Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Нәжісті бактериологиялық зерттеу.Содержание книги
Поиск на нашем сайте Нәжісті бактериологиялық зерттеу. Бактериологиялық зерттеу көмегімен нәжіс құрамындағы дизентерия, сальмонеллез қоздырғыштары, стафилакокк энтерококк, иерсин, саңырауқұлақ, клостриальды немесе басқа анаэробты бактерия және дисбактериоз анықталады, оба ауруы дамуына күдік пайда болғанда нақты диагноз қою үшін, нәжіс арнайы қоректендіру орталары көмегімен зерттеледі. Паразитологиялық зерттеу. Паразитарлық патологиялар арасында ішек протозоозы жиі кездеседі және ол симптомсыз дамиды. Диагноз қою тек зертханалық зерттеу көмегімен жүзеге асырылады. Зерттеу көмегімен нәжіс құрамындағы гельминт түрлері, олардың жұмыртқалары тексеріледі. Ең тиімді әрі қарапайым әдіс бүл «Фюллеборн әдісі». Зерттеу үшін арнайы әйнек таяқшамен 3-5 гр. мөлшерде нәжіс алынып оны 15-20мл 35% натрий хлор ерітіндісімен араластырып, металл елекпен сүзіп, оған натрий хлор ерітіндісін қосып, 50 мл ыдыста 1 сағатқа қойып бақылаймыз. Бір сағаттан кейін арнайы затпен беткейіндегі қабат және тұнбаның жартысы алынып микроскоп көмегімен зерттеледі. Қақырықты зерттеу. Қақырық бұл тыныс жүйесі ауруларында науқас жөтелгенде бөлінетін патологиялық өнім. Қақырықты зерттеу жолдары; 1. жалпы клиникалық зерттеу. 2.микроскопиялық зерттеу. 3.бактериологиялық зерттеу. Жалпы клиникалық зерттеу. Зерттеуге қақырық таңертеңгісін ашқарынға алынады. Зерттеуден алдын науқастың ауыз қуысында тағам қалдықтары болмауы керек жэне науқас ауыз қуысын ас содасымен немесе фурацилин немесе калий перманганат ерітіндісімен шаюы керек, кейін қақырық таза, құрғақ ыдысқа алынады, жиналған қақырық 2 сағат ішінде зертханаға жіберіледі. Микроскопиялық және бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін зертханаға түкіргіш немесе арнайы қақпағы бар ыдысқа бір тәулік ішінде жиналған қақырық жіберіледі. Қақырық құрамындағы микрофлораның антибиотикке сезімталдығын анықтау үшін, қақырық арнайы зарарсыздандырылған ыдысқа - Петри табақшасына алынады. Қақырық құрамындағы туберкулез микобактериясын анықтау үшін қақырықты бір тәуліктен үш тәулікке дейін жинауға болады. Қақырық құрамындағы ісік жасушаларын анықтау үшін, науқас қақырығы жаңа қалпында арнаулы ыдысқа салынып зертханаға тез жөнелтіледі. Жалпы клиникалық макроскопиялық зерттеу барысындақақырықтың мөлшері, иісі, түсі, сипаты, консистенциясы, формасы тексеріледі.Абсцесс, гангрена, бронхоэктазиялық ауруда қақырық мөлшері бір тәулікте 500 мл және одан да көп мөлшерде бөлінеді. Өткір бронхитте бір тәулікте 2-5 мл қақырық бөлінеді. Шіріген сасық иісті қақырық өкпе абсцесінде, өкпе гангренасында, және өкпе обырының ыдырау кезеңінде кездеседі.Басқа патологияларда қақырықтың иісі болмайды.Қақырық сипаты оның құрамына байланысты. Қақырық құрамында шырыш, ірің, сұйықтақ, фибрии болуы мүмкін. Қақырық сипатына қарай шырышты, шырышты - іріңді, іріңді, қанды жэне серозды болады. Іріңді қақырық созылмалы кілегейлі, ірінді бронхитте, бронхоэктазия ауруында, өкпе абсцесінде, ал шырышты немесе шырышты - іріңді қақырық бронхиттерде, пневмонияда кездеседі. Қақырықтың түсі оның сипатына байланысты. Қақырыққа қанның араласуы өкпе обырында, бронхоэктазия ауруында жэне жүрек демікпесі ұстамасында кездеседі. Крупозды пневмонияда қақырық тот түсті болады. Бронх демікпесінде қақырық шырышты, жабысқақ қою болады. Ақ сұрнемесе сұр түсті қақырық - шырышты қақырыққа тән, Қақырықтың консистенциясы; созылмалы шұбалаңқы, жабысқақ қою, сұйық болуы мүмкін. Қақырық формасы түйір, кейде түйіршікті болады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 75; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.) |