Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Химия өндірісінің географиясыСодержание книги
Поиск на нашем сайте Еліміздің негізгі химиясын «төрт таған» - кукірт қышқылы, химиялық қосылыстар, фосфор мен минералдық тыңайтқыштар өндірісі құрайды. Күкірт қышқылы химия өнеркәсібінде басқа қышқылдар, химиялық қосылыстар, тыңайтқыштар, дәрілер өндірісінде, металлургияда кеннен уранды бөліп алу үшін қажет. Бұл өте белсенді, Қауіпті, аз тасымалданатын зат (тасымалдау үшін арнаулы ыдыстар қажет). Сондықтан, оның өндірісі тұтынушыларға жакын орналасады. Сонымен бірге шикізат және экологиялык факторларда (күкірт газын ұстап қалу) маңызды. Қышқыл алу үшін күкірт пен су қажет. Күкірт гипстің, күкірт газының және түсті металдар кендерінің күйіндісінің, құрамында болады. Күкірт қышқылын: 1) ауыр металдардың металлургиялык орталықтарында (Жезказған, Балкаш, Өскемен, Риддер); 2) уран алатын орталытарда (Степногор); 3) фосфатты тыңайтқыштар өндірісі орталықтарында (Тараз) шығарады. Бірінші жағдайда негізгісі - шикізаттық және экологиялық факторлар; ал екіншісі мен үшіншісінде - тұтыну факторы. Металдардың химиялық қосылыстары кеңінен колданылады. Мысалы, хром қосылыстары флотация үшін реагенттер болып табылады. Одан басқа, олар тері илеуде, фотоматериалдар мен бояулар дайындауда қажет. Негізгі шикізат - хром кені. Ақтөбедегі хром қосылыстары зауыты - Қазақстанда жалғыз. Фосфор - тыңайтқыш, сіріңке, азықтық қоспалар, дәрі жасау үшін қажет. Оны көп электр қуатын жұмсап, фосфориттен алады. Алынған фосфорды тыңайтқыш өндіруге қажетті фосфор қышқылынан өңдейді. Ауыл шаруашылығына әр түрлі фосфор, азот, калий және кешенді минералдық тыңайтқыштар қажет. Фосфат тыңайтқыштарын фосфорит пен күкірт қышқылынан алады. Бұл - материалды көп қажет ететін өндіріс болғандықтан, фосфорит кендеріне жақын орналастырылады. Фосфоритті Қаратау мен Жаңатаста өндіріп ұсақтайды да, тыңайтқышты Таразда шығарады. Алынған ұнға күкірт қышқылын қосу арқылы суперфосфат тыңайтқышы алынады. Ұнның бір бөлігін күкірт емес, фосфор қышқылымен өңдейді. Құрамында «фосфордың қос үлесі» болғандықтан, ондай тыңайтқыш құндырақ болып келеді (қос суперфосфат). Азот тыңайтқыштарын өндіру үшін азот пен сутегі қажет. Азотты ауадан алуға болады. Ал сутегін алу көзі - табиғи немесе кокс газы. Ондай өндірістер Ақтау мен Теміртауда бар. Полимерлер химиясының негізгі химиядан өзгешелігі - пластмасса, химиялық талшықтар, жасанды (синтетиқалық) каучук сияқты конструкциялық материалдар шығарады. Көп жағдайда олар дәстүрлік материалдардан да артық болғандықтан, олардың орнын алмастыра алады. Қазақстанда бұл саланың «жоғарғы өндіріс қабаттары» көбірек дамыған, полимерлер алынатын жартылай фабрикаттар көп шығарылмайды. Сондықтан шикізат базасы мол болғанымен, полимерлік химия - кешенінін; әлсіз тұсы болып есептеледі. Полимерлер алынатын шикізатқа мұнай өнімдері, табиғи және ілеспе газдар жатады. Сол себепті, олардың өндірісі сумен және электр қуатымен қамтамасыз етілген, мұнай мен газ өңдейтін жерлерге таяу орналасады. Қазақстанда Ақтау (полистирол) мен Атырауда (полиэтилен мен полипропилен) 2 пластмасса зауыты бар. Қостанайда химиялық талшықтар зауыты ұшақ салондарын қаптайтын, жанбайтын талшық шығарады. Көптеген кәсіпорындар полимерлік материалдарды өңдейді. Пластмасса бұйымдарын шығаратын ең үлкен зауыттар Атырауда (сумен жабдықтайтын полиэтилен құбырлары), Алматы мен Астанада құрылған. Резеңке бұйымдары өндірісінің негізгі орталытары - Саран (металлургия үшін конвейер таспаларын шығару) және Шымкент (автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасы үшін шина жасау). Химия-фармацевтика өнеркәсібі елімізде колданылатын дәрілердің 3/5 береді. Ірі кәсіпорындар Алматы, Қаскелең, Семей және Қарағандыда жұмыс істейді. Химия өнеркәсібі - экологиялық жағынан ең «лас» салалардың бірі. Онымен Шымкент, Тараз, Ақтау мен Теміртау, Павлодардағы ауаның, судың, топырақтың ластануы тікелей байланысты. Теміртаудағы Нұра өзені мен Павлодардағы жер асты суларының сынаппен ластануы орасан үлкен қауіпті әзірге жасырып тұр. Оны залалсыздандыру үшін күрделі де қымбат жұмыстар жүргізілуде.
Пайдаланылған әдебиеттер: v "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том v Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. сикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-934-7 v С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002 жыл. ISBN 9965-408-99-8
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 40; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.) |