Сыныпқа психологиялық-педагогикалық мінездеме 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сыныпқа психологиялық-педагогикалық мінездеме

Поиск

Сыныпқа психологиялық-педагогикалық мінездеме

Ақтөбе қаласының үш тілде оқытатын № 21 орта-мектеп гимназия

Сынып:5 «Г»              

Оқушылар саны:30  

Сынып жетекшісі:Жубаева А.О.

Сыныпқа берілген жалпы сипаттама:5 «Г» сыныбында барлығы 30 оқушы оқиды. Олардың 17-сі ер бала, 13 – қыз бала. Қыз балалар ер балалармен салыстырғанда сабақ үстінде және мектепішілік іс-шараларға белсенділік танытады. Оқушылардың басым бөлігі сабақ уақытында белсенді іс-әрекетке ие. Сыныптағы оқушылардың әлеуметтік деңгейі жақсы қамтылған. Көпбалалы жанұяның оқушылары – 4, толық емес отбасы -2, аз қамтылған отбасы жоқ.

Сыныпқа жалпы психологиялық сипаттама:: Зерттеу нәтижесі бойынша, сыныптағы ресми емес топ лидері – Серікова Айнұр. Ресми лидер – Еңсегенова Дильназ. Жүргізілген зертеу нәтижесі бойынша 11%. – холерик (Балмұханова А., Сәрсенғали Д., Сембаев А.)-сезімтал, тынымсыз, шамданғыш, көңіл-күйі өзгергіш, оптимист, белсенді, пысық, бейқам, сенгіш, ашуланшақ.   Сангвиниктер -21% (Досниязова Ә., Төлепбергенова А., Коптлеуова Д., Нұрбекұлы Н.,Курмантаев Е., Самат М.)– ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, өмір сүйгіш, уайымсыз, беймаза емес, басшылыққа бейім. Флегматиктер -25% (Ибраев М., Калиева А., Лепесов С., Мұхамбетқали Е., Нұрдәулетова С., Өмірбек Ә., Серікова А.) - сақ, енжар, байыпты, өзге ге жақсылық тілегіш, ынтымақшыл, өз ісін ойлап істейтін сенімді, тұрақты, бірқалыпты адамдар.Меланхоликтер - 4% (Чутенов Д. )– беймаза, ренжігіш, ойлампаз, қырағы, тұйық, ұстамды, көп сөзі жоқ. Аралас тип - 39% екені анықталды.

Сынып жетекшісі мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас жақсы қалыптасқан. Оқушылар сынып жетекшісін жағымды қабылдайды. Сынып жетекшісінің оқушылармен сөйлесу мәдениеті жоғары деңгейде.

Менің бақылауым бойынша сыныптағы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы орта деңгейде, оқушылардың арасында кикілжің болып тұратын кездер де бар. Бір-бірімен сөйлесу мәдениеті жақсы, бір – бірің сыйлай біледі. Сыныпқа жаңадан келген оқушыға сын көзбен қарайды. 

Оқушылардың танымдық деңгейі: Сынып оқушыларының білімге деген құштарлығы мен қызығушылығы жоғары. Сынып оқушыларының басым бөлігінің есте сақтау жоғары деңгейде. Өткізілген әдістеме бойынша дыбыстық есте сақтау-64% ,көріп есте сақтау - 50%, моторлы есте сақтау - 54%, көру-есту-моторлық есте сақтау - 49% көрсетті. Сыныптың орташа зейін деңгейінің көрсеткіші - 67%. Сыныптың II тоқсан қорытындысы бойынша кластың сапа көрсеткіші - 73%. Топтық жұмыстарда, түрлі жарыстарда белсенділік танытады. Оқушылар қосымша ізденуге, шығармашылыққа бейім. 

Оқушылардың қызығушылығы:топпен жұмыс жасағанды ұнатады, спортқа, өнерге қызығушылық танытады. Мектепішілік – би, тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысады. Сабақтан тыс қосымша ағылшыл тілі, таэквондо, жүзу және бейнелеу өнері  үйірмелеріне қатысады. Оқушылардың сауалнамаға жауап беруі бойынша, 55%-ы математика пәнін ұнатады.

Ұсыныс: Сынып жетекшісі оқушыларды мектептегі қоғамдық шараларға көбірек қатыстыра отырып, оқушылардың жауапкершілігін арттырсын. Тәрбие сағаттарын және сыныптан тыс шараларды оқушылардың бір-біріне деген бауырмашылдығын арттыру мақсатында және өзара қарым-қатынас, сыйластық мәдениетін қалыптастыру мақсатында көбірек өткізу.

 

 

Психолог-практикант: Жармұханбет Нұржайнар, Үрімова Салтанат



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 109; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.)