Жылу электрбекеттерінің күлдердің физика-механикалық және жылу техникалық қасиеттері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жылу электрбекеттерінің күлдердің физика-механикалық және жылу техникалық қасиеттері

Поиск

Керамикалык кірпіштің жартылай құрғақ технологиясының прогрессивтілігі -Кірпішті жартылай құрғақ әдіспен өндірген кезде келесі көрсеткіштері болады:

1. Отын шығыны төмен болады, себебі ылғалдылығы төмен болады, кептіру кезінде отын аз кетеді;

2. Табиғи заттың шикізатты материалдарды үнемдеуге болады, себебі техногенді сапалығы төмен шикізатты пайдалануға болады;

3. Өнімнің жоғары сапалығы, ол бұйымның беті тегіс болады;

4. Бұйымның сыртқы және ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігі жоғары, себебі бұйымның сапасы жоғары, бұйымға техногенді сапалығы төмен шикізатты пайдалану арқылы, сапасы жоғары бұйым алынады;

5. Жартылай құрғақ әдістің өндірістің өнімділігі жоғары;

6. Минимальді капитал шығыны жоғары болады, себебі жартылай құрғақ әдісте құрал-жабдық көп қолданылады және қымбат болады, бірақ ол өзін-өзі ақтайды, шығынын тез шығарып алады;

7. Капиталды аяқтағаннан кейін бұйымның бағасы төмен болады;

Керамикалық бұйымдарды ангобтау. Ангобтардың түрлері, таңдаудың ережелері,жағу технологиясы -Ангобтау – керамикалық бұйымның бетіндегі түрлі түсті және ақ топырақты қабат. Ангобтың құрамы: ақ топырақ ақ 75%; кварцты құм 20%; ұнтақталған бор 5%. Ангобтарға табиғи бояғыштар қосуға болады. Мысалы, түрлі түсті топырақ; лимонит кремді темір, кремний тотығы, мырыштың тотығы. Ангобты және глазурьлерді келесі әдістермен жағуға болады: себу, құю, батыру, жағу арқылы. Ангобтың бетіне қасиетін арттыру үшін глазурь жағуға болады. Ангобты дайындау оның құрамындағы компоненттерді ұнтақтаудан басталады. Ангоб компоненттерін құрғақтай дайындау кезінде олардың ұсақталу жұқалығы 10000 т/см2  електегі қалдықтың мөлшерімен өлшенеді. Електегі қалдық 3-5%-дан аспауы керек. Құрғақ күйінде өте мұқият араластырылғаннан кейін оларға 35-40% су қосылады. Суды араластырып ангобты шликер аламыз. Ангобтар бұйымға батыру немесе салу, құю, аэрографией,кистьпен боя және т.б. арқылы жағылады.

Керамикалық бұйымдарды әйнекелеу (глазурлеу). Әйнекелердің түрлері, таңдаудың ережелері, жағу технологиясы -Глазурьлеу (әйнекей) – керамикалық бұйымдардың бетіндегі жұқа шыны тәрізді қабат. Глазурьдің жіктелуі: сыртқы түріне байланысты- мөлдір және мөлдірсіз; түрлі және түссіз; мөлдірсіздегі және мөлдірлігі шынының құрамына және құрылысына байланысты. Егер негізгі шынының ішінде кристаллдар кеуектер; құрамы басқаша шының тамшылары болса онда мөлдірлігі төмендейді. Өйткені күннің сәулесі түскен кезде негізгі шынының және ішіндегі қоспалардың сәуле сынығы коэффициенті әртүрлі болады. Неғұрлым айырмашылығы жоғары болса соғұрлым шыны мөлдірсіз болады. Негізгі шының құрамындағы қоспалар (кристаллдар, тамшылар кеуектерді) кереңдеткіш деп аталады. Балқу температурасына байланысты: қиын балқитын 1250-14500С; қиын балқитын 12500С төмен. Құрамында Al2O3, SiO2 бар глазурьлер қиын балқитын болады. Ал құрамында сілтілі тотықтар бар болатын болса жеңіл балқитын болады. Глазурьді таңдаған кезде керамикалық бұйымның пісу температурасына назар аударамыз. Глазурьдің бастапқы құрамына байланысты: дала шпаттары бар және дала шпаты жоқ. Бұйымды әйнекейлеуді камерада шашыратқылы арқылы әйнекейлейді. Әйнекейленген бұйымдарды кептіргіш камерада 30 мин. шамасында кептіреді.Одан шыққан бұйымды қайтадан тазаланады. Күйдіру кезінде бір-бірімен жабысып қалмас үшін әрбір плитканың әйнекейленбеген қабырғасына каолиннен тұратын ылғалдылығы 30-35% шликер жағады. Бүйымды тунельді пеште күйдіреді, күйдіру температурасы 1200-1250ºC, күйдіру мезгілінің ұзақтығы -72 сағат

Керамикалық бұйымдардың өндірісінде техникалық бақылауды ұйымдастыру -Қабылдау ережелері.

1) Керамикалық бұйымдардың әр партиясы мекеме-өндірушілерінің техникалық қадағалаумен қабылдау керек.

2) Керамикалық бұйымдардың партия өлшемін қабылдау, заводтың бір пешінде бір тәулікте өңделу мөлшеріне байланысты. әр партиядағы rерамикалық бұйымдардың маркасы және түрі бірдей болуы керек.

3) Керамикалық бұйымдардың әр партиясын бақылау үшін бұйымның 0,5% мөлшерде алу керек, бірақ 100 данадан кем емес. Бұйымды алдын-ала келісілген ретпен әр тордан немесе поддоннан алынады. Алынған бұйымдардың өлшемдері және сыртқы көрінісін стандарт талабына сәйкестігін тексереді, кейін сынайды.

4) Керамикалық бұйымдардың маркасын оның қысуға және иілуге беріктігі бойынша орнатады.

5) Керамикалық бұйымдардың су сіңіргіштігін әр 6 ай сайын, шикізат немесе технологиясы, шахтаның құрамы, қалыптау параметрі, күйдіру режимі өзгергенде анықтайды. Керамикалық бұйымдардың аязға төзімділігін әр бір айналым сайын және әр кез шикізат немесе технологиясы (шихта құрамы, қалыптау параметрі, күйдіру режимі) өзгергенде анықтайды.

6) Керамикалық бұйымдардың қабырға қалау кезінде араласпамен ұстасу беріктігін жылына бір рет шикізат немесе технологиясы өзгергенде анықтайды.

7) Керамикалық бұйымдардың дутиктерінің пайда болуын сынау айына бір рет карбонатты құрамы өзгерген кезде анықтайды. Кірпішті сырттай қарай өлшеу.

Керамикалық қабырғанын материалдың өндірісінде жылу электрбекеттердің шлактардың ,кулдердің қолдануының тиімділігі -Күлдің майдалығы 1 мм-ден төмен, шлактың майдалығы 1-50 мм. Күлдің құрамында 80 пайыз минералды зат, ал шлактың құрамында 20 пайыз минералды зат. Минералды заттың құрамында кварц балқытылған дала шпаттары, гематит; ал қалған 10-20 пайызы көмір, кокс;

Күлдің үйме тығыздығы 600-1300 кг/м3; нағыз тығыздығы 2,1-2,4 г/см3; беттік ауданы 4,5-5 км2;

Термиялық қасиеттері: балқу температурасы 1450-17600С керамикалық кірпіш өңдегенде күлдің мөлшері, топырақтың иілгіштігіне байланысты. Иілгіштігі жоғары топырақтардағы 40-50 пайыз, иілгіштігі орташа болса – 30 пайыз, иілгіштігі төмен болса 8-20 пайыз.

Күл керамикалық өңдеудің ерекшеліктері:

7. Өңдеу процесі, беріктігі және тез өтеді;

8. Беріктігі жоғары;

9. Кірпіш жеңіл болады;

10. Отын мөлшері аз;

11. Шикізат мөлшері азаяды;

12. Бұйым құны арзан болады;

Қоршаған орта қорғалады;

Керамикалық қасбеттік (фасадты) плиткалардың номенклатурасы, технологяның ерекшеліктері, бұйымның сапасын жоғарылату жолдары -Қасбетті плиталардың беті терракотты (табиғи боялған қаңқалы) және әйнекейленген, ал фактура бойынша – тегіс, өрнекті, жылтырақ немесе күңгірт болуы мүмкін. Лаймен барынша берік байланысуы үшін плиталар-дың қарсы бетін кедір-бұдырлы етіп жасайды. Қасбеттік бұйымдардың су сіңіргіштігі 6-дан 14 процентке дейін, ал аязға төзімділігі 25-тен төмен болмауы тиіс. Керамикалық беттік кірпіш пен тастар кәдімгілерінен формасы мен өлшемінің барынша дәлдігімен, сондай-ақ сол партияның түсі мен реңінің біртектілігімен ерекшеленеді. Бұл материалдарды жоғары сапалы тез балқитын саздан, кәдімгі кірпіш шығару технологиясы бойынша жасайды. Керамикалық массаларды іріктей отырып және күйдірудің уақытымен температурасын реттеу арқылы, аздап ақтан бозғылт-қызғылттау және сүр түске дейінгі кірпіш алады. Қатардағы шикізаты бар заводтарда, беттік кірпішті құрғақ минералдық үгінділерді торкреттеумен немесе оның бетіне ангоб немесе әйнекей жағу арқылы алады. Сондай-ақ бет қабаты ақ саздан тұратын екі қабатты кірпіш технологиясы да жасалған. Беттік кірпіштер мен тастар ғимарат қабырғаларына кәдімгілерімен аралас қаланады да, солармен бірдей салмақ көтереді.

Кілемді керамикалық плитканың номенклатурасы, технологяның ерекшеліктері, бұйымның сапасын жоғарылату жолдары -Кілемді плитка дегеніміз – өлшемдері кішкентей 4 см-ге дейін, қалыңдығы 2-3мм болады. Кілемдік плиткалар өндірісінде өтетін процестер:

1. Кеуекті, отқа төзімді кордеритті табанға бөлетін қабатты себеміз.

Бөлетін слойдың құрамы 90%Ca CO3,5%-каолин, 5%-саз;

2. Бөлетін слойдық керамикалық шликерлік массаны құямыз.

3. Керамикалық массаның глазурлеу шликер құйылады.

4. Көлемді пайда болған плитаға кесу.

5. Плиталар кептіріледі.

6. Күйдіріледі, күйдіру процесі кезінде керамикалық масса пайда болады, глазурлі масса балқиды, керамикалық массаға жабысады.

7. Суытамыз.

8. Дайын плиталарды қағазға жабыстырамыз.

Барлық процестер конвейeрде өтеді. Жартылай құрғақ қысылған плиталардың өлшемі мм 48х46, 22х22, 48х22, қалыңдығы 3-4мм болғанда. Кілемдік керамика-керамикалық материалдардың ішіндегі барынша индустральды саналады, әрі сыртқы панельдер мен блоктарды заводтарда жасау кезінде, вестибюль қабырғаларын, баспалдақ торларын, сондай-ақ санитарлық құбырлар мен асхананы қаптау үшін дара қаптама көзді плиталар пайдаланылады.

Қабырғалы керамикалық материалдардың номенклатурасы, технологяның ерекшеліктері, бұйымның сапасын жоғарылату жолдары -Индустриялық қабырға материалдары (ірі блоктар, панельдер), өндірістегі белгілі жетістіктерге қарамастан, майда даналық бұйымдардың (кірпіш пен майда блоктар) үлесінде әлі де тас қабырғалы материалдардың жалпы шығарымының 2/3 бөлігін құрап отыр, бұның ішінде саз кірпіш шығару барлық қабырғалы материалдардың жартысынан жуығын құрайды. Кірпіште оның салмағын азайтып, шикізатты үнемдеуге мүмкіндік беретін дөңгелек немесе саңылаулы қуыстардың болуы міндетті. Кірпішті көбінесе пластикалық, ал сирек жағдайда жартылай құрғақ әдіспен қалыптайды. Аумақтық массасы 1600-1900 кг/м3, ал жылу өткізгіштігі 0,75-0,81 Вт/м×К/ /0,65-0,7 ккал/м×с градус/ аралығында. Бұл қасиеттердің бұдан жоғары көрсеткіштері жартылай құрғақ әдісі қысуымен алынған кірпіштерге тән. Кірпіштің беріктігі қысу және ию кезіндегі беріктік шегімен сипатталады және мына маркалармен белгіленеді: 100, 125, 150, 200, 250 және 300 (3.1 кесте). Аязға төзімділігі жөнінен кірпішті төрт маркаға жіктейді – Мрз 35 және 50.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 48; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.009 с.)