Келісемін». Бекітемін». ЖаҢа жылдыҚ. Студенттік бал-2020». Мерекелік шарасыныҢ. Ережесі. Тараз қаласы, 2019 жыл. І. Жалпы ереже. Іі. Ұйымдастырушылар. Ііі. Мақсаты мен міндеті 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Келісемін». Бекітемін». ЖаҢа жылдыҚ. Студенттік бал-2020». Мерекелік шарасыныҢ. Ережесі. Тараз қаласы, 2019 жыл. І. Жалпы ереже. Іі. Ұйымдастырушылар. Ііі. Мақсаты мен міндеті

Поиск

«КЕЛІСЕМІН»

М.Х.Дулати атындағы                          Тараз мемлекеттік университетінің

Жастар ісі жөніндегі комитет

төрағасы А.Б.Ултанбаев

______________________

«__»____________2019 жыл

«БЕКІТЕМІН»

М.Х.Дулати атындағы

Тараз мемлекеттік университетінің

ректоры п.ғ.д., профессор

М.Н.Сарыбеков

_______________________

«__»___________2019 жыл



ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ

«СТУДЕНТТІК БАЛ-2020»

МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫНЫҢ

ЕРЕЖЕСІ

Тараз қаласы, 2019 жыл

І.Жалпы ереже

    Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. «Жастар жылын» қорытындылау мақсатында ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында жаңа жылдық «Студенттік бал-2020» мерекелік шарасы өткізіледі. Аталмыш шараға Тараз мемлекеттік университетінен 400 студентті қатыстыру жоспарлануда. Балға қатысу құрметіне ие болған студенттер факультет декандары ұсынған арнайы тізімге сәйкес жинақталады. Студенттік бал аясында «Жыл студенті-2019» номинациясына, 8 факультет «Үздік студенттік деканат-2019» номинациясына, 12 студенттік жастар ұйымы «Ең үздік студенттік ұйым-2019», «Ең үздік студенттік клуб-2019» номинацияларына және «Ең үздік белсенді студент-2019», «Жыл серпіні-2019», «Үздік көшбасшы-2019», «Үздік волонтер-2019», «Үздік ғалым-2019», «Медиа студент-2019» номинациялары бойынша байқауға (ары қарай байқау) арнайы ережеге сәйкес, университіміздің білімді, талантты, белсенді, дарынды жастарын іріктеп, үздіктердің-үздігін анықтауға бағытталған.

ІІ.Ұйымдастырушылар

- Тараз мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитеті

Мақсаты: Бүгінгі студенттердің сапалы білім алумен қатар жан-жақты тұлға болып қалыптасуына ықпал ету, студент жастарды патриоттылыққа, шығармашылыққа баулу, эстетикалық дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту мен ұжымдық мәдениетін арттыру. Сонымен қатар білім, ғылым, спорт, мәдениет, өнер салалары бойынша және облысымыздың қоғамдық-саяси жұмыстарына белсене араласып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген студентерді марапаттау болып табылды.

Міндеттері:             

- студент жастар арасында азаматтық белсенділік идеясын жүйелі түрде насихаттау арқылы олардың әлеуметтік белсенділіктерін арттыру;

- мемлекет пен қоғамда дарынды, белсенді студенттерді қолдау мәселесін шешуге бағыттау;

- студент жастардың өзін-өзі басқаруына жағдай жасау арқылы әлеуетін жетілдіру;

- жастар ұйымдарының көшбасшылары мен студент жастар арасында байланыс орнатудың әлеуметтік және кәсіби оң имиджін қалыптасыру;

- облыс студенттерінің этносаралық және мәдениетаралық қарым-қатынасын нығайту.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 63; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.005 с.)