Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланыстыСодержание книги
Поиск на нашем сайте Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу іс-шаралары кезеңінде негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттауды 2020-2021 оқу жылында ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық 2020-2021 оқу жылында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу іс-шаралары кезеңінде 9 (10) сыныптар үшін негізгі орта білім беру және 11 (12) сыныптар үшін жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (бұдан әрі – Нұсқаулық). 2. Қорытынды аттестаттау орта білім беру ұйымдарында санитариялық қауіпсіздік шаралары қатаң сақтала отырып, мынадай нысандарда және белгіленген мерзімдерде өткізіледі: 9 (10) сынып білім алушылары: 1) қазақ/ орыс/ өзбек/ ұйғыр/ тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 28 мамырда; 2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2 маусымда; 3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 5 маусымда. 11 (12) сынып білім алушылары: 1) қазақ/ орыс/ өзбек/ ұйғыр/ тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан – 1 маусымда: 2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 4 маусымда; 3) Қазақстан тарихынан тестілеу – 7 маусымда; 4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу – 10 маусымда. Мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттардың 11-сынып білім алушылары үшін: 1) ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан – 1 маусымда; 2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 4 маусымда. Мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттардың 12-сынып білім алушылары үшін: 1) Қазақстан тарихынан тестілеу – 7 маусымда; 2) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу – 10 маусымда.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 73; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.009 с.) |