ақырықты микроскопиялық зерттеу. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ақырықты микроскопиялық зерттеу.

Поиск

Қақырықты микроскопиялық зерттеу.

Зертханаға әкелінген қақырықты Петри табақшасына құйып, одан шпатель көмегімен керекті мөлшері алынып, микроскоппен зерттегенде қақырық құрамындағы жалпы микрофлора, Кох бацилласы, гранулоциттер, эритроциттер, эпителий, эластик талшықтар, фибрин, гемотоидин және холестерин кристалдары, ісік ,т.б. патологиялық жасушаларды анықтау жүргізіледі. Қақырықтағы негізгі морфологиялық элементтер.

Панненгейм және Романовский әдісімен дайындалған препараттарда эозинофильдер мен Шарко-Лейден кристалдарының мөлшерден артық табылуы брон демікпесі мен эхинококк ауруында, эритроциттердің табылуы туберкулез, актиномикоз, бронхоэктазия ауруы, өкпе обыры, мерезде ауруында, лейкоцитердің кебеюі іріңді процесстерде, эластик талшықтардың көбеюі қабыну процестері немесе қатерлі ісіктерде(туберкулез, өкпе абсцесі мен өкпе обыры), Куршман спиралдары бронхиттерде, бронх демікпесінде, фибриннің анықталуы қабыну процесстерінде, гематоидин кристалдары өкпе абсцесі мен өкпе гангренасында, холестерин кристалдары қатерлі ісікте, өкпе абсцесі мен эхинококкта кездеседі, күріш келемді түйіршіктер созылмалы туберкулезді каверналарда кездеседі, «Эрлих Тетрадасы» - қатайған эластик талшықтар, бөлшектер, холестерин кристалдары, туберкулез бацилласы - туберкулез ауруында кездеседі.

Қақырықты бактериологиялық зерттеу.

Бактериоскопиялық әдіспен қақырық құрамындағы патогенді саңырауқұлақтар, спирохеттар ( ұзын, бұранда тәрізді бактериялар), туберкулез бацилласы, стрептококк, стафилококк, микрококк, микоплазма т.б. микрофлоралар анықталады. Бактериологиялық зерттеу жүргізуге өкпе абсцесі ошағынан немесе инфильтрат аймағынан алынған пунктат, қақырық, бронхтарды тазалағанда бөлінген сұйықтық алынады. Қақырықты зерттеуге алудан алдын науқас ауыз қуысы ментістерін тазалап, кейін қайнатылған сумен ауыз қуысын шайқайды, науқас жөтелген уақытта қақырықты Петри табақшасына жинап, жиналған материал зертханаға 2 сағат ішінде жеткізіледі. Зерттеу жүргізу үшін түрлі қоректендіру орталары қолданылады. Зерттеу сапасының жоғарылығы материалдың дұрыс жиналуына, өз уақытысында тасымалдануына, сақталу , зерттелу техникасына тікелей байланысты.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 90; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)