Магистралдық газөткізгіш құбырларының режимдері және жұмыс көрсеткіштері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Магистралдық газөткізгіш құбырларының режимдері және жұмыс көрсеткіштері

Поиск

Магистралды газ құбырларында КС-лар екі түрге бөлінеді: бастылы (негізгі) клмпрессорлы станциялар (БКС) және тізбектілі компрессорлы станциялар (ТКС). Бастылы КС-ды тікелей газ кен орындарына жақын орнатады, ал тізбектілі КС-ды газқұбырлы трассаның бойынша 100 ...150 км бір бірінен өзара қашықтықа орнатады. КС-дағы қондырылған жабдықтардың түріне және технологиялық схемаларға тәуелсіз табиғи газды төмендегідей өңдеу қарастырылған: механикалық қоспалардан және дымқылдық тамшыдан тазарту; газды сығымдау; салқындату; БКС-да газды қосымша дымқылдан айыру, көмірқышылынан және күкіртік сутегіден тазарту, газды одоризациялау және өлшеу жүргізіледі. Сондай-ақ технологиялық схемада қондырғылар және маймен қамтамасыздандыру және майлау, сумен қамтамасыздандыру және салқындату, электрмен қамтамасыздандыру жүйелері қарастырылған.

Алғашқы кезеңде кен орындарын игергенде, қайсы кезде қабаттық қысым әлі үлкенде, БКС-ды іс жүзінде газ сығылуда керек етілмейді. БКС-ды негізінде газ кен орындарына жақын орналастыру тек қабаттық қысым төмендегенде болады, магистралдық құбырдағы сығылатын газдың қысымын керекті деңгейде ұстау үшін, үш сатылы сығымдаушы (компрессорлық цехтылы) бастылы КС-ның технологиялық схемасы 1.6 – суретінде көрсетілген. БКС-да сығылу процесін тізбектілі этапты ретінде қарауға болады. Бірінші этапта қысым тізбектілі КС-ға кірердегі қысымға теңестіріледі (сығымдаушы КС-ның жұмыс режімі), ал екінші этапта – магистралды газқұбырының есептелінетін қысымына теңестіріледі (тізбектілі КС-ның жұмыс режімі).

 

1.6 – сурет. Үш компрессорлық цехтылы КЦ – І, КЦ – ІІ, КЦ – ІІІ бастылы КС-ның технологиялық схемасы: 1-газ кен орны; 2 – газды аралық салқындату жүйелері; 3 – БКС-ға кірердегі газды салқындату жүйесі.

     БКС-да газды айыру, кептіру, тазалау, салқындату, айдау, одоризациялау, өлшеу, тасымалдау жүргізіледі. БКС-ның негізгі мақсаты газ құбырлары арқылы айдалатын газ қысымын көтеру болып табылады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 68; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.)