азақстанда оптикалық талшықты байланыс желісін іске қосу. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

азақстанда оптикалық талшықты байланыс желісін іске қосу.

Поиск

2.Қазақстанда оптикалық талшықты байланыс желісін іске қосу.

. Ол транзиттік және республикаішілік темір жол тасымалын сенімді ақпаратпен қамту арқылы бәселестікке сәйкестігі әлеуетін жоғарылатады.

Оптикалық талшықты байланыс желісі республика темір жолының Астана-Павлодар –Семей-Ақтоғай (1308шм), Шу-Арыс (Сарыағаш арқылы Өзбекстан шекарасына шығу)-Қызылорда- Қандыағаш (2067шм); Көк- Жаңаесіл (Пресногорков станциясына шығу) –Қостанай (576шм) өңірлері арқылы стратегиялық желілерін басып өтеді. Барлығы төрт мың шақырымға жуықтайды.
Тасымалдауды басқару орталығында байланыс желісін ҚР Ақпарат және байланыс министрі Асқар Жұмағалиев пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин іске қосты.
- Мемлекет Басшысы біздің алдымызға 2015 жылға дейін жергілікті телефон байланысын жүз пайыздық көлемде сандық жүйесіне қосуды және әрбір қазақстандықты Интернетпен қамтуды тапсырған болатын,- деп атап өтті салтанатты сәтте А. Жұмағалиев.- Алғашқы сандық желіні іске қосу осы мақсаттың бастапқы қадамы. Аталмыш магистральдық желіні іске қосу темір жол бойындағы елді мекендерді соңғы үлгідегі байланыс жүйесімен қамту арқылы еліміздің телекоммуникациялық нарығын байыта түседі.
Байланыс желісінің құрылысын ҚТЖ еншілес кәсіпорны – «Транстелеком» АҚ 2010 жылдың алғашқы жартысында бастаған болатын. 2011 жылдың тамыз айында құрылыс жұмысы аяқталып, жалпы ұзындығы 3951 шақырымдық желі пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ кепілдігімен «Транстелеком» АҚ есебіне Еуропалық қайта құру және даму банкісінің несиелік заемімен қаржыландырылды. Жобаның жұмысына «Alcatel-Lucent» компаниясы мердігерлік етті.
Жоба темір жол көлігін сенімді жоғары технологиялық байланыспен қамтудан туған болатын. Магистральдік кабел желісі темір жол станциялары мен жол айырықтарын да қамтып, телімдермен іргелес орналастырылды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Транстелеком» АҚ станцияларға жақын орналасқан кәсіпорындар мен мекемелерді қамту мақсатында магистральдік желіден арнайы тармақтарын шығарып қосты. Осылайша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Транстелеком» АҚ магистральдік кабел жүйесі мен соңғы үлгідегі арналармен жіберілетін құрылғылармен жабдықталды. Оның сыртында «Транстелеком» АҚ бірнеше бейтарап жолдарды жабдықтауға да магистральдік халықаралық және қалааралық желілерді қосуға да мүмкіндік алды.
Жаңа желі арқылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен оның еншілес кәсіпорындары күрделі ақпараттық ағындарды да автоматтандырылған жүйемен қамти алады.

«Транстелеком» АҚ жобасы арқылы халықаралық және қаларалық байланыс операторлығымен Қазақстанның телекоммуникациялық нарығында тапсырыс берушілердің сенімді де жоғары сапалы байланыс жүйесіне шығуына оң ықпал етті.


 

                                             Қорытынды

Бұл тәжірбиелік жұмыста оптикалық талшықтың параметрлерін,негізгі өлшеу құрылғыларын,генератор кабельдерді қарастырдым.

Бұл тәжірбиелік жұмыста оптикалық талшықтың негізгі параметрлері геометриялық және механикалық болып есептелетінін білдім.өлшеу құралдар бөлімінде ТО кабелдер үшін өлшеу құрылғыларының екі тобын қарастырдым.Олар: рефлектометрлер мен оптикалық тестерлер,тағы ҚР Ақпарат және байланыс министрі Асқар Жұмағалиев пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин 4000 шақырымдық жаңа оптикалық талшықты байланыс желісін іске қосқаның білдім.Барлық Мәліметті кітапптан және интернеттен қарастырып жіктедім.

     

             

 


            Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Тюрин В.Л. Многоканальная связь на железнодорожном транспорте. - М.: Транспорт, 1992.

2.Иванов В.И., Гордиенко В.Н., Попов Г.Н. и др. Цифровые и аналоговые системы передачи. - М.: Горячая линия - Телеком, 2003.

3.Кириллов В.И. Многоканальные системы передачи. – М.: Новое знание, 2002.

4.Скляров О.К. Современные волоконно-оптические системы передачи. – М.: СОЛОН-Р, 2001.

5.Портнов Э.Л. Оптические кабели связи. – М.: Горячая линия – Телеком, 2002.

6.Парфенов Ю.А. Кабели электросвязи. – М.: Эко-Трендз, 2003.

7.Битнер В.И., Попов Г.Н. Нормирование качества телекоммуникационных услуг. – М.: Горячая линия – Телеком, 2004.

8.Аппаратура ИКМ-30 / Голубев А.Н., Иванов Ю.П., Левин Л.С. и др. - М: Радио и связь, 1983.

9.Аппаратура ИКМ-120 / Голубев А.Н., Иванов Ю.П., Левин Л.С. и др.- М: Радио и связь, 1989.

10.Берганов И.Р., Гордиенко В.Н., Крухмалев В.В. Проектирование и техническая эксплуатация систем передачи. - М., Радио и связь, 1989.

11.Баева Н.Н., Гордиенко В.Н., Тверецкий М.С. Проектирование цифровых каналов передачи. Учебное пособие. - М.: МТУСИ, 1996г.




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 60; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)