Химия және мұнай-химия өнеркәсібі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Химия және мұнай-химия өнеркәсібі

Поиск

 Жоспар:

Ø Химия өнеркәсібі

Ø Химия және мұнай-химия өнеркәсібі

Ø Химия өнеркәсібінің салалық құрылымы

Ø Тарихы

Ø Химия кешені: күрделі құрылым

Ø Химияның салааралық байланыстары ауқымды.

Ø Химия өндірісінің географиясы

Химия өнеркәсібі

Химия өнеркәсібі — ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені.

         

Химия және мұнай-химия өнеркәсібі

Іштей химия және мұнай-химия өнеркәсібі болып бөлінеді.

1. Химия өнеркәсібіне жататын салалар:

кен-химия (фосфорит, апатит, калий тұзын өндіру және байыту, күкірт, т.б.)

негізгі химия (анорганикалық қышқылдар, минералдық тұздар, сілтілер, жасанды тыңайтқыштар, хлор, аммиак өндірісі)

жасанды және синтетикалық талшықтар, синтетикалық шайырлар және пластмассалар, сыр-бояу өнеркәсібі (әк, литопон, сыр, эмаль, нитроэмаль, т.б. өндіру)

химиялық тездеткіштер (реактивтер) және ерекше таза заттар, синтетикалық бояғыштар, фотохимия, тұрмыстық химия, химия-фармацевтика

2. Мұнай-химия өнеркәсібіне жататын салалар:

синтетикалық каучук

негізгі органикалық синтез өнімдерін өндіру

резина-асбест өнеркәсібі жатады.

Химия өнеркәсібінің салалық құрылымы

Осыған орай химия өнеркәсібінің салалық құрылымы 4 топқа бөлінеді, олар:

кен-химия өнеркәсібі (шикізат — фосфорит, ас және калий тұздарын, күкірт, т.б. өндіру, байыту және оларды бастапқы өңдеу)

негізгі химия өнеркәсібі (минералдық тыңайтқыштар, қышқылдар, сілтілер, т.б. өндіру)

полимерлік материалдар өнеркәсібі (синтетикалық шайырлар мен пластмассалар, химиялық талшықтар, синтетикалық каучук, синтетикалық бояғыштар өндіру);

тұтыну қажеттерін қанағаттандыруға арналған өнім (фармацевтикалық дәрі-дәрмек, жуғыш заттар, фотохимия, парфюмериялық-косметикалық тауарлар) өндіру. Химия өнеркәсібінің құрамында барлығы 200-ден астам кішігірім сала мен өндіріс бар, ал оның өнімдерінің түр-түрінің атауы 1 млн-ға жетіп отыр.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 46; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.006 с.)