IV. «Студенттік бал-2020» байқауының өткізілу мерзімі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

IV. «Студенттік бал-2020» байқауының өткізілу мерзімі

Поиск

IV. «Студенттік бал-2020» байқауының өткізілу мерзімі

2019 жылдың желтоқсан айының 7 мен 18 аралығы.

 

V. Байқауға қатысушылар

Байқауға университетіміздің студенттері өтініш білдіру арқылы қатыса алады. Оған қоса, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары, жастар ұйымдарының көшбасшылары, студенттік клубтар, шығармашылық және орындаушылық қабілеттері бар жастар.

*Байқауға қатысуға өтінім үлгісі №2, №4 қосымшада.

VІ. Номинациялар

       Жаңа жылдық «Студенттік бал – 2020» мерекелік шарасының номинацияларын анықтайды.

· Бас жүлде «Жыл студенті – 2019»

· «Үздік волонтер-2019»

· «Ең үздік жастар ұйымы – 2019»

· «Ең үздік жастар клубы – 2019»

· «Ең үздік студенттік деканат – 2019»

· «Ең үздік белсенді студент – 2019»

· «Жыл серпіні – 2019»

· «Үздік көшбасшы-2019»

· «Үздік ғалым-2019»

· «Медиа студент-2019»

*Номинациялар туралы толық мәлімет №3 қосымшада.

VІІ. Комиссия мүшелері

       «Жыл студенті – 2019» номинациясы университеттің декан сағатында қарастырылады. Қалған номинацияларды анықтау үшін комиссия мүшелері М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің бекітуімен университетіміздің құрылымдық бөлімдерінің басшыларынан құрылады.

VІІІ. Байқау қорытындысы

           Байқау жеңімпаздарына комиссия мүшелерінің шешіміне сәйкес, ұйымдастырушылар тарапынан Жаңа жылдық мерекелік кеш аясында өткізілетін «Студенттік бал – 2020» мерекелік шарасының салтанатты рәсіміне шақыру қағазы беріліп, онда университет ректорының атынан бір айлық шәкіртақы көлемінде сыйақы мен арнайы дипломдар табысталады.

ІХ. Өтініш қабылдау ережесі мен тәртібі

           Университеттік «Жыл студенті – 2019» байқауына барлық студенттер, жастар ұйымдары және студенттік деканаттар қатысуға толық құқылы. Өтініштер мен ұсыныстар:
«Ең үздік жастар ұйымы – 2019», «Ең үздік жастар клубы – 2019», «Ең үздік студенттік деканат – 2019»  номинациялары бойынша 2019 жылдың 11 желтоқсанына дейін қабылданады. Аталмыш номинацияларға іріктеу әлеуметтік желілерде дауыс беру арқылы анықталады.

     «Жыл студенті – 2019»,«Үздік волонтер-2019», «Ең үздік белсенді студент – 2019»

 «Жыл серпіні – 2019», «Үздік көшбасшы-2019», «Үздік ғалым-2019» және «Медия студент-2019»номинациялары бойынша 2019 жылдың 15 желтоқсанына дейін қабылданады.

 

Анықтама үшін мәліметтер: Тараз қаласы, Қ.Сәтбаев көшесі, 18 үй. Тел./факс: 87074561744                         

 

                                                                                                                                     №1 қосымша



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 54; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.005 с.)