Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
тарау. Білім беру ұйымдары (мектептер)Содержание книги
Поиск на нашем сайте
23. Білім беру ұйымының басшысы қорытынды аттестаттау материалдарын қабылдап алуға жауапты мамандарды (оқу ісінің меңгерушісі, көмекші ретінде информатика пәнінің мұғалімі) белгілейді және толық мәліметті (аты-жөні, байланыс телефондары, электронды пошталары) білім бөліміндегі (республикалық мектептер – Ұлттық тестілеу орталығына, облыстық мектептер – білім басқармасына) жауапты маманға жолдайды. 24. Қорытынды аттестаттау өтетін сынып бөлмелері санитариялық талаптаға сәйкес дайындалады. Кабинеттерде тиісті құралдардың болуы (парталар, орындықтар, бор, МP3 форматында «Тыңдау» блогына арналған аудиоматериалды тыңдайтын құрал), мектеп ғимаратында «Алтын белгі» белгісіне үміткерлердің жазбаша жұмыстарын сканерлеуге арналған құрылғының болуы және жұмыс жасауы қамтамасыз етіледі. Емтихандар білім алушылар бір-бірден отырғызылатын сынып бөлмелерінде (бір партаға бір білім алушысы отырғызылып, толық сынып сиятындай мектеп ғимаратындағы үлкен бөлмеде) өтеді. Білім алушыларды сыныпта 25 адамнан аспайтындай отырғызады. 25. Білім беру ұйымының басшысы қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша ата-аналарға, білім алушыларға тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 26. Жауапты мамандар аудандық/қалалық білім бөлімдерінен (республикалық мектептер – Ұлттық тестілеу орталығынан, облыстық мектептер – білім басқармасынан) 9 (10) және 11 (12) сынып білім алушыларының емтихан жұмыстарының материалдарын (эссе тақырыптары, бақылау жұмыстары, жауап беру парақшасы бар сұрақтар кітапшалары, МP3 форматында «Тыңдау» блогына арналған аудиоматериал, балдарды қою схемасы) 25 мамырға дейін қабылдап алады және емтихан жұмыстарын қабылдап алғандығын растайтын актіні білім бөлімдеріндегі жауапты маманға электронды түрде жолдайды. 27. Жауапты мамандар бұғатталған емтихан материалдарын ашуға арналған құпия сөздерді білім бөлімдерінен(республикалық мектептер – Ұлттық тестілеу орталығынан, облыстық мектептер – білім басқармасынан) электронды түрде («бұлтқа» орналастырылған) емтихан өтерден бір күн бұрын сағат 17.00 дейін қабылдап алады және қабылдап алғандығын растайтын актіні білім бөлімдеріндегі жауапты маманға электронды түрде жолдайды. 28. Білім беру ұйымдарының басшылары мен жауапты мамандары емтихан жұмыстары материалдарының сақталуына және құпиялылығына жауап береді және осы Нұсқаулыққа 2-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес құпия ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қояды.. 29. Білім беру ұйымының басшысы мынадай мерзімдерде құпия сөздермен бұғатталған емтихан материалдарын ашады және төменде көрсетілген пәндер бойынша көбейтеді: 9 (10) сынып білім алушылары үшін: 1) қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 27 мамырда (оқыту тіліне байланысты тапсырмалар әр сыныпқа бір парақта басып шығарылып, әр сынып үшін жеке конверттерге салынады); 2) математика (алгебрадан) жазбаша емтихан – 1 маусымда (сыныптағы оқушы санына байланысты бірнеше нұсқа басып шығарылып, әр сынып үшін жеке конверттерге салынады); 3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 4 маусымда (сұрақ кітапшалары сыныптағы оқушы санына және оқыту тіліне байланысты әр оқушыға бір берден басып шығарылады және әр сынып үшін жеке қорапшаларға салынады). 11 (12) сынып білім алушылары үшін: 1) қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан – 31 мамырда (тапсырмалар оқыту тіліне байланысты әр сыныпқа бір парақта басып шығарылып, әр сынып үшін жеке конверттерге салынады); 2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 3 маусымда (сыныптағы оқушы санына байланысты тапсырманың бірнеше нұсқасы басып шығарылады және әр сынып үшін жеке конверттерге салынады); 3) Қазақстан тарихынан тестілеу – 5 (немесе 6) маусымда (сұрақ кітапшалары сыныптағы оқушы санына және оқыту тіліне байланысты әр оқушыға бір берден басып шығарылып, әр сынып үшін жеке қорапшаларға салынады); 4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу – 9 маусымда (сұрақ кітапшалары сыныптағы оқушы санына және оқыту тіліне байланысты әр оқушыға бір данадан басып шығарылып, әр сынып үшін жеке қорапшаларға салынады). 30. Білім беру ұйымының басшысы емтихан материалдарын көбейту, басып шығару кезінде ғимаратта жауапты мамандардан басқа педагогтердің болмауын қамтамасыз етеді. 31. Білім беру ұйымының басшысы қорытынды аттестаттаудың сапалы өтілуіне және санитариялық талаптардың қатаң сақталуына жауапты болады: 32. Емтихандар жергілікті уақытпен 9 сағат 00 минутта басталады. Эссе тақырыптары салынған пакеттер білім алушылардың және мектептің комиссия мүшелерінің қатысуымен емтиханның басталуына 15 минут қалғанда ашылады. Математикадан материалдар салынған пакеттер мен тесттер салынған қораптар олардың дұрыстығын тексеру және үлестіру үшін мектептің комиссия мүшелерінің ғана қатысуымен емтихан басталудан 1 сағат бұрын ашылады. 33. Жазбаша жұмыстарды орындау үшін білім алушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріледі. Педагог эссенің тақырыптарын тақтаға барлық білім алушыға көрінетіндей (әр оқушыға көбейтіп беруге болады) жазады. Эссе жазуға 3 астрономиялық сағат, алгебра және анализ бастамаларына Білім алушылар жұмыстарын орындаған соң оны жоба жазумен (черновикпен) бірге комиссияға тапсырады. Жұмысын бөлінген уақыттан ерте аяқтаған білім алушы жазбаша жұмысын тапсыруына және ғимараттан шығуына болады Жұмыстарын емтиханға арналып бөлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар сол аяқталмаған қалпында тапсырады. 34. Емтихан өтіп жатқан кезеңде білім алушының 5 минутқа сынып бөлмесінен шығуына рұқсат беріледі. Ондай жағдайда ол жұмысын комиссияға тапсырады, емтихан жұмысына білім алушының шығып келген уақыты жазылады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін үзіліске ұзақтау уақыт ұсынылады (қажет болған жағдайда). 35. Жазбаша емтихан және тестілеу аяқталғаннан кейін комиссия мүшелері мектеп ғимаратында жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жұмыстарынан (эссе, алгебра) басқа білім алушылардың жұмыстарын тексереді. Тексерілмеген жұмыстар мектеп басшысына сақтау үшін тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады. Жалпы орта білім курсы бойынша эсседе қателердің саны жеке көрсетіледі. Математика (алгебра) пәні бойынша «2» және «5» деген бағалар қойылған жазбаша жұмыстарға мектеп комиссиясы пікір жазады. 11 (12) сыныптағы эссе екі бағамен, негізгі және жалпы орта білім курсы үшін математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан жұмысы бір бағамен бағаланады. Эссе қорытындысы бойынша орфография мен грамматика үшін баға тілдік пәндер бойынша қойылады, мазмұны үшін баға әдебиет бойынша қойылады. 36. Тест нәтижелерін тексеруді мектеп жанынан қалыптастырылған комиссия сол күні ұсынылған балдарды қою схемасына сәйкес мектепте жүзеге асырады. 37. Емтихандар өткеннен кейін комиссия сол күні білім алушыларға емтихан бағалары мен қорытынды бағаларын қояды және негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу курсы емтиханының қағаз/электронды хаттамасына енгізеді. 9 (10) сыныпта комиссия білім алушыларға балдар мен емтихан бағаларын қояды және оларды негізгі орта білім беру деңгейіндегі оқу курсы үшін емтиханның қағаз және электрондық хаттамасына енгізеді. 9 (10) сынып білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды аттестаттау нәтижелері балл түрінде журналға (қағаз/электрондық) қойылады емтихан балдары емтихан бағасына ауыстыру шәкілі бойынша ауыстырылады. 38. Емтихандар өтетін күндері COVID-19 ауырған 9 (10) и 11 (12) сыныптардыі білім алушылары білім беру ұйымының бұйрығымен қорытынды аттестаттаудан босатылады. Қорытынды аттестаттаудан білім алушыларды босату туралы бұйрық мынадай құжаттардың негізінде шығарылады: 1) полимеразды тізбекті рекция (ПТР) әдісімен COVID-19 тестісінің он нәтижесі бар анықтама; 2) стационарлық және амбулаторлық-емханалық ұйымдарда қолданылатын медициналық есепке алу құжаттамалар нысанына сәйкес (Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) медициналық ұйымдар берген анықтама. Қорытынды аттестаттау ағымдағы оқу жылының жылдық бағасы негізінде жүргізіледі. 39. Коронавирустық инфекциямен ауырғандармен байланыста болған (емтихан өткізетін күндері карантинде болған) 9 (10) и 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды бітіру емтиханын қашықтан оқыту технологиясын пайдалана отырып тапсырады. 40. Білім беру ұйымының басшысы емтихан аяқталғаннан кейін 15 минут ішінде «Алтын белгі» белгісіне үміткер білім алушылардың жазбаша жұмыстарын сканерлеп, білім бөліміндегі жауапты маманға (республикалық мектептер – Білім және ғылым министрлігіне, облыстық мектептер – білім басқармасына) электронды түрде жолдайды. 41. Білім беру ұйымының басшысы «Алтын белгі» белгісіне үміткер білім алушылардың жазбаша жұмыстарының түпнұсқаларын емтихан өткен күні немесе келесі күні (арақашықтыққа қарай) білім бөліміне (республикалық мектептер – Білім және ғылым министрлігіне, облыстық мектептер – білім басқармасына) жеткізуді ұйымдастырады. 42. Білім беру ұйымының басшысы аппеляция кезінде келіп түскен шағымдарды қарауды ұйымдастырады. 43. Білім беру ұйымының әкімшілігі қорытынды аттестаттау кезінде: 1) білім беру ұйымында кезекшілікті ұйымдастырады, артық адамдардың болуына жол бермейді, білім алушылардың кабинеттер бойынша жүріп-тұруына тыйым салады; 2) білім беру ұйымына кіру кезінде білім алушылардың температурасын өлшеуді ұйымдастырады; 3) кабинаттарде желдетуді, кварцтауды қамтамасыз етеді, 4) педагогтердің және білім алушылардың бетперде киуін және қолды арнайы құралдармен жууын қадағалайды; 5) емтихандар басталардан бұрын кабинеттерді, дәліздерді, рекреацияларды, холлдарды ылғалды жинауды ұйымдастырады.
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу іс-шаралары кезеңінде негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттауды 2020-2021 оқу жылында ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 61; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.) |