Жұмыстың орындалу тәртібі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жұмыстың орындалу тәртібі

Поиск

 

Концентраттың ыдырауы вольфрамит үшін кальцинирленген содамен немесе шеелит үшін сода мен кварцты құммен 800-9000С-та жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда шеелит пен вольфрамит ерігіш натрий вольфраматын түзеді:

 

шеелит үшін: CaWO4+Na2CO3+SiO2=Na2WO4+CaSiO4+CO2

 

вольфрамит үшін: 2Fe(WO4)+2Na2CO3+1/2O2=Na2WO4+Fe2O3+2CO2

 

Шихтаға соданы азғана артық қосылуы (10-15%) вольфрамитті концентраттың толық ыдырауымен қамтамасыз етеді.

Темір мен марганецті тотықтыру үшін кольфрамитті концентраттқа шихта массасынан 0,5-4% мөлшерде селитра қосылады. Шеелитті қайта өңдеуде шихтаға ерімейтін силикаттағы кальцийді баланыстыру үшін кварц құмы қосылады. Күйдіру (спекание) процесі айналмалы пеште 2-3 сағат жүргізіледі. Концентраттың толық күйдірілгені (спекание) вольфрамның ерігіштігі мөлшерімен (98-99%) анықталады.

Пештен шығарылған күйдірінді (спек) ұсақталған соң 2-3 рет қызыра отырып сумен сілтісіздендіріледі. Сілтісіздендіру процесі механикалық араластырғышы бар чанда жүргізіледі. Ерітіндіге натрий вольфраматы және натрий силикаты, фосфат түріндегі қосындылар өтеді. Ерімеген бөлігінде темір мен марганецтің тотықтары қалады. Сүзгіден өткен соң тұнба шайылады, ал сүзілген сілтілер әрі қарай қайта өңдеуге жіберіледі. Шайылған сулар сілтісіздендіруге қайтарылады, ал қалдықтар үйіндіге жіберіледі немесе вольфрамды толығымен бөліп алу үшін қосымша қайта өңдеуге бағытталады.

Қайнағанға дейінгі қыздырылып сүзілген сілтіден вольфрам кальций вольфраматы күйінде кальций хлоридімен тұнбаланады:

 

NaWO4+CaCl2=CaWO4+2NaO4+2NaCl

 

Тұнбалану процесі болаттан немесе ағашттан жасалынған араластырғышы бар чанда жүргізіледі.

    Кальций вольфраматы ақ кристалды түрінде оңай тұнбаланады. Тұнба сүзілген соң концентрлі тұз қышқылымен 70-800С-та ыдырау реакциясына түседі:

 

CaWO4+2HCl=H2WO4+CaCl2

 

Кальций вольфраматының ыдырауы барысында сонымен қатар құрамындағы фосфор, мышьяк, молибден және кремний қосыныдыларының да ерігіштігі артады. Олар ыдырау барысында вольфрам қышқылын ластайды. Сондықтан бұл қосындылардан тазарту үшін тұнба аммиакпен өңделеді де ерігіштігі артып аммоний вольфраматын түзеді:

 

H2WO4+2NH4OH=(NH4)2WO4+2H2O

 

Қосындылар тұнбада қалып қояды.

Аммоний вольфраматы ерітіндісіннен вольфрам аммоний паравольфраматы ретінде нейтрализациялау әдісімен тұнбаланады. Ерітінді тұз қышқылымен реакцияласып нейтрализацияланады.

 

12(NH4)2WO4+14HCl+4H2O=5(NH4)2O*12WO3*11H2O+14NH4Cl

 

Ерітінді 24 сағат аралығында амоний паравольфраматының кристалдары толығымен бөлінеді. Олар қосымша тазартуды қажет етпейді.

    Үшоксидті вольфрамды алу үшін аммоний паравольфраматын муфельді пеште 600-8000С температурада қыздырылады. Онда келесі реакция түзіледі.

 

5(NH4)2O*12WO3*11H2O+14NH4Cl→12WO3+ 10NH3+16Н2О

 

 

Үшоксидті вольфрамнан металдыкерамикалық әдіспен ұнтақ түріндегі металды вольфрам түзіледі. Ұнтақ тәрізді вольфрамнан престеу арқылы компакты метал алынады.

 

Бақылау сұрақтары

1. Таза вольфрам қосылыстарын алуда химиялық әдістердің түрлерін сипаттау

2. Вольфрамды концентраттарды қайта өңдеудегі стадияларды атаңыз

3. Кальций хлоридімен әрекеттесіп қандай реакция жүреді?

4. Тұнбалану процесі қайда жүргізіледі?

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 45; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.005 с.)