді: № 209900. Филиал осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген қызмет мәніне байланысты шешімдерді қабылдағанда мемлекеттік органдарға, оның ішінде жергілікті өкілдік және атқарушы органдарына тәуелсіз. Филиал өз қызметінде: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде уәкілетті мемлекет органның нормативтік-құқықтық актілерін; 2) Банктің Жарғысын, Банктің ішкі ережелерін, осы Ережені, Банк органдары мен басшы қызметкерлерінің шешімдерін басшылыққа алады. Филиалдың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жамбыл қ., Қазыбек би, 5. Банктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 480046, Алматы қ. Розыбакиев көшесі., 97. Филиал қызметінің мақсаты. Филиал қызметінің мәні. 1. Филиал қызметінің мақсаты Банк атынан таза табыс табу (түсіруге) бағытталған операцияларды (қызмет түрлерін) жүзеге асыру болып табылады. 2. Банк уәкілеттік мемлекеттік органның (органдарды) лицензиясы болған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнама актілерінде қарастырылған, банк қызметіне жататын мынадай операцияларды (қызмет түрлерін) жүзеге асырады. - банктік операциялар және бағала қағаздар рыногында кәсіптік қызметке жатпайтын өзге операциялар; - бағалы қағаз рыногындағы кәсіптік қызмет. Осы тармақтың бірінші бөлімінде көрсетілген қызметтен басқа Банк кәсіптік қызмет ретінде операциялар мен мәліметтерді жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде қарастырылған жағдайлар мен талаптар негізінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысады. Банк банктік операцияларды былайшы жүзеге асырады: - ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, тек шетел валютасымен банк операциясын жүргізу үшін уәкілетті мемлекеттік органның (органдардың) лицензиясы болуға тиіс; - электрондық тәсілмен; Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда, тәртіппен және талаптармен. Филиал қызметінің мәні төмендегідей: 1) банктік оперециялар мен бағалы қағаздар рыногындағы кәсіптік қызметке жатпайтын басқа операцияларды Банк лицензиясы (лицензиялары) шегінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Банктік ішкі ережелерінде филиал үшін белгіленген талаптараға сәйкес жүзеге асыру: - депозиттер қабылдау, заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу; - депозиттер қабылдау, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу; - банк операцияларының жекелеген түрлерін іске асыратын банктер мен ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу; - жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға металл шоттарын ашу және жүргізу, бұл шоттарда аталған тұлғаларға тиесілі тазартылған қымбат қағалы металлдардың нақты саны көрсетіледі; - кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау, сұрыптау, орау және сақтау; - аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақша аударуға байланысты тапсырмаларын орындау; - қарыз операциялары: ақылы, мерзімдік және қайтару талаптарымен ақшалай кредит беру; - жеке және заңды тұлғалардың (корреспондент – банктерден басқасы) тапсыруымен олардың банк шоттары бойынша есеп айырысуды жүргізу; - сенімділік операциялары: сенім білдірушінің мүддесі үшін және тапсырмасымен ақшаны, ипотекалық қарыздар бойынша талап құқығын және тазартылған қымбат бағалы метердарды басқару; - сейфтік операциялар: құжаттық нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын (сейф жәшіктерін, шкафтарын және үйжайларды жалға беруді қоса алғандығы) сақтау қызметі; - ломбарттық операциялар: депозиттегі оңай өткізілетін бағалы қағаздар және өзге жылжымалы мүлік кепілдігімен қысқа мерзімдік кредиттер беру; - төлем карточкаларын шығару; - банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау және жіберу; - шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыру; - төлем құжаттарын (вексельдерден басқасы) инкассаға қабылдау; - чек кітапшаларын шығару; - аккредитив ашу (шығару) және оны растау, аккредитивтік міндеттемелерді орындау; - ақшалай нысанмен орындауды қарастыратын банк кепілдемелерін беру; - үшінші бір тұлғалар үшін ақшалай нысанмен орындауды қарастыратын банк кепілдігін немесе өзге міндеттемелер беру; - құрамында қымбат металлдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілдікке қабылдау, есепке алу, сақтау және сату; - факторинктік операциялар: төленбеу тәуекелін қабылдай отырып, тауар (жұмыс, қызмет) сатып алушыдан төлем талабы құқығын сатып алу; - форфейтингтік операциялар: вексельді сатушының айналымына түсірмеу арқылы тауар (жұмыс, қызмет) сатушының борышкерлік міндеттемелеріне ақы төлеу. 2. Кәсіпкерлік қызметі (осы тармақтың 1-тармақшасында аталған операциялармен қатар) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Банктің ішкі ережелерімен және (немесе) Банк органдары мен (немесе) басшы қызметкерлерінің (Банктің өзге қызметкерлерінің) шешімдерімен, Банк бекіткен шарттарымен (келісімдерімен) қарастырылған талаптарға сәйкес жүзеге асыру. Филиалға Қазақстан Республикасының заңнамалык актілерімен екінші деңгейлі банктерге рұқсат етілген бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметтің барлық түрімен де айналысуға тиым салынады. Филиал тек Банктың уәкілетті органы бекіткен бюджет шеңберінде және Банк филиал қызметінің мәніне жатқызған операциялады (қызмет түрлерін) ғана жүзеге асырады. Жарғының тармағына сәйкес операцияларды (қызмет түрлерін) жүзеге асырғанда Филиал: - Банктің жалпы даму тұжырымдамасы шеңберінде Филиал қызметінің стратегиясын анықтайды; - Филиал қызметі туралы қаржылық (және өзге) ақпаратты шоғырландырады (қорытындылайды) және өңдейді; - Банктің ішкі құжаттары мен ішкі ережелеріне сәйкес тиісті аудандық филиалдар мен есеп айырысу – касса бөлімдерінің (жинақ кассаларының) қызметін үйлестіреді; - жергілікті өкілдік және атқарушы органдармен, орталық органдардың аумақтық бөлімшелерімен жұмыс байланысын орнатады; - клиенттерді іздестіреді, Банк қызметінің жарнамасы бойынша жұмысты ұйымдастырады, клиенттерге қызмет көрсетуді жетілдіру шараларын жүргізеді; - проблемалық қарыздарды және басқа да қаржы құралдарын өтеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; - қарызгерлердің кепілдік мүлкінің сатылу ретіне қарай Банкке тиісті құжаттарды ұсынып отырады; - айырбасталатын ақшаның қозғалысына, ақшасыз және қолма-қол шетел валютасымен жүргізілетін жұмысқа бақылау жүргізіледі; - кадрды іріктеу, орналастыру, қызметкердің тапсырылған жұмысқа жауапкершілік дәрежесін анықтау шараларын жүзеге асырады; - Филиалдың құрылымдық бөлімшелерін тексеруді және тиісті шешімдер қабылдай отырып, тексеру материалдарын дер кезінде және қарастыруды ұйымдастырады; - Филиал қызметін тексеру барысында анықталған кемшіліктеді жояды / тексеру барасында Филиал қызметінен табылған кемшіліктерді жою, келтірілген шығынды толық әрі уақытында өндіру жұмысына бақылау жасайды; - Банктің ішкі құжаттары мен ішкі ережелеріне сәйкес бюджеттік рәсімдерге қатысады, оның ішінде Банкке филиалдың болжамды табыстыры мен шығыстарынан, алдағы кезеңнін бақылау көрсеткіштерінен тұратын филиал бюджетінің жобасын ұсынады; - Банктің ішкі ережелерімен, Директорлар кеңесінің және Банк Басқармасының шешімімен өзіне жүктелген және осы Ережелерден туындайтын өзге де функцияларды орындайды. - Филиал Жарғыға сәйкес, Банктің ішкі ережелері, осы Ереже және (немесе) Банктің органдары мен (немесе) басшы қызметкерлерінің шешімдері белгілеген тәртіп пен талаптарға сай операцияларды (қызмет түрлерін) жүзеге асырған кезде Филиалдың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етумен байланысты шаруашылық шарттарын бекітуге, өзгертуге және бұзуға құқылы. - жергілікті өкілдік және атқарушы органдармен, орталық органдардың аумақтық бөлімшелерімен жұмыс байланысын орнатады; - Филиал өзінің қызметін Банк мүддесі негізінде жүзеге асырады. Филиалдың Банктің ішкі ережелерінде қарастырылмаған, Директорлар кеңесі мен Банк Басқармасы жүктемеген, осы Ережеде белгіленбеген функцияларды атқаруына жол берілмейді, сондай-ақ Филиал қызметкерлерінің өздеріне берілген сенімхат өкілеттігінен тысқары әрекет етуіне жол берілмейді. Филиалды басқару Филиал қызметін Филиал директоры басқарады. Филиал директорының Банк атынан әрекет ету және Банк мүддесін білдіру өкілеттіктері Банк Басқармасының Төрағасы Банк атынан беретін сенімхатта белгіленген. Филиал директорының өз өкілеттіктерін басқа тұлғаларға, оның ішінде Филиал қызметкерларіне қайта сеніп тапсыруы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және осындай құқық Филиал директорына берілген сенімхатта атап көрсетілгенде ғана жүзеге асырылады. Банктің Филиалды басқару құдіретіне мыналар кіреді: - Филиалды дамытудың біріңғай саясатын, оның ішінде автоматтандырылған банк жүйесі мен телекоммуникацияны анықтау; - Филиалға банктік және бағалы қағаздар рыногында кәсіптік қызметке жатпайтын басқа операцияларды (Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген кәсіпкерлік қызмет) жүзеге асыруға байланысты мәселелерді ұйымдастыру– әдістемелік көмек көрсету; - Филиалға банктік және бағалы қағаздар рыногында кәсіптік қызметке жатпайтын басқа операцияларды (Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген кәсіпкерлік қызмет) жүзеге асыруға байланысты мәселелерде кеңес беру; - Банк Жарғысында және Банктің ішкі құжаттары мен ішкі ережелерінде белгіленген міндеттерді шешу, оның ішінде: - Филиалға банк қызметтерін енгізу және Банктің жоғарғы беделіне нұқсан келтірмеу; - жергілікті өкілдік және атқарушы органдармен, орталық органдардың аумақтық бөлімшелерімен жұмыс байланысын орнатады; - Филиал қызметінің нәтижелеріне мониторинг жасау және бағалау; - Филиалдың қаржылық және қаржылық емес міндеттерін анықтау; - Филиалдың экономикалык бағдарларын (мақсаттық көрсеткіштерін) анықтау және олардың орындалуына бақылау жасау; - Филиалдың құрылымын, штат санының лимитін және еңбекақы төлеу қорын анықтау; - Филиалға жаңа банк өнімдерін әзірлеуде және енгізуде көмек беру; - Филиал қызметін жаңғыруға байланысты шығындарды анықтау және бағалу; - Банктің ұзақ мерзімді стратегиялық дамуына байланысты Филиалды ашудың (жабудың техникалық–экономикалық негіздемесін жүргізу, Филиал қызметінің рентабельділігін) тиімділігін зерттеу; - Филиал қызметінің мәнін анықтау: Банк филиалға барлық операцияларлы немесе жекелеген операция түрлерін (қызмет түрлерін) жүргізу құқығын бере алады; - Филиалға барлық операцияларды немесе жекелеген операция түрлерін (қызмет түрлерін) жүргізуге тыйым салу, оның ішінде, егер Филиалда жүргізілген тексеру нәтижесінде Филиалдың Қазақстан Республикасы мен заңнамасының, Банктің ішкі ережелері мен ішкі құжаттарын, осы Ереженің талаптарын, сотпен мемлекеттік органдардың шешімдерін орындамағаны анықталса. Филиал мен Банктің өзара қарым-қатынасы Филиалдың Банкке толық бағыныштылығы негізінде жүзеге асырылады. Филиалдың директоры мен бас бухгалтері Банктің уәкілетті қызметкерінің бұйрықтарымен тағайындалады, бұл лауазымдарға кандидатуралар міндетті түрді уәкілетті мемлекеттік органда келісіледі. Филиал директоры Банктің ішкі құжаттары мен ішкі ережелеріне және Банктің басшы қызметкерлерінің шешімдеріне сәйкес: 1) Филиалға тікелей басшылық жасайды және оның қызметінің тиімді болуын қамтамасыз етеді; 2) Филиал жұмысының жай-күйі үшін дербес жауапкершілік арқалайды, өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) салдарынан Банк шеккен шығынды өтейді; 3) Филиал қызметінің мәселелері бойынша өкім құжаттарын, оның ішінде бұйрықтар шығарады. Филиал директорының Банктің ішкі ережелеріне сәйкес және (немесе) сенімхатпен берілген өкілеттік шеңберіндегі өкімдік құжаттарын Филиалдың барлық қызметкерлері міндетті түрде орындауға тиіс; 4) Филиалдың қызметі туралы есептеменің уақытында ұсынылуына; Филиал қызметіне қатысты, оның ішінде Филиал жүзеге асыратын операцияларға (қызмет түрлеріне) қатысты акционерлердің жалпы жиналысының, Директорлар кеңесі мен Банк Басқармасының, Банктің жекелеген басшы қызметкерлерінің шешімдерінің орындалуына (оның ішінде орындалу мерзіміне) бақылау жасайды; 5) Банктің Филиалға берген кредит ресурстарының лимитін орналастыру жөніндегі мәселені қарастырады, қарызгердің сенімділігі мен кредит қабілеттілігін анықтау туралы жұмысқа бақылау жасайды; 6) берілетін кредитін дер кезінде қайтарылмағаны үшін дербес жауапкешілік алады; 7) заңды тұлғалардың – Қазақстан Республикасы резиденттерінің пайдасына банктік кепілдіктер береді; 8) уәкілеттік банктерге және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолма-қол шетел валютасын сату бойынша жүргізілетін операцияларды үйлестіреді; 9) мемлекеттік органдарда, оның ішінде құқық қорғау, мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарда өз өкілдігін жүзеге асырады; 10) сотта қуынушы және жауапкер ретінде Банк мүддесін көрсетеді, сондай-ақ істерін аралық сотқа және соған ұқсас басқа да соттарға беруге, қуыным талаптарынан толық немесе ішінара бас тартуға, қуынымдарды мойындауға, қуыным мәнін өзгертуге, бітімгершілік келісімдерін бекітуге, өкілеттігін басқа тұлғаларға беруге (қайта сенім білдіру), сот қаулысына қатысты шағымдануына, атқарушы қағаздарын өндіруге ұсынуға, берілген мүлікті, оның ішінде ақшаны алуға құқы бар; 11) өзіне сеніп тапсырылған мүлік пен ақшаны заңды және тиімді пайдалануды, олардың сақталуын қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырады; 12) бухгалтерлік және статистикалық есептің дұрыс ұйымдастырылуына, қаржылық және статистикалық есептеменің жұмысына бақылау жүргізеді, белгіленген тәртіпке сай Банк алдында есеп береді; 13) тиісті еңбек жағдайын жасау шараларын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Банктің ішкі ережелеріне сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды; 14) жұмыстан шығарады, оларға ынталандыру шараларын, сондай-ақ тәртіптік іс-шаралар қолданады; 15) шарттарды, оның ішінде жеке еңбек шарттарын, шаруашылық шарттарын, клиенттерге қызмет көрсету шарттарын бекітеді, өзгертеді және бұзады; 16) есебі қатаң жүргізілетін бланктерді, мөрлерді, мөртаңбаларды сақтау мен пайдаланудың белгіленген тәртібінің орындалуын, іс жүргізуді дұрыс ұйымдастыруды және мұрағат құжаттарын сақтауды қамтамасыз етеді; 17) клиенттер мен контрагенттердің хаттарын, өтініштері мен шағымдарын уақытында және сапалы қарастыруды қамтамасыз етеді; 18) Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Банктің ішкі ережелерін дұрыс қолдануды қамтамасыз етеді; 19) Банктің қарауына Филиалдың ұйымдық құрылымын Банк бекіткен штат санының лимиті шегіне және санының лимитінен тыс өзгерту жөнінде мәселелерді ұсынады; 20) филиалда банктік, коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын құпияның сақталуына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Банктің ішкі ережелеріннің сақталуына дербес жауапкершілік арқалайды; 21) Жарғыда көрсетілген мақсатқа қолжеткізу үшін және Жарғыға сәйкес операцияларды (қызмет түрлерін) орындау үшін қажетті өзге де функцияларды жүзеге асырады. Филиалға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін онда Филиал Кеңесі құрылады. Ол Филиал Кеңесінің мәртебесін реттейтін банктің ішкі ережелерінің талаптарына сәйкес құрылады. Филиал Кеңесі өзінің осы Ереже мен Филиал Кеңесінің мәртебесін реттейтін Банктің ішкі ережелері негізінде жүзеге асырады. 2. Қазақстанда банкаралық бәсеке және оның банк қызметтерінің сапасын көтерудегі әсерінің жағдайы
2.1 Банкаралық бәсекеұғымы және маңызы Банктер әріптес-банктердің қызметін олардың рейтингі бойынша бағалай алады. Рейтинг негізінде коммерциялық банктерді белгілерінің кемуіне байланысты топтастыруға мүмкіндік беретін осы белгілері бойынша жалпыланған сипаттама жатыр. Рейтингтер банктің есеп беру мәліметтерін талдау мен жұмыс орнында тікелей тексеру мәліметтері негізінде құрастырылуы мүмкін. Мұндай рейтингтер баспасөз бетінде жарияланбайды. Мысалы, ҚР Ұлттық банкі банктерді олардың қаржылық жағдайына байланысты түрлі топтарға жіктейді, бірақ бұл мәліметтер құпия болып саналады да, тек банкке және банк иелеріне беріледі. Тәуелсіз рейтингтік агенттіктермен жасалатын рейтингтер баспасөз бетінде жарияланған банктің ресми есеп беру мәліметтерін зерттеуге негізделеді. Мұндай әдісті мамандар (банк, биржа, аудиторлық фирмалар мамандары) да, маман еместер (салымшылар, акционерлер) де қолданады. Жарияланған рейтингтер банктерге алдағы уақытта корреспонденттік қатынас орнатылатын, банкаралық корреспонденттік қатынас несие нарығында мәміле жасалатын банк-контрагенттердің қаржылық жағдайы туралы қосымша ақпарат алуға көмектеседі. Көптеген банктер өз штатында жоғары маманданған сараптаушыларды ұстайды, сол себептен қабылданған ақпаратты тиімді пайдалана алады[2]. Банктердің өздері қысқа мерзімді капиталды банкаралық корреспонденттік қатынас несие нарығында тартады. Бұл тектес несиенің бағасының нысанасы ретінде Лондон банкаралық корреспонденттік қатынас нарығының (LIBOR) ұсыныс қойылымы қызмет етеді. Сәйкес қойылымдар: EURIBOR – 50 ірі еуропалық банктердің банкаралық корреспонденттік қатынас депозиттері бойынша орташа пайыздық қойылым, MIBOR –ресейлік банкаралық корреспонденттік қатынас несие нарығы, KIBOR–украйналық нарық. Сонымен қатар, тартудың (сұраныстың) банкаралық корреспонденттік қатынас қойылымдарын несиелік ресурстарға және несие ұсынудың іс-жүзіндегі қойылымына бөледі. Қазақстандық банктер несиені шет елдерден тартқан жағдайда, олар LIBOR қойылымдарын қолданады. Банкаралық корреспонденттік қатынас нарық ( Interbank market) – қарыз капиталдар нарығының бөлігі, мұнда несиелік мекемелердің уақытша бос ақша ресурстары көбінесе қысқа мерзімді депозит түрінде өзара банктермен тартылып, орналастырылады. Банкаралық корреспонденттік қатынас несие нарығын экономисттер құрамына тнңгелік және валюталық несиелер, соның ішінде қысқа мерзімді және өте қысқа, бойынша операциялар кіретін банкаралық корреспонденттік қатынас қаржы нарығының шешуші секторы деп атайды. Әлемдік қаржы жүйесінде банкаралық корреспонденттік қатынас несие нерығының қойылымдарын ажыратады. Дамыған елдердің банкаралық корреспонденттік қатынас несие нарығының келесі қойылымдары белгілі: LIBOR – Лондондық банкаралық корреспонденттік қатынас депозит нарығының ұсыныс қойылымы (1, 3, 6 айға және 1 жылға берілетін қарыздар). Соңғы жылдарда 6-7 % деңгейде сақталып тұр, халықаралық қаржы нарықтары үшін негіз болып табылады. FIBOR- Майндағы Франкфуркттегі қор биржасының қойылымы; PIBOR – Париждік банкаралық корреспонденттік қатынас нарықтың қойылымы және т.б. Мәскеудегі банкаралық корреспонденттік қатынас нарықта келесі қойылымдар қолданыста: МИБОР – қысқа мерзімді қарыздар орналастыру; МИБИД, ИНСТАР- несиелік ресурстарды тарту. Пайыздық қойылымдардың өзгеруі туралы ақпарат үнемі баспаға шығып отырады. Несие бойынша пайыздық қойылымды анықтау. Төленетін сомманың көлемін (өсірілген) қарапайым пайыз қойылымын қолдану арқылы анықтау:
Z = K + V = K + m’ y’ K / 100 = K ( 1+ m’ y / 100) ;(1)
Мұндағы Z-несиенің өсірілген соммасы К –берілген қарыздың көлемі; V – m жылға төленген пайыздық ақшаның соммасы, ( егер m <1 болса, күнмен есептелген несие мерзімін 360-қа бөлу керек), y(%)–пайыздың жылдық қой ылымы; m- пайыздар төленетін мерзім. LIBOR – негіздік қойылымы- бұл банкаралық корреспонденттік қатынас нарықтағы депозиттер үшін әлемдік валютамен (доллармен, евромен, швейцарлық франкпен) берілген ұсыныс қойылымы, пайыз есептеудің әрбір кезеңі үшін есептеу Кезеңінің бірінші күнінде (немесе бастапқы есептеу кезеңі кезіндегі пайыздық төлем күніне не пайыз есептеудің осындай кезеңінің күнінде, не болмаса пайыздық есептеудің бірінші күнінің алдында болатын келесі күнінде) бағаланады және банкпен негізді анықталынып, жылдық пайыздар ретінде көрсетіледі [4]. Банк қарыз алушыны, пайыз есептеудің әрбір кезеңі үшін анықталынатын LIBOR негіздік қойылымы және LIBOR жиынтық спрэды туралы хабардар етеді. «LIBOR» жиынтық спэды – пайыздарды есептеудің әрбір кезеңі үшін: (а) бір пайыздың жартысы (%-дан ½); (b) теріс (немесе оң) пайыздарды есептеу кезеңі үшін орташа маржасы, Банктің төленбеген қарыз қаражаттарына немесе бір валюталы несиелерді, Банкпен негізді анықталатын және жылдық пайыздар ретінде көрсетілетін несие бөліктерін қаржыландыруға Банкпен бөлінген қарыз қаражаттарының бөлігіне қатысты алты айлық депозиттері бойынша қойылымдарынан немесе Лондондық банкаралық корреспонденттік қатынас ұсыныс қойылымынан төмен (немесе жоғары). Қысқа мерзімді ресурстардың банкаралық корреспонденттік қатынас нарығындағы тұрақтылық пайыздық қойылымдар шегін ұстап тұрумен анықталынады. Іс жүзінде бұл Ұлттық банктің белгілі бір шарттармен немесе белгілі бір қойылымдармен «overnight» несиелерін береді немесе қабылдауымен асырылады. Шектің жоғарғы жағы репо мәмілелерімен қамтамасыз етіліп, ал төменгі шекарасы біркүнгі депозиттер бойынша Ұлттық банк қойылымдарымен қамтамасыз етіледі [3]. Банкаралық корреспонденттік қатынас несие нарығының қатысушыларының құрамына қаржылық жағдайдың өзгеруіне байланысты өзінің операцияларын үнемі жүргізбейтін банктер кіріді. Банкаралық корреспонденттік қатынас несие нарығының ең белсенді операторлары-өз атынан және өз есебінен әрекет ететін диллер-банктер, олар қарыз алушы немесе кредитор ретінде болуы мүмкін. Олардың табысы-пайыздық маржа, яғни қаражаттарды орналастыру мен тарту қойылымдарының арасындағы айырмашылық. Оперативті жүйелерді, мысалы REUTERS DEALING 2000, қолдану мәмілелерді оперативті жасаудың техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді: банктер стандартты ақпаратты (ағымдағы бағамдар, шарттар, басқа да анықтамалық деректер), сонымен қатар мәмілелерді жасаудың белгілі бір құралдарды алады. Оперативті жүйелерді пайдаланудан түскен табыс есептеуге қатысушылардың абоненттік және коммисиондық төлемдерден құралады. Коммерциялық банк басқа банктің несиесін тікелей немесе делдал (басқа банк, қор биржасы, брокерлік кеңсе) арқылы алуы мүмкін. Банкаралық корреспонденттік қатынас несие-қымбат несиелік ресурс, бірақ депозиттерге қарағанда, оларға резервті талаптар қойылмайды, сондықтан банкке алынған банкаралық корреспонденттік қатынас несиенің соммасын толығымен табысты салымдар үшін қолдануға болады. Несиелік ресурстардың бағасы – NIBK нарығындағы несие бойынша пайыздық қойылым-ұсыныс пен сұраныс әсерінен қалыптасады. ТМД-дағы Банкаралық корреспонденттік қатынас несие жағдайы туралы төменде көрсетілген арнайы көрсеткіштер ақпарат береді: MIBOR (Moscow Interbank Offered Rate) – сату бойынша ұсыныстың орташа қойылымы, MIBID (Moscow Interbank Bid) – сатып алу бойынша ұсыныстың орташа қойылымы. MIACR (Moscow InterbankActual Credit Rate)-банкаралық корреспонденттік қатынас несие бойынша орташа нақты пайыздық қойылым. Жоғарыда аталған көрсеткіштер Қазақстанның ірі банктері-банкаралық корреспонденттік қатынас несие нарығының қатысушылары бойынша есептеледі. Банктердің қаржылық орнықтылығын, ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және депозиторлардың мүдделерін қорғау мақсатында банктердің минималды жарғылық капиталына талаптар жоғарлатылады. Банкаралық корреспонденттік қатынас несие нарығы ең төменгі нүктеге жетіп, осыдан серіппенің жаңа шеңберімен даму басталады деп есептеді сол кезде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы. Банкаралық корреспонденттік қатынас несие нарығының дамуы, «банктер өздерінің сенімділігіне, бір-біріне газеттерде басылған емес, аудитпен бекітілген өз баланстарын ұсыну арқылы көзі жеткенде » басталуы керек еді. Қорыта келе, бүгінде тек банк жүйесі ғана ұлттық экономиканың нақты секторына уақытша бос ақша қаражаттарының ағынын бағыттай алады. Бірақ бұл үшін банкаралық корреспонденттік қатынас несиенің ұйымдасқан нарығының болуы тиіс.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.012 с.) |