Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
II.2. Мемлекеттің пайда болуы себептеріСодержание книги
Поиск на нашем сайте Мемлекет пен құқықтың пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауымен байланысты, өзінің дамуында, ұзақтығына қарай және кезеңді толтыруына сай әр түрлі төрт кезеңнен өтті. Біздің эрамызға дейінгі 40 мың жыл шамасында рулық құрылым пайда болды (отты табу, күршектерді, садақты ойлап табу, бір-бірімен адамдардың сөйлесу қабілеттілігінің дамуы). Біздің эрамызға дейінгі 9-6 мыңыншы жылдары неолит кезеңі (жаңа тас заманы) басталады, ол кезде адам аң аулаудан жер өңдеуге және кәсіпкерлікке көшеді. Келе-келе еңбектің бөліну процесі айқындала түседі. Біртіндеп қоғамның жекешеленген аясы ретінде, мал бағу бөлініп шығады (мал айырбас құралы болды, яғни ақша функциясын қабылдаған). Кәсіпшілік жер өңдеуден бөлінді. Содан кейін бір топ адамдар пайда болып (сатып алушылар) жер өнімдері мен мал шаруашылығы өнімдерін айырбастаумен шұғылданған. Алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасып, рулар бірігіп бір атаның ұрпағы ретінде туыстасып біріккен шаруашылық-пен шұғылданады. Онда рудың ішінде бір-біріне үйленуге рұқсат болмағанына байланысты, солай айтылатын дуальдық ұйым қалыптасады да екі рудың қандас туыстығы бойынша бір екендігі мойындалады. Жер өңдеу мен мал өсіруге байланысты еркектің (патриархат) рөлі өсе бастайды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы басталады. Бұл кезеңде, еркектердің жалпы жиналыстарында басқару, руластырудың теріс қылығы үшін жазалау, табысты бөлу сияқты мәселелер шешілген. Сонымен қатар онда ақсақалдар мен ру басшыларының әкімшілік жұмыстары қаралған. Ру басындағы ақсақалдардың және әскер басшыларының билігі, әскери әрекеттер кезінде сайланған, сайлау ол адамдардың беделдері мен тәжірибесі барлығын сыйлағандыққа негізделген. Ақсақалдардың биліктегі лауазымы, оларға деген ерекшелікке жол бермеген. Қоғамдық билік, рулық қоғаммен тікелей сай келген, одан бөлінбеген.
Құқық сол күйінде болмаған, оның орнында әдет-ғұрып нормалары болған. Кейіннен біртіндеп мононормалар қалыптасып, әрекет еткен. Келе-келе қандастық туыстық қатынастар ыдырап аумақтықпен алмастырылады, басқару қажеттігінің маңыздылығы мойындалады. Биліктің функциясы бөлініп, светтік (басқаруға), әскери (әскер басшылық), діни (бар тәртіп жолын қолдау үшін идеологиялық негіздеме) құрылады. Ақсақалдар кеңесі ағымдағы басқару органына айналады. Тайпалық бюрократия пайда болады (басқарушылық, әскери, діни), олар қоғамды басқаруды оның жалпы мүддесі үшін емес, меншіктік, топтық, таптық мүдделер үшін басқаруды көздеген. Бұл мемлекеттілік элементтердің алғашқы пайда болу кезеңі – әскери демократия режимі (Л.Г.Морган), қоғамда әскери басшылардың күшті билігі қалыптасып, қоғамдық басқаруда ұйымшылдықтың қалдықтары сақталған.
Қоғам өмірін тұтас организм ретінде сақтауға, қамтамасыз етуге қабілеті бар сана жағынан жаңа ұйым қажет болды. Қоғамнан жоғары тұратын көпшілік биліктің қажеттілігі пайда болды, себебі ол ұйым арнайы адамдардан құралған және тек басқарумен шұғылданып, ұйымдастырушылық кезінде қыстау мүмкіндігімен пайдаланған. Ондай ұйымға – протомемлекеттер жатады. Осы көне қоғамның ұйымы таптыққа дейінгі ертетаптық қоғамдағы өтпелі кезеңге тән болады. Бұл ұйымдар алғашқы рет Оңтүстік Азияда және Солтүстік Африкада пайда болды. Әдеттегідей олар үлкен өзендердің бойындағы кеңістікте орналасты. Тигр, Евфрат, Инда, Янцзы өзендерінің бойында: Үндістан, Ассирия, Персия, Қытай, Хетт мемлекеттері орналасты. Олардың көне тарихы біздің эрамызға дейінгі IV мыңжылдықтан басталады (Шумер, Египет, Вавилон). Сонымен, мемлекеттің пайда болу себептерінің қатарына төмендегідей қажеттілікті айтуға болады: • өндірістің даму нәтижесіндегі қиындықтарға байланысты қоғамды басқаруды жетілдіру, еңбекті бөлу, табысты бөлу жағдайының өзгеруі, тұрғындардың санының өсуі және қоғамның әлеуметтік біртектес емес топтарға бөлінуі (таптарға); • қоғамдағы тәртіптілікті қолдау, оның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету, жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік (ең алдымен заңдық) нормалардың көмегімен жетуге болады. • қоғамның әлеуметтік біртектес емес топтарға бөлінуінің негізінде пайда болатын қанаушы таптың қарсылығын басу; • мемлекеттің аумағын қорғау, қорғану және басып алуы мақсатында соғыстар жүргізу; • үлкен қоғамдық жұмысты ұйымдастыру, сол мақсатта үлкен топтағы адамдарды біріктіру.
II.3.Мемлекеттің пайда болу туралы теориялар Мемлекет пен құкықтың шығуы туралы түрлі теориялар бар. Осы құбылыстардың пайда болуын олар түрліше түсіндіреді. Марксизм-ленинизм ілімі мемлекет пен құқықтың пайда болуын таптық теория тұрғысынан түсіндіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі тапқа – қанаушы және қаналушы таптарға бөлінген соң, олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі тап нәтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым – мемлекет пайда болады. Мемлекет аталған қайшылықтарды шешу үшін емес, кедей тапты байлардың еркіне көндіріп, оны қанауға, езуге жағдай туғызу үшін құрылған. Сондықтан кандай да мемлекет болсын тек қанауды максат тұтып, бай, яғни үстем таптың игілігін көздеп, соның мүддесін қорғайды. Ф. Энгельс "Отбасы, жеке меншік және мемлекеттің пайда болуы" деген ғылыми еңбегінде мемлекет пен құқықты үстем таптың құралы деп таниды. Социалистік мемлекет те таптык мемлекет. Бірақ ол сан жағынан қоғамның басым көпшілігін құрайтын еңбекші таптың мүддесін қорғайды. Теологиялық (діни) теория мемлекет пен құқықтың пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Әрбір ірі дінде кұдайдың әрекеті деген діни-құқықтық қағидалары бар. Қазіргі заманда да кейбір мемлекеттер осындай қағидааларға негізделіп құрылып, қызмет атқаруда. Бұл қағидаларға сүйене отырып дін теоретиктері мемлекет пен құқык құбылыстарын діни рәсімдерге байланыстыра түсіндіре Психологиялық теория–мемлекеттің пайда болуын адам психмкасының көріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен, алғашқы қауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тәуелділікті сезінумен, белгілі бір әрекет түрлерінің әділдігін түсінумен және т.б. байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қатарынан Л.Петражицкий мен Г.Тардты атауға болады. Органикалық теория. Бұл теорияның өкілдері Г.Спенсер, Вормс, Х.Прейс мемлекетті ағза ретінде түсіндіреді. Оның бөліктері арасындағы тұрақты байланыстар тірі ағзаның бөліктері арасындағы байланысқа теңестіріледі, яғни, мемлекет–биологиялық дамудың бір түрі ретінде көрініс табатын әлеуметтік даму өнімі. Биологиялық ағзаның бір түрі ретінде мемлекеттің өз миы (басшы) мен оның шешімдерін жүзеге асыру құралдары (халық) болады. Ирригациялық теорияға сәйкес мемлекеттердің алғашқы қанаушы нысандарының пайда болуы шығыстық аграрлық аймақтардағы ірі ирригациялық құрылыстарды жүргізу қажеттігімен байланысты. Бұл теория қазіргі кездегі неміс ғалымы К.-А.Виттфогельдің еңбектерінен айрықша көрініс тапқан.
Материалистік теория–мемлекеттің пайда болуын әлеуметтік-экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады. Бұл теорияның өкілдері–К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин–мемлекет бір таптың екінші таптың үстінен үстемдігін сақтау және бекіту, қоғамның біртұтас ағза ретінде өмір сүруі мен қызмет етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп санайды. Патриархалдық теория мемлекет пен құқықтың шығуын отбасының дамуымен байланыстырады. Отбасының қожасы ер адам, ол отбасын өз еркімен билейді, отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастарды реттейді. Сөйтіп, отбасы мүшелерінің белгілі бір тәртіпке бағынып, қалыптасуының жөн-жобаларын аныктайды. Адамдар осындай қағидаларды басшылыққа алып, мемлекет құруда отбасын басқару үлгілерін қолданған деп түсіндіреді бұл теория. Келісім-шарттық теория мемлекет пен құқықтын шығуын, пайда болуын адамдар арасындағы келісім-шартпен байланыстырады. Тағылық дәуірде адамдар өмір сүру үшін бірімен-бірі жауласып, соғысып, әбден береке-касиеті кетеді. Сондай кауіпті, келіссіз өмірден құтылу үшін адамдар өзара ымыраға келісіп, шартқа отырады. Соның нәтижесінде мемлекет құрып, оған қоғам мүшелерінің барлығын қорғауды, лайықты өмір сүруге жағдай туғызуды міндеттейді. Қоғам мүшелері де заң талаптарына бағынатыны туралы міндеттеме алады, деп түсіндіреді бұл теорияны жақтайтындар. Күштеу (зорлау) теориясы мемлекет пен құқықтың шығуын зорлық-зомбылықпен байланыстырады. Күшті тайпалар әлсіз тайпаларды жаулап алып бағындырып, олардың қарсылығын басып тұру үшін мемлекет және оған тән басқару, күш қолданатын органдарды құрады дейді. Мемлекет пен құқықтың шығуын түсіндіруге тырысатын бұл аталғаннан басқа да теориялар бар. Осы теориялардың бәріне тән бір белгі бар – ол мемлекет пен құқықтың адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болуы. Шынында да тарихи деректерге жүгінсек, мемлекет пен құқықтың қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде шыға бастағанын байқаймыз. 1. Мемлекет (таптық тәсіл бойынша) – бір таптың (азшылықтың) бір тапқа (көпшілікке) үстемдік етуін қолдайтын саяси ұйым. 2. Мемлекет (жалпы әлеуметтік тәсіл бойынша) – саяси ұйым (ассоциация). Бұл саяси ұйымға оның мүшелері бұқаралық биліктің қатынастар арқылы біріктіріледі. Мұнда мемлекет адамдардың өзара ымыраға келуінің құралы болып табылады.
III.Қорытынды Қорыта келе, мемлекет деп – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз. Мемлекеттің қалыптасуы - әртүрлі халықта түрліше жүзеге асқан узақ үдерісі. Шығыста « өндірістің азиялық тәсілі » ( Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай және т.б ) нысаны кезінен таралды. Бұл жерде рулық құрылымның әлеуметтікэкономикалық бөліктері жердік үлес, ұжымдық меншік және т.б. тұрақты сипатты иеленеді Ежелгішығыста пайда болған мемлекеттер ауылдық қауымдастықтарды қанай отырып оларды басқарды яғни өндірісті ұйымдастырушы рольін арқарды. Афины мен Римде мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша жолмен жүзеге асырылды, бұларда құиеленушілік мемлекет меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөліну негізінде пайда болды. Афины мемлеттің пайда болуының ең таза класикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі таптық қарамақайшылқтардың негізінде пайда болды. Римде мемлекеттің пайда болуы плибейлердің римдік аристократтар – патрицейлерге қарсы көріністің нәтежесінде тездетілді. Ежелгі герман мемлекетінің пайда болы көптеген жерлерді алып жатқан бөтен аумақтарды жаулап алумен байланысты бұл жерлерге үстемдік орнатуда рулық қоғам әлсіз болады, сол себепті, мемлекеттің пайда болу қажеттігі туды. Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына негіз болып 1012 мың жылдар бұрынғы неолиттік ревалюция табылды. Оның мәні мынада: өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында адам дайын өсімдік және жануарлық нысандарын иемденумен байланысты шынайы еңбек қызметінее ауысты, яғни, иемденушіден өндіруші экономикаға өту орын алды. Сонымен мемлекет объективтік түрде, сырттан емес, ішкі факторлардың негізінде пайда болады Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі «үкімет» деген ұғымға сай. Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда «халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес. Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар бар: Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды. Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды. Теологиялық теория. Негізін салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған. Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар: Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арасындағы қатынастарды реттеу үшін пайда болды. Географиялық теория. Негізін салушылар: А.Гатцель, В.Соловьев, Б.Чичерин. Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді. Психологиялық теория. Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады. Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туған дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді. Шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәнін таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді. Қорыта келе, мемлекет деп – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз. Мемлекеттің мынадай белгілері болады: 1. Өзінің шекарасы бар, белгілі территориясы болады. Өндірістің өркендеуі, сауданың өсуі, еңбектің бөлінуі, халықтың көбеюі кәсіпке байланысты аумақтық бөлінуге әкелді. Аудан, облыс, штат, т.с.с. пайда болды. 2. Ерекше үкімет аппараты болады: мемлекетте әр түрлі мәселелерді шешу үшін қарулы әскер, шенеуліктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз, т.б. құралдар қажет болады. 3. Мемлекет егеменді болуы керек. Ол – ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі. 4. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті, прокуратура. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады. 5. Салық салу. Үкімет аппаратын ұстау үшін халыққа салық салады. 6. Мемлекеттің азаматтығын алу қажет. Сол жерде туып, өскен соң, сол елдің азаматы болуың керек, онсыз мемлекет тарапынан қорғаныш болмайды. Осы айтылған белгілер мемлекетті басқа ұйымдардан ерекшелендіреді. 2. Мемлекеттің қызметтері Мемлекеттің ішкі, сыртқы қызметтері болады. Ішкі: Экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді. Экономикалық бағдарламаны жасайды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістетуге, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге, т.с.с. қатысады. Әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтың әл-ауқатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен айналысады. Заңдылықты қамтамасыз етеді. Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға, қылмысқа қарсы күресті өрістетуге, әкімшілік – зорлыққа жол бермеуге басшылық етеді. Мәдени-тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу-ағарту ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды. Сыртқы: Мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау. Өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау, басқа елдермен тиімді қарым-қатынасты орнату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін қамтамасыз ету. Өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына, ұтымдылығына, өтімділігіне, тиімділігіне жағдай жасау, басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер беру және т.б. Жалпы азаматтық, аймақтық саяси негізде интеграциялық процестерді дамыту. Қорытындылай келе, мемлекеттің ең басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әр түрлі топтарға, жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс. 3. Мемлекеттің түрлері Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Мемлекеттің үш жағы бар: Басқару түрі. Саяси тәртібі. Мемлекеттік құрылысы. Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Монархия деп – мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия абсолюттік, конституциялық болып бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальді түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған құрылысты айтады. Мысалы: Ресейдегі Романовтар әулеті. Қазір басқарудың мұндай түрі жоқ. Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Қазір Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Люксембург, Морокко, Жапонияда сақталған. Республика деп – мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады. Республика президенттік және парламенттік болып бөлінеді. Президенттік басқаруда мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлайды. Егер президентті парламент сайласа, «парламенттік президент» дейді. Конституция бойынша президентке белгілі бір құқықтар беріледі. Ол құжатқа премьер-министрдің қолы керек. Онсыз Президентті жалпыға бірдей, құпия түрде, сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор. Мысалы: АҚШ. Мұнда атқарушы билік парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындап, өзі басқарады. Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Мұнда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді, т.с.с. Парламент екі палатадан тұрады. Жоғарғы палата сенат арқылы, ал төменгі палата жалпыға бірдей тікелей сайлау арқылы қалыптасады. Парламент бірпартиялық және екіпартиялық болуы мүмкін. Бірпартиялық парламент кішкентай елдерде кездеседі. Мысалы: Финляндияда бірпартиялық парламент қызмет етеді. Дамыған елдерде екіпартиялық парламент жүйесі қалыптасқан. Мысалы: АҚШ-та республикалық және демократиялық партиялардан тұрады. Әр елде парламентті әр түрлі атайды: АҚШ, Филиппинде – конгресс; Польша, Финляндияда – Сейлі; Иран, Түркияда – Мәжіліс; Израильде – Кнессет; Швейцарияда – Ригстаг; Францияда – Ұлттық жиналыс дейді. Мемлекет құрылысына қарай унитарлық, федерациялық, конфедерациялық болып бөлінеді. Унитарлық – құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол бермейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы: Қазақстан, Италия, Греция, т.с.с. Федерация – деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекет құруын айтады. Жалпы мемлекеттік конституция барлық міндеттерді реттейді. Әрқайсысының жоғарғы билеу органдары болады. Барлығы ортақ институттарға бағынады. Мысалы: АҚШ, Германия, Канада, т.с.с. Конфедерация – деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Міндетті ортақ заңдары болмайды. Мысалы: бұрын Швейцарияда, Солтүстік Америка Штатында болған.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 54; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.) |