ГТҚ-ның қуатын компрессордегі сығылу дәреже бойынша анықтау әдісі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ГТҚ-ның қуатын компрессордегі сығылу дәреже бойынша анықтау әдісі

Поиск

ГТҚ-ның қуатын компрессордегі сығылу дәреже бойынша анықтау әдісі

Келтірілген әдіс ГТ-6-750 және ГТН-6 агрегаттары үшін қолданылады. Пайдаланатын қуатты және техникалық күйдің коэффициентін КNесептеу үшін керекті формулалар алдында келтірілген. Пайдаланатын (тиімді) қуат қуаттық параметрлер мәндері бойынша, турбинадан шығатын өлшенілген температураға t сәйкес, компрессордегі сығылу дәреже Пк және барометралық қысым Р ат арқылы анықталады. Жоғарыда көрсетілген агрегаттар үшін тікелей турбинаның алдындағы температураны өлшеу көптеген қателіктермен байланысты, сондықтанда оның мәні жанамалы түрде t жәнеПк бойынша анықталады.

Табылған қуаттың және температураның мәндері қалыпты атмосфералық шартқа келтіріледі (3. 9) және (3.10) формулары бойынша, содан кейін турбина алдындағы температураның tH номиналды мәніне сәйкес келтіріледі (3.11) формуласы бойынша.

Бұл кезде  мәнін түзету мына қатынас арқылы анықталады.

 

= 23(tHIT – tIT(кел))                                                                                         (3.13)

 

Техникалық күй коэффициенті (3.18) формуламен есептелінеді.

69)Газ айдағыш агрегаттардың техникалық күйінің өзгеруіне қандай фаторлар әсер етеді?

Агрегаттардың техникалық күйінің маңызды сипаттамасы болып олардың сенімділігі, жекелеп айтқанда мотоқоры - келесі жөндеу жұмыстарына дейінгі жұмыс істеуге тиісті уақыты саналады. Агрегаттардың күйін ГАА-дың жұмысшы механизмдерінде пайда болған ақауларды анықтау және параметрлерді өлшеу арқылы ғана емес, сонымен қатар ГАА-дың мынадай жұмыс істеу сипаттамаларымен, шу, діріл, айдағыштың білігіндегі тығыздықтағы газ шығыны арқылы да бағалауға болады

Дірілдің өсуі агрегаттың бөлшектерінің тез тозуына және бұзылуына әкеп, соғады соның ішінде ең алдымен дірілге тікелей душар болатын және алғашқы болып істен шығатындар (мойынтіректер, жұмысшы қалақшалар, роторлар, айдағыштың тұрқысын бекітуші түзілімдер және т.б.).

Осы және басқада диагностикалық әдістер арқылы агрегаттардың техникалық күйін анықтауға болады, сондай-ақ жұмыстан істен шығу, жөндеу мерзімдерін және агрегаттардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру жөнінде болжауға болады.

ГТҚ мен ГАА-дың техникалық күйі бүкіл газ тасымалдаушы құбырдың технологиясына әсер етеді. Газөткізгіш құбырларындағы ГАА-дың техникалық күйін анықтауға арналған бірқатар жұмыстардың талдауы ГТҚ-дың және ГАА-дың аралық жөндеуінде, олардың пайдаланушылық қуаттары 10....20% төмендейді деген тұжырымға келеді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 71; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.009 с.)