Негізгі өлшеу құрылғылары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Негізгі өлшеу құрылғылары

Поиск

 Талшықты-оптикалық кабель негізгі өлшеу құрылғылары келесі кластарға бөлінеді: • көп функционалды бірнеше параметрлерді өлшейтін және тек бір параметрді өлшейтін құрылғылар – тестерлер; • тасымалданатын және стационарлы; • салынып қойған талшықты-опткалық кабельдерге өлшеулер жүргізу үшін және талшықты-оптикалық кабельді өлшеу үшін пайдаланылатын құрылғылар, мұнда кабельдің екі ұшына да қол жеткізу мүмкін болады; • сыртқы ортаның әр түрлі шарттарында және жобалау кезіндегі өлшеулер немесе зерттеушілік мақсатта жүргізілетін өлшеулер үшін пайдаланылатын құрылғылар; • өз бетінше қолданылатын немесе мониторинг және басқару жүйелерінде қолданылатын құрылғылар.Нақты құрылғыны таңдау бірінші кезекте өлшеу міндетімен және кабельдің нақты сипаттамаларымен және талшықты-оптикалық желі жүйесімен тұтас анықталады, одан ары мұнда анықтаушы екіншілік факторлар болып бағасы/сапасы (сенімділігі, функционалдылығы), пайдалану шарттары, құндық, массагабариттік сипаттамалары және басқа критерийлер есептеледі. Дәл қазіргі техникалық деңгейде біз талшықты-оптикалық кабельдер үшін өлшеу құрылғыларының екі тобының сипаттамаларын салыстырмалы қарастырамыз: рефлектометрлер және оптикалық тестерлер.Оптикалық тестерлермен оптиталшықты тізбектерді өлшеу Меншікті түрде оптиталшықтармен өлшеулердің екі түрі жүргізіледі. Біріншісі, бір аяқтаушы құрылғыдан кінші біріне дейінгі сигналдың жалпы сөнуі бағалау. Бұл өлшеудің маңызы талшыққа бір жағынан мөлдірліктің қажетті терезесіне сәйкес келетін толқын ұзындығына ие инфрақызыл лазер қосылатындығынан тұрады. Ал екінші жағынан фотодиод қосады және сол арқылы ток өзгеруі бойынша талшықтағы жоғалымдар анықталады. Құрылғылардың бұл класы оптикалық тестерлер деп аталады. Қазіргі уақытта қалталық өлшеулер де бар. Олар жеке блок құрамымен ерекшеленеді, яғни мұнда әрбір блокта шағылыстырушы және қабылдағыш бірге орнатылады немесе шағылыстырушы жеке және қабылдаушы жеке орнатылуы мүмкін. Өлшеулердің бұл клас құрылғылары зақымдалу орнына дейінгі қашықтықты анықтауға қабілетті емес және тек тұтастықты бақылау немесе қабылдау - өткізу үшін өлшеулер жүргізу үшін ғана қолданылады. Бұл құрылғылар децибелдегі мәндерді береді. 3.4 Оптиталшықты тізбектерді оптикалық рефрактометрлер арқылы өлшеу Екінші түрі – оптикалық рефрактометрлермен өлшеу.

3.1 – Сурет Оптикалық рефлектометрмен бейнеленген оптиталшық рефлектограммалық өлшеулері Мысты кабельде жүргізілетін өлшеулерден ерекшелігі оптиталық талшықтарда жүргізілетін рефлектограмма әдемі және түснікті. Құрылғы тізбек басында не қабылдаса соны өз белгілеп қояды, сонымен қатар соңғы және басқа да бірқалыпсыздықтарды (суретте төменгі жағындағы сәйкес түртпелер) тіркейді. Жағдайлар кестесі деп аталатын бірқалыпсыздықтар кестесін өзі құратырады. Осы кестеге барлық орын алатын қашықтықтарды, сөну шамаларын енгізеді, яғни кестеге барлық жағдайлар тіркеледі. Қағида бойынша қателеспейді немесе елеусіз ғана қателік жібереді. Кейде сөну дәредесі 0,05 дБ болғанда жақсы пісіріліп қосылған орындардағы сөну шамасын өткізіп жібереді. Бұл жағдйда жағдайларды қолмен енгізу мүмкіндігі қарастырылған.

3.1– Кесте Автоматты түрде толтырылатын рефлектометр ПО

Мұндағы анағұрлым маңызды параметрлер келесілер болып табылады: 1. Толқын ұзындығы, мөлдірліктің сәйкес таңдалған терезесі үшн сәйкес келеді. бір модты үшін 1550 және 1310 нм, көп модты үшін 1300 және 850 нм. 2. Сыну коэффициенті. Мысты кабельді өлшеу кезіндегі қысқару коэффициентіне көп жағынан ұқсас келеді. Қашықтықтарды өлшеу дәлдігіне әсер етеді. Монтаждауда және қабылдау өткізу үшін арналған өлшеулерде барабан құжатынан алынады, ал жоспарлы өлшеуде трассадағы мәні алынады. Қағида бойынша оптиталшықтар бойынша барлық құжаттамалар мұқият жүргізіледі және «қателіктер» сирек кездеседі. Оптикалық рефлектометрлер тұтас құрылғы ретінде, яғни барлығы өзімен бірге етіп дайындалуы және компьютермен жұпта жұмыс істейтін етіп дайындалуы мүмкін. Барлығы өзінде етіп дайындалған рефлектометрлер жұмыс істеу үшін қолайлы және компактілі, бірақ бағасы қымбат тұрады. Бірақ компьютермен бірге жұп болып жұмыс істейтін рефлектометрлермен жұмыс істеу көңілдірек (яғни толық компьютер жаныңда болады). Қазіргі уақытта кейбір модельдерін қалтаға салу да ыңғайлы. Барлық оптикалық рефлектометрлер жазба және мәліметтерді цифрлық тасымалдағыштарға беру үшін мүмкіндікке ие. Мұнда сонымен қатар оптиталшықты кабельде жоғарыда аталғандарға қосымша оқшаулағыш қабыршағы да өлшенетіндігін ескеру қажет. Оптиталшық өз кезегінде судан қорқады, суда шыны мөлдірсізденіп және өзінің оптикалық қасиеттерін жоғалтады (рефлектометрде суда ұзақ уақыт болған бөліктері ншар қосылған түйісу орындары сияқты көрінеді). Сондықтан қорғағыш ретіндегі полиэтиленді қаптама тұтастығы қарапайым мегомметрмен өлшенеді. Қабыршақтардың зақымдалған орнын ісзеу әдістері мысты кабельдегі сияқты жүргізіледі. Бірақ қосымша жүргізілетін жіптердің оптикалық кабельде жоқ болуына байланысты көбінесе төмендегі 3 әдіс қолданылады: 1. Генератор кабель іздегішті қосу; 2. Индукциялық әдіс. Кабель іздеушімен трассаны іздеу; 3. Контактілі әдіс. Кабельдің зақымдалған орындарын штырлермен немесе ИМПИЗ арқылы іздеу.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 82; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.)