Жылу электрбекеттерінің күлдердің дәндікжәне минералогиялық құрамы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жылу электрбекеттерінің күлдердің дәндікжәне минералогиялық құрамы

Поиск

Жылу электрбекеттерінің күлдердің жіктелуі -Күлдің майдалығы 1 мм-ден төмен, шлактың майдалығы 1-50 мм. Күлдің құрамында 80 пайыз минералды зат, ал шлактың құрамында 20 пайыз минералды зат. Минералды заттың құрамында кварц балқытылған дала шпаттары, гематит; ал қалған 10-20 пайызы көмір, кокс;

Күлдің үйме тығыздығы 600-1300 кг/м3; нағыз тығыздығы 2,1-2,4 г/см3; беттік ауданы 4,5-5 км2;

Термиялық қасиеттері: балқу температурасы 1450-17600С керамикалық кірпіш өңдегенде күлдің мөлшері, топырақтың иілгіштігіне байланысты. Иілгіштігі жоғары топырақтардағы 40-50 пайыз, иілгіштігі орташа болса – 30 пайыз, иілгіштігі төмен болса 8-20 пайыз.

Күл керамикалық өңдеудің ерекшеліктері:

1. Өңдеу процесі, беріктігі және тез өтеді;

2. Беріктігі жоғары;

3. Кірпіш жеңіл болады;

4. Отын мөлшері аз;

5. Шикізат мөлшері азаяды;

6. Бұйым құны арзан болады;

Қоршаған орта қорғалады;

Жылу электрбекеттерінің күлдердің негізінде керамикалық қабырғалы материалдардың технологиясы -ЖЭБ күлі деп тас көмірді жағу нәтижесінде тозаң тәрізді қалатын қалдықты айтады. Керамикалық кірпіш өндірісінде жүдеудеткіш қоспа ретінде беттік ауданы 2000-3000 см2/г болатын ЖЭБ күлдерін қолданады. ЖЭБ күлінің жылубергіштігі 1000-3200 ккал/кг.

ЖЭБ күлінің ағаш жаңқаларымен немесе шлакпен 10-15% қоспасы кірпішті кептіруге шыдамдылығын және беріктігін арттырады. Бұл күлдің басқа қоспалармен қолдану кезінде біртекті араласуының нәтижесінде болады. Шихтаның құрамына 15-45% ЖЭБ күлін қосады. Көмірбайыту фабрикаларының қалдықтары. Бұл қалдықтар көмір түрлерін байыту салдарынан алынады. Бұл өз бетіне сазды және басқа да 10-30% дейін жанғыш бөлшектері бар жыныстардан тұрады. Құрамында көмірі бар жыныстардың су сіңіргіштігі 10-12%, бөлшектерінің ірілігі 6-100 мм болса, 70% - ға жуығы күлге айналады. Құрамында көмірі бар жыныстардың қалдықтарын қосу нәтижесінде жеңіл балқитын саздардың пісу интервалы және бұйым беріктігі ұлғаяды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 59; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.005 с.)