а)Халықаралық келісім шарттар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

а)Халықаралық келісім шарттар

Поиск

Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері ретінде көпжақты конвенциялар ерекше орын алады. Халықаралық келісімшарттарды қабылдау- шетелдік элементпен күрделенген, халықаралық жеке құқықтың жеке құқықтық қатынастарды реттейтін бірыңғай құқықтық нормаларлды шығару процесі. Бұл процесс ғылымда унификация деп аталады. . Унификация халықаралық дәрежеде модельді заңдарды қабылдаумен жүзеге асырылады. Халықаралық келісімдерді жасаумен халықаралық жеке құқықтың нормаларын унификациялауға маманданған халықаралық ұйымдар жасап шығарады. Ең алғашқы халықаралық ұйым Гаага конференциясы. 2004 жылы Гаага конференциясының аясында 40 астам конвенция жасалынды:

- Ажырасуды тану жөніндегі конвенция 1970ж;

- Тауарлады халықаралық сатуда қолданылатын құқық туралы 1955ж конвенция;

- Өсиет нысанына байланысты коллизиялар жөніндегі конвенция1961ж;                   

- Азаматтық іс жүргізу жөніндегі 1954 жылғы конвенция.

Қарастырылатын ұйымдарға, сонымен қатар БҰҰ Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссия (ЮНСИТРАЛ). Бұл комиссия 1996 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының  қосымша органы ретінде құрылған. Ол өз қызметінің процесінде мынадай құжаттарды дайындады:

-1974 жылғы Тауарларды халықаралық сату және сатып алу жөніндегі конвенция;

-1978 жылғы Жүктерді теңізбен халықаралық тасымалдау туралы конвенция;

-1991 жылғы Көлік терминалының халықаралық саудадағы операторлардың жауапкершілігі туралы конвенция.

Халықаралық жеке құқықты унификациялау процесінде халықаралық экономикалық қатынастар саласында Халықаралық сауда палатасы ерекше орын алады. Халықаралық сауда палатасының маңызы- оның әдет- ғұрыптарды биресми кодификациясын жүргізуінде. Халықаралық үкіметаралық ұйым бола отырып, Халықаралық сауда палатасы унификацияланған ережелерден тұратын көптеген жинақтар жасап шығарады. Унификацияға қарағанда гармонизация әртүрлі мемлекеттердің құқықтарын жақындату процесін жүзеге асырады. Көптеген ілімде гармонизация төтенше және белгілі бір мақсатқа негізделген болып бөлінеді. Бірінші жағдайда, гармонизация мемлекетке шетел құқығын мәжбүрлеп орындату жолымен жүзеге асырылады. Екінші жағдайда, рецeпция жолымен жүзеге асырылады, әр түрлі мемлекеттердің құқықтық жүйесін жақындастыру мақсатында бір мемлекеттің екінші мемлекеттен құқықтық нормаларының белгілі бір жүйесін алуы. Cонымен қатар, біржақты және өзара гармонизацияны ажыратамыз. Біржақты гармонизация дегеніміз- бір мемлекеттің өзінің құқығын басқа мемлекеттің құқығына икемдеуі. Мысалы, Белгиядағы Францияның 1804 жылғы Азаматтық кодекстің таралуы (Наполеон кодексі). Өзара гармонизация дегеніміз- бірнеше мемлекеттің халықаралық типтік заңдарды қолдана отырып, бірдей нормалардан тұратын құқықтық актілерді қабылдау.

      



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 36; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.01 с.)