Вольфрамды концентраттарды қайта өңдеу 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Вольфрамды концентраттарды қайта өңдеу

Поиск

Зертханалық жұмыс

Вольфрамды концентраттарды қайта өңдеу

Теориялық мәліметтер

 

Вольфрамның таза қосылыстарын алу үшін кенді концентраттарды химиялық әдістермен қайта өңдейді. Химиялық әдістермен өңделген өнімдер болып ферроқорытпа өндірісінде қолданылатын кальций вольфраматы немесе металды вольфрамды алу үшін вольфрам ангидриді және вольфрам қышқылы, химиялық өндірісте және басқа мақсаттарда қолданылатын түсті металды қорытпалары, карбидтері және вольфрамның таза қосындылары болып табылады.

Вольфрамды концентраттарды қайта өңдеудегі барлық қолданылатын технологиялық схемалар келесі стадиялардан тұрады:

- вольфрамды концентраттардың ыдырауынан

- Таза вольфрамды  (98-99%) қосылыстардың (кальций вольфраматы, вольфрам қышқылы) алынуы

- жоғары дәрежедегі таза (99,9% жоғары) қосылыстарын алу үшін қосымша тазалануы.

Вольфрамды концентраттардың ыдырауының өндірістік әдістері сілтілі немесе қышқылды және пиро- және гидрометаллургиялық болып бөлінеді. Вольфрамды минералдардың сілтілі реагенттермен ыдырауында суда ерігіш натрий вольфраматы түзіледі, ал қышқылдармен ыдырауында – сонан соң аммиак ерітіндісінде еритін вольфрам қышықылы түзіледі.

Сонымен қатар аммоний сульфатымен, натрий сульфатымен және көмірмен немесе содамен күйдірілуі (спекания), хлорлану, фторидті ерітінділермен сілтісіздену, электролиздену және т.б. әдістерімен белгілі. вольфрамды концентратты сілтілі әдісі – содамен күйдіру немесе NaOH-пен 800-14000С-та балқыту және әрі қарай сумен сілтісіздендіру жүргізіледі.

Үшоксидті вольфрамды алу схемасына вольфрамды қышқылды, кальций және натрий вольфраматы және аммоний қосылыстарын алу процестері үйлесімді болып келеді. Бұл қосылыстар үшоксидті вольфрамды өндіруде аралық өнім болып табылады.

    Металды вольфрамды өндіру үшін қажетті таза оксидті вольфрамды (WO3), алу мақсатында күрделі химиялық және гидрометаллургиялық схемалары қолданылады. Олардың негізгі стадиялары:

-концентраттың ыдырауы

-техникалық вольфрам қышқылын алу

таза үшоксидті вольфрамды алуда вольфрам қышқылын тазарту

Үшоксидті вольфрам өндірісі концентраттың құрамына және соңғы өнімнің физикалық қасиеті мен талаптарға сай тазалықтарына байланысты әртүрлі технологиялық схемалары бойынша жүзеге асырылады.

Кеңінен таралған схема принципиальді күйде көрсетілген.

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 53; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.)