Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Бірінші кішілер «Балапан» тобына арналғанСодержание книги
Поиск на нашем сайте №49 «Ақ ниет» МКҚК Бірінші кішілер «Балапан» тобына арналған жаңа жылдық ойын-сауық. Тақырыбы: «Біздің шырша» Музыка жет: А.Ш.Карина 2016 ж Бірінші кішілер тобына арналған жаңа жылдық ойын-сауық. Тақырыбы: «Біздің шырша» Балалар жаңа жыл әнімен залға кіреді.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, айнала қандай әдемі.Мына ортада тұрған шыршаға қараңдаршы, әдемі безендірілген екен. Балалар, сендерге ұнады ма? Біздер бүгін жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Мерекелерің құтты болсын. Енді жаңа жылға арналған әнімізді айтып берейік. Ән: «Мерекеге келдік» Мерекеге келдік Тақпақ айтып бердік Ойыншықтарын тізген Шыршаны да көрдік.
Аяз ата келді Тамашаны көрді Риза болып қуанып Бізге сыйлық берді. Тәрбиеші: Балалар, енді шыршаға арнап жаттаған тақпақтарыңды айтып беріңдерші. Шыршаға бардық Әсем ән салдық Аяз атадан Сыйлықтар алдық
Қуантып елді Жаңа жыл келді Өсетін болдым Бір жасқа енді
Аққала жасалды Мереке басталды Аяз ата сыйлықпен Балаларды қуантты
Залға Аққала кіреді: Менің атым Аққала Ән саламын шаттана Аққаланы айналып Кел, ойнаңдар, шаттана. Балалар, сендер мені таныдыңдар ма? Мен Аққаламын. Мен қардан жасалғанмын. Сендер менің қасымда тоңып тұрған жоқсыңдар ма? Балалар: ЖОҚ. Аққала: Сендер сонда аяздан қорықпайсыңдар ма? Балалар: ЖОҚ. Аққала: Ал егер қолдарың тоңып қалса не істейсіңдер? Тәрбиеші-балалар: Біз шапалақтаймыз. Аққала: Ал егер аяқтарың тоңса ше? Тәрбиеші-балалар: Біз топылдатамыз. Аққала: Ал егер мұрындарың тоңса ше? Тәрбиеші-балалар: Біз уқалаймыз. Аққала: Сендер бәрін біледі екенсіңдер. Енді менімен ойын ойнайсыңдар ма? Балалар: Ойнаймыз. Ойын: «Мұз жинау» Әуен ойнайды. Сайқымазақ секіріп билеп кіреді. Сайқымазақ: Балалар, сендер қандай әдемісіңдер? Ал шыршаларың қандай сәнді?! Жаңа жылдарың құтты болсын! Тәрбиеші: Қош келдің Сайқымазақ. Балалар, бізге қонаққа Сайқымазақ келді. Өзі сондай көңілді жүреді. Ол үнемі секіріп билеп жүреді. Сайқымазақ: Иә, балалар, мен үнемі секіріп билеп жүремін. Балалар, сендер менің әдемі сылдырмағымды көрген жоқсыңдар ма? Мен сылдырмағымды таба алмай жүрмін. Тәрбиеші: (Шырша астынан сылдырмақ алып) Мына сылдырмақ емес пе? Сайқымазақ: Тап өзі. Рахмет сендерге. Тәрбиеші: Біздер сылдырмақ туралы ән де білеміз ғой. Енді сылдырмақпен ән айтып берейікші.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.) |