Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
н: «Сылдырмақ» (сылдырмақпен ұлдар)Содержание книги
Поиск на нашем сайте Ән: «Сылдырмақ» (сылдырмақпен ұлдар) Тәрбиеші: Балалар, естіп тұрсыңдар ма? Бізге қонаққа кім келе жатыр екен? Әуен ойнайды. Залға Ақшақар кіреді. Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сендер мені таныдыңдар ма? Мен Ақшақармын. Аппақ қардан жаралғанмын. Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, ақшақар қандай әдемі?! Қош келдің ақшақар. Ақшақар: Бүгін сендер сондай әдемісіңдер, мерекеге жиналдыңдар ма? Қандай мереке жиналдыңдар? Тәрбиеші, балалар: Жаңа жылға жиналдық. Ақшақар: Бұл менің ең жақсы көретін мерекем. Бұл күні шырша әдемі күйге бөленеді. Балалар, шыршаларың қандай әдемі?! Ал шыршада ілініп тұрған нелер? Балалар: Ойыншықтар. Ақшақар: Ойыншықтар әдемі ме? Балалар: Иә, әдемі. Ақшақар: Ойыншықтар әдемі екен. Ал шырша шамдары жанбай тұр екен. Балалар, шыршамен ойнаймыз ба? Қане, бәріміз шапалақтайықшы. (шырша шамы жанады) Енді шыршаға үрейікші. (шырша шамы сөнеді) Ойын 3 рет қайталанады. Тәрбиеші: Енді шыршаға арнап би билеп берейікші. Менің кішкене ақұлпа қыздарым қайда? Келіңдер, шыға қойыңдар. Би: «Шырша ойыншығымен би» Енді Ақшақарға арнап жаттаған тақпақтарымыза айтып берейік. Ақшақар: Айта қойыңдар балалар. Қане, тақпақ айтуға кім дайындалып келді? Жаңа жылды қарсы алып Барлық бала ән салып Ақшақар жүр би билеп, Қол соғады барша жұрт.
Қар атып ойнайды Таласып ойнайды Тоңса да балалар Ойынға тоймайды.
Ақ көрпесін жамылып Ұйықтап жатқан дала бұл Балаларды сағынып Келді міне, Жаңа жыл.
Ақшақар: Жарайсыңдар балалар. Енді айналаға қарайықшы, мында қар жетіспейтін сияқты. Балалар, мына жерді қарға толтырамыз ба? Ойын: «Қар лақтыру» Ақшақар: Ой балалар, мына жерде қорқып отырған не? Қоян жүгіріп шығады: Ой-ой-ой. Мен қорқып кеттім ғой. Маған қар лақтырған кім? Ақшақар: Ой аққоян, сен ештеңеден қорықпа. Кел, бізбен бірге мерекені тойла. Тәрбиеші: Балалар аққоянның көңілін көтереміз бе? Ақшақар: Келіңдер балалар аққоянмен бірге ойын ойнайық. Ойын: «Аққоян» Ақшақар: Аққоян, сенің көңілің көтерілді ме? Аққоян: Рахмет сендерге балалар, менің көңілім көтерілді. Енді менің қарным ашып тұр. Маған сәбіз керек. Тәрбиеші: Балалар, аққоянға тездетіп сәбіз жинап берейікші. Оның қарны аш екен. Ойын: «Сәбіз жинау» Аққоян:Рахмет сендерге балалар.Менің сүйікті сәбіздерімді жинап бердіңдер. Ақшақар: Балалар, мен шырша астына сыйлық дайындап қойып едім. Соны таба алмай тұрмын. Сендер маған көмектесіңдерші. Қәне сыйлықты іздеп тауып алайықшы. Тәрбиеші: Балалар, келіңдер, ақшақардың сыйлығын іздеп көрейік. Балалар сыйлықты іздеп тауып алады. Топқа барып сыйлықты бөліседі.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 60; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.) |