ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

Поиск

ҚОРЫТЫНДЫ

Қылмыстық іс жүргізулік кепіл, азаматтық құқықтық кепіл сияқты өзінің тамырын терең тарихқа жаяды. Қылмыстық құқықтағы кепіл институтының қалыптасу және даму тарихы оның азаматтық құқықтан келіп, түрленгендігін және қылмыстық іс жүргізу институтының өзіндік белгілерін қалыптастырғандығын көрсетеді. Егер кепіл бұлтартпау шарасы алғашында мүліктік сипатты (кепіл сомасымен қылмыспен келтірілген залалдың орны толтырылды) иеленсе, кейінірек ол жәбірленуші мен мемлекеттің мүліктік мүдделерін көздеуді доғарды.

Қазақтардың әдет-ғұрпы бойынша бұлтартпау шараларына қажеттіліктің жоқтығынан бұлтартпау шаралары қарастырылмады. Істерді қарастыру сотқа дейінгі тергеп-тергеусіз тікелей билердің істі шешуінде қарастырылды.

Тәуке ханның Жеті жарғысында бұлтартпау шаралары болмады, бірақ егер айыпкер дау шешілетін орынға келмеген жағдайда, оның туыстарынан немесе айыпкердің тұрып жатқан ауылынан айып ретінде мал айдап кететін ереже болды. Сондықтан да өздерінің малынан айырылмау үшін айыпкердің туыстары немесе ауылдастары оны күштеп би алдына алып келетін болған.

Кепіл бұлтартпау шарасының тарихын және оны елімізде қазіргі таңда қолдану тәжірибесін зерттеу бізге айыпталушының қылмыстық іс жүргізудің мүддесі үшін жағымды мінез-құлқын қамтамасыз ететін мүліктік сипаттағы шаралар бірнеше ғасырлар бойы көптеген елдерде қолданылып келеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Кепіл бұлтартпау шарасы процессуалдық мәжбүрлеу шарасының ерекше түрі болып табылады. Сондықтан да процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданудың маңызы кепіл бұлтартпау шарасын қолдану маңызына да тән.

Қылмыстық процестің міндеттерін орындауда маңызды орынды процессуалдық бұлтартпау шаралары алады. Бұлтартпау шараларын қолданудың мақсаттарының бірі - қылмыстың жолын кесу немесе айыпталушының жаңа қылмыс жасау мүмкіндігінің алдын алу т.б.болып табылады. Бұлтартпау шараларының маңызы созылмалы және жалғаспалы қылмыстардың жолын кескенде арта түседі. Кепіл бұлтартпау шарасының превентивтік және тәрбиелік маңызы бар. Криминологиялық әдебиетте кылмыс жасаудың нақты себептерінің бірі ретінде қылмыскердің санасында қоғамға қарсы ұғымның қалыптасуы туралы жиі айтылады. Қоғамға қарсы ұғым нақты бір қылмыс жасаумен жойылмайды. Бұл ұғым қылмыс жасалып болған соң да тұлға санасынан шықпауы мүмкін. Сондықтан да қылмыстық істі тергеу барысында қоғамға қарсы ұғымды жою немесе оны әлсірету қылмыстылықты жою мен ескертуде маңызды орын алады. Мұнда қылмыс жасаған тұлғаға қатысты тергеу барысында қолданылатын процессуалдық мәжбүрлеу шаралары белсенді рөл атқарады.

Тәрбиелік ықпал ету қылмысты ашумен, қылмыскерді әшкерелеумен, оларды әділетті жазалаумен және кінәлі емес тұлғаны ақтаумен байланысты қылмыстық процессуалдық қызмет барысында жүзеге асады. Дәл осы арқылы олардың негізгі тәрбиелік мәні анықталады.

Бұлтартпау шарасы ретiнде кепіл айыпталушы анықтаудан, сотқа дейінгі тергеп-тексеруден немесе соттан жасырынады, не iстi сотта объективтi зерттеуге және талдауға бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, тағылған айыптың ауырлығы, айыпталушының жеке басы, оның жас мөлшерi, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы, немен шұғылданатындығы, мүлiктiк жай-күйi, тұрақты тұратын жерiнiң бар-жоғы және басқа мән-жайлар ескерiліп қана қолданылады. Бұл ретте мынадай талаптарды сақтау қажет:

1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру туралы қаулы;

2) осы бұлтартпау шарасын таңдау туралы тергеушiнiң, анықтаушының прокурор санкциялаған қаулысы не болмаса соттың шешiмi;

3) кепiлдi және кепiл туралы шарт қабылдау туралы хаттама жасау.

Қылмыстық іс жүргізуде кепілдің пәні ақша, ал прокурор мен сот рұқсат еткен жағдайда, бағалы заттар мен жылжымайтын мүлік болып табылады. Бағалы заттарға құндылықтар, бағалы қағаздар, автокөлiк құралдары мен өзге де мүлiк, антиквариат және мәдени және өзге де құндылықтарды бiлдiретiн басқа да заттар, бағалы металдар мен асыл тастар, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдар жатады. Жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын мүлiк жатады. Мемлекеттiк тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi сауда жүзу кемесi, "өзен-теңiз" жүзу кемесi, ғарыштық объектiлер де қозғалмайтын заттарға теңестiрiледi.

Кепілдің мөлшерін бұлтартпау шарасы ретінде кепілді таңдаушы орган айыпталушының мүліктік жағдайын, тұлғасын және айыптаудың ауырлығын ескеріп, заңда белгіленген қылмыс санаттарына қатысты ең төменгі мөлшерден кем емес мөлшерде, айыпталушының қылмыстық іс жүргізудің мүддесі үшін жағымды мінез-құлқын қамтамасыз етуге қабілетті етіп, әрбір айыпталушыға жеке көзқараспен бекіту керек.

Кепіл бұлтартпау шарасын тәжірибеде кеңінен қолдануға кепілдің пәніне, мөлшеріне, оны қолданудың мақсатына, қолданылатын қылмыс санаттарына байланысты мәселелер кедергі келтіреді.

Бұлтартпау шарасы ретінде кепілді қолдануды реттейтін нормативтік құқықтық базаны талдай келе, оның қолданылу тәртібін жетілдіру үшін қолданыстағы ҚПК-не келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынамыз:

- ҚР ҚПК-нің 145-бабының 1-бөлігіне «сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, прокурордың немесе соттың шақыруы бойынша күдіктінің, айыпталушының келуі және өзін дұрыс ұстау жөнiндегi мiндеттерiн орындауын қамтамасыз етуге» деген толықтыру енгізу қажет. Себебі қолданыстығы қылмысты-процестік кодексінің мәнінен шығатын болсақ, бұлтартпау шарасы ретінде кепіл тек айыпталушының (күдіктінің) анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуi жөніндегі міндетін қамтамасыз етуі тиіс. Демек, айыпталушы (күдікті) қылмыстық ісін жалғастырып, қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықауға кедергі келтіріп, іс жүргізу органына келу міндетін орындап жүре берсе, кепілді мемлекет кірісіне айналдыру заңсыз деп есептеледі.

- Бұлтартпау шарасы ретінде кепілдің қолданылу аясын кеңейту үшін ҚР ҚПК-нің 145-бабының 1-бөліміндегі «Аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамдарға қатысты кепiл қабылданбайды» деген ережені алып тастау. Бұған бірнеше себептер бар. Біріншіден, мұндай шектеу бұлтартпау шарасы ретінде кепілден неғұрлым жеңіл бұлтартпау шараларында жоқ. Екіншіден, ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген қылмыс құрамдарының көпшілігін аса ауыр қылмыстар құрайды. Аталған шектеуді алып тастау кепілді қолдану аясын кеңейтер еді.

Кепіл бұлтартпау шарасын қолдану кезінде туындайтын құқықтық қатынастарға бірнеше тұлғалар қатысады: бұлтартпау шарасын қолдануға құзыретті қылмыстық іс жүргізуші тұлға, заң бойынша кепіл бұлтартпау шарасы оған қатысты қолданылатын тұлға, кепіл беруші айыпталушыдан (күдіктіден) басқа тұлға болған жағдайда кепіл беруші.

Қылмыстық процестегі кепіл беруші – бұл кепіл бұлтартпау шарасымен айыпталушының немесе күдіктінің мінез-құлқына қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін кепіл пәнін сот депозитіне енгізген айыпталушы, күдіктінің өзі немесе олар үшін кепіл енгізген жеке немесе заңды тұлға.

Кепіл бұлтартпау шарасын қолдану бойынша қатынастың субъектісінің бірі осы бұлтартпау шарасын таңдаушы мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға бірқатар құқықтар мен міндеттерді иеленеді. Бұл қылмыстық іс жүргізуші тұлғалардың кепіл беруші ретіндегі құқықтары мыналар: кепіл ретінде мүліктің белгілі бір түрін қабылдау мәселесін шешу, айыпталушының кепіл бұлтартпау шарасын қолданудан туындайтын өз міндеттерін орындауын бақылау, айыпталушы міндеттерін орындамаған жағдайда кепіл пәнін мемлекет кірісіне айналдыру және т.б.

Кепіл бұлтартпау шарасын таңдаушы органның немесе лауазымды тұлғаның міндеттері: кепілдің мөлшерін анықтау; бұлтартпау шарасы таңдалып жатқан істің мән-жайын кепіл берушіге жариялау; айыпталушымен кепіл берушінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру; айыпталушы міндеттемесін орындамаған жағдайда туындайтын салдарлар туралы ескерту; бұл тергеу әрекетін процессуалды рәсімдеу; айыпталушының мінез-құлқын бақылау және айыпталушы міндеттерін орындамаған жағдайда кепіл пәнін мемлекет кірісіне айналдыру; бұлтартпау шарасы тоқтатылғанда кепілге енгізілген мүліктің қайтарылуын қамтамасыз ету және т.б.

Қылмыстық процесте кепіл бұлтартпау шарасын қолданудың дұрыс негізін анықтап, оны заңға сай қолдана білу қылмыстық процестің, сондай-ақ кез келген құқық саласының басты қағидасы заңдылық қағидасын қамтамасыз ету шарттарының бірі болып табылады. Бұл шартты орындау үшін аталған бұлтартпау шарасының түсінігі, мәні, маңызы және оларды қолданудың мақсаттары мен негіздері осы еңбекте толығымен ашылды деп ойлаймыз. Кепіл бұлтартпау шарасы негізді, заңды қолданылса, елімізде заң үстемдігі берік орнығып, азаматтық қоғамның қызметі қүшейіп, адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері сапалы қорғаныста болатынына сенімдіміз.

Сонымен қатар, бұл еңбекте қылмыстық іс жүргізуде кепілді қолдану кезінде туындайтын тәжірибелік кедергілер анықталып, оларды жоюдың жолдары ұсынылды. Кепіл бұлтартпау шарасын тәжірибеде жиі қолдануға жол ашу үшін заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатса, осы ұсыныстар ескеріледі деп ойлаймын.

 

 

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: «Норма-К»  баспасы, 2008. – 44 бет.

2. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық Өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»: ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына  Жолдауы. – Астана, 2010. – 64 бет.

3. Ефимов В.А. Догма римского права. – СПб. 1901. - 373 бет.

4. Тархов В.А. Римское частное право. – Черкесск, 1954. – 173 бет.

5. Кассо Л. Понятие о залоге в современном праве. – Юрьев, 1898. - 227 бет.

6. Мейер Д. Древнее русское право залога. – Казань, 1855. – 107 бет.

7. Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. 11-е издание. Том 1. – Москва, 2001. - 429 бет.

8. Люблинский П.И. Свобода личности в уголовном процессе. Меры обеспечения не уклонения обвиняемого от правосудия. – Санкт- Петербург. -190 6ет.

9. Кистяковский А.О. О пресечении обвиняемому способов уклониться от следствия и суда. - Санкт-Петербург, 1868. -193 бет.

10. Материалы по казахскому обычному праву. – Алматы: Жеті жарғы, 1996. -314 бет.

11. Лившиц Ю.Д. Меры пресечения в советском уголовным процессе. – М., 1964. -138 бет.

12. Кенжебекова Ж. Бұлтартпау шараларының қалыптасуы мен даму тарихы. Құқықтық реформа кезеңдері //Заң, 2007. №7.

13. Петрухин И.Л. Свобода личности и уголовно-процессуальное принуждение.-С.1985.-239 бет.

14. Эькинд П.С. Цели и средства их достижения в советском уголовно-процессуальном праве. – Л., 1976. -143 бет.

15. Ханов Т.А. Теория и практика примененния залога как меры пресечения. –Алматы: Данекер, 2003. - 109 бет.

16. Миклашевский В.В. О средствах представления обвиняемого в суд и пресечения ему способов уклониться от следствия и суда. Том 1. –Варшава, 1872. -269 бет.

17. Медведева О.В. Залог и поручительство в системе мер уголовно-процессуального принуждения по законодательству РФ. Дисс. к.ю.н.-Волгоград, 1998.-195 бет.

18. Буряков А.Д. Меры пресечения в советском уголовном процессе: Дисс… к.ю.н. – М., - 1967, -158 бет.

19. Бойков А.Д., Карпец И.И. Курс советского уголовного процесса. Москва. -1989. -505 бет.

20. Михайлов В.А. Применение залога в россиском уголовном процессе. – Омск, 1993. – 145 бет.

21. Сарсенбаев Т.Е. , Хан А.Л. Уголовный процесс. Досудебное производство. –Астана, -2000. -213 бет.

22. Бұлтартпау шарасы ретінде кепіл және үйде қамап ұстау туралы Нұсқаулықтарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2005 жылғы 18 қазандағы N 56, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2005 жылғы 22 қазандағы N 187, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 6 қазандағы N 590, Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағысының 2005 жылғы 7 қазандағы N 214 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 26 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3947 –Алматы. -2009. -18 бет.

23. Нұрмашев Ү.Ө. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы. -Алматы: Жеті жарғы, 2008.-365 бет.

24. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. Алматы: Юрист. - 2010. – 200 бет.

25. Когамов М.Ч. «Комментарий к уголовно-процессуальному кодексу Республики Казахстан. Общая и особенная части (по сотоянию законодательства на 1 сентября 2008 года)» Алматы «Жеті Жарғы» 2008 -896 бет.

26. Ахпанов А.Н. Проблемы уголовно-процессуального принуждения в стадии предварительного расследования. – Алматы: «Жеті Жарғы», -1997. – 176 бет.

27. Гинзбург А.Я., Левшиц Ю.Д. Меры пресечение и задержания в советском уголовном процессе. Учебное пособие для слушателей заочников. А., 1961. -198 бет.

28. Розин Н.Н. Угловное судопроизводство. – М., 1916. – 584 бет.

29. Ленин В.И. Полн. собр. соч. т. 33, 406 бет.

30. Базылев Б.Т. К вопросу об определении понятия государственного принуждения. Труд Томский унив.- Т.-1968.-161 бет.

31. Алексеев С.С. Социальная ценность прав советском обществе.-М.,1971.-223 бет.

32. Корнуков В.М. Меры процессуального принуждения в Советском уголовном процессе. Саратов, 1978. -137 бет.

33. А.А. Лиеде Общественное поручительство. Рига, 1963, - 168 бет.

34. Франк Л.В. Задержание и арест подозреваемого в советском уголовном процессе. Душанбе. 1963.-236 бет.

35. Е.Ерешев. Қылмыстық іс жүргізу. Жалпы бөлім. Алматы, 2006. -234 бет.

36. Фойницкий И. Курс уголовного судопроизводства. Т. 2- СПб: Альфа, 1996. – 605 бет.

37. Соловьев А., Гельфранд И. Задержание подозреваемого и применение меры пресечения. Киев. -1964. -185 бет.

38. Еникеев З.Д. Применение мер пресечения по уголовным делам. – Уфа, 1978. – 104 бет.

39. Савицкий В.М. Очерк теории прокурорского надзора. -М., 1975. -383 бет.

40. Давыдов П.П., Якимов П.П. Применение мер процессуального принуждения по основам уголовного судопроизводства Союза ССР и союзных республик. – Свердловск, 1961. - 240 бет.

41. Корнуков В.М. Меры процессуального принуждения в уголовном судопроизводстве. Саратов. 1978. -217 бет.

42. Булатов Б.Б. Эффективность мер пресечения, не связанных с содержанием под стражей. – Омск, 1984. - 108 бет.

43. Петрухин И.Л. Неприкосновенность личности и принуждение в уголовном процессе. –М., 1989. -256 бет.

44. Вершинина С.И. Залог в системе мер пресечения. Дисс. к.ю.н. Самара. -1998. – 177 бет

45. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – Алматы: ААО Юрист, 2010. -230 бет.

46. Қазақстан Республикасының Жер кодексі. – Алматы: ААО Юрист, 2010. – 48 бет.

47. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 ҚР Заңы. – Алматы: ААО Юрист, 2010. -112 бет.

48. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының мұрағаты. № 00898080165 қылмыстық іс.

49.  Божьев В.П. Уголовно-процессуальные правоотношения. – Москва: Юридическая литература, 1975. – 176 бет.

50. Прокуратура туралыҚазақстан Республикасының 1995 ж. 21 желтоқсандағы № 2709 Заңы. – Алматы: ААО Юрист, 2010. -17 бет.

51. Коврига З.Ф. Уголовно-процессуальное принуждение. – Воронеж, 1975. - 175 бет.

52. Гуценко К.Ф. Уголовная юстиция США. – М., 1993. 207 бет.

53. Величко А.В. Правовое регулирование примемении залога как меры пресечения в уголовном процессе. Дисс…к.ю.н. - Москва -2001. -181 бет.

54. Бутов В.Н. Уголовное судопроизводство Австрийской республики: опыт и проблемы организации и деятельности: Дисс. д.ю.н. – Москва, 1995. -193 бет.

55. Зинатуллин З.З., Корнуков В.М. Меры процессуального принуждения и его эффективность. – Саратов, 1978. -214 бет..

56. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының мұрағаты. № 009550980908 қылмыстық іс.

57. Ханов Т.А. Обеспечение имущественных прав личности при применении мер принуждения в уголовном судопроизводстве Республики Казахстан. - Караганда: КарЮИ МВД РК, 2006. -172 бет.

58. Смирнов С.В. Проблемы реализации в уголовном процессе права на возмешение ущерба, причиненного преступлением, в условиях прехода государства к рыночной эканомике. Дис.. к.ю.н. – Нижний Новгород, 1994. -204 бет.

59. Михайлов В.А. Уголовно-процессуальные меры пресечения в судопризводстве Российской Федерации. – М.,1997. -299 бет.

60. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы ҚР Президентінің Жарлығы: Параграф ААО. -2010. -14 бет.

61. Капсалямов К.Ж. Уголовно-процессуальная сущность залога // Законотворчество и правоприменение в Республике Казахстан: вопросы теории и практики. – Караганда,1997. - 105 бет.

62. Гранкин М. Залог как мера пресечения //Российская юстиция, 1998. № 6. 79 бет.

63.     http://www.pravstat.kz

64. Онгарбаев Е.А. Особо тяжкие преступления по уголовному праву   

Республики Казахстан // Научные труды Карагандинской высшей школы

КНБ. – Караганда: КВШ КНБ РК, Выпуск 2, 1998. – 73 бет.

65. «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР

Заңы. – Алматы: ААО Юрист, 2010. - 9 бет.

66. Григорьева А.Е. Вопросы и теории и практики избрания следователями ОВД отдельных мер пресечения: залога и домашнего ареста. Дисс. к.ю.н. – Красноярск, 2009. – 194 бет.

67. Шаповалова Т.И. Залог как мера пресечения в уголовном процессе и его применение следователями ОВД. Автореферат дисс. к.ю.н. – М.,28 бет.

68. М.А. Чельцов Уголовный процесс. - М., 1948. -336 бет;

69. Гуценко К.Ф. Уголовный процесс. - М., 1997. -162 бет.

70. Колоколов Н.А. Меры пресечения имущественного характера //Российская юстиция, 1998. №12. 41-42 беттер.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 64; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.013 с.)