Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
II.1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлуметтік билікке жалпы сипаттама
Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезенде де мемлекетгің функциясын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұның терең түсініп, білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен бірге қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп үлес қосуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетгі орнату. Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі — функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше үрлерін келтіреді: жалпы қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау, орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функ-цияны ішкі және сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер дұрыс деп қолдануда. Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін — мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең-сатылары: функция — орган — аппарат — мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде — мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады. Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері: - қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және қатынастардың түрлері арқылы анықталады; - функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі; - мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды. Мемлекет функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі; Мемлекет функциясы Қазақстан Республикасы мемлекетінің функциясы, яғни (миайтын ролі ретінде оның қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттің қызметінің өзі түсініледі. Мемлекет функииясы ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі функцияларға еліміздін материалдық-техникалық базасын құрып. дамытуға бағытталған мына қызмет салалары мәдени-тәрбие жұмыстары, яғни жеке адамның жан-жақты кетпеуіне мүмкіндік туғызатын және оның құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз ету үшін алғышарт жасайтын жұмыстар: әлеуметтік қызмет көрсету, яғни адамдарға жан-жақты камкорлық жасаудың ізгілікті саясатын жүзеге асыру. Ата Заңымызда атап көрсетілгендей, мемлекетіміздің қызметі, бәрінен бұрын адам және адамның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына, мүддесіне сай құрылады; құқық тәртібін қорғау Конституцияға сүйене отырып, бақылау арқылы оның талаптарын орындауда, қоғамдық, мемлекеттік кұрылысқа, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, меншікке қол сұғушылықтың жолын кесуде көрініс табатын функциялар. Мемлекет бұдан басқа да көптеген функцияларды, мысалы, экологияны қорғау және табиғатты тиімді, ұтымды пайдалану, азаматтардың мемлекет пен оның органдарын тікелей өздері немесе өз екілдері аркылы басқаруға катысу функцияларын, қаржылық, экономикалық, идеологиялық функцияларды жүзеге асырады. Құқықтың мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп, тиянақталған оның түп қазық бастауларында, негізгі принциптерінде ашылады. Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің дамуы, корғалуы және олардың субъектілерінің тендігі; демократизм, интерпационализм, гуманизм. Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы. Бұл ереже Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық болып табылады делініп, Конституцияда дәйектелген. Халық мемлекеттік билікті тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады. Меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі— мемлекеттің материалдық-техникалық базасын құрудағы маңызды шарт. Конституцияда Республиканың экономикасы мемлекеттік, сонымен қатар жеке меншік нысандарына негізделетіні, ал мемлекет меншіктің барлық субъектілерінін. заң алдындағы мемлекеттер аумағындағы өзінің азаматтары мен занды тұлғаларының өз мүліктеріне деген меншіктік құқығын қорғайды. Демократизм азаматтық күқьіқтар мен бостандықтардың кен. ауқымымен ұштаса отырып, адамның мемлекеттік істерді шешуге қатысу құкығын қамтамасыз ететін оның қүқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде бекітуді білдіреді. Демокра-тизм азаматтардың қоғам алдындағы міндеттерінің ішіндегі айрықша орын алатыны — олардың мемлекеттік істерді басқа-руға қатысуы міндеттерін орындауы арқылы мейлінше толық жүзеге асады. Қазақстан Республикасы қоғамдык, бірлес-тіктердің Конституция мен зандар шеңберінде мемлекеттік істерді басқаруға, заңдарды талқылау мен кабылдауға, мемлекетгік және жергілікті деңгейдегі мәні бар мәселелерді шешуге қатысуына кепілдік береді. Интернационализм — барлық ұлттар мен ұлыстардың өзінің саяси, шаруашылык және мөдени дамуындағы заң жүзіндегі және іс жүзіндегі тендікті тану және оны қүқықпен қамтама-сыз ету болып түсініледі. Республикамызда нәсіліне, үлтына, тіліне және т.б. жағдаятгарға қарамастан қүкық пен бостан-дықтендігіне кепілдік беріледі. Еліміздегі Қазақстан халыкта-ры Ассамблеясы интернационалдык үйым. Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, ерексіз түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің кұзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз түрде орындау қамтамасыз етіледі. Құқықтың саясатпен және экономикамен арақатынасын білудің құқықтың мәнін сипаттаудағы маңызы зор. Құқық пен саясаттың мазмұны қоғамдағы өндірістік қатынастармен айқындалады. Мемлекеттің саяси шараларының басты аспектілері қүқықта бейнеленіп көрсетіледі. Құқық экономикалық базистің қондырмасы деп саналады. Өмірдің материалдық жағдайы өзгергек сайын құқықта өзгеріп отырады. Қазіргі уақыттағы шаруашылық жүйесінің өзгеруіне байланысты зандардың да тиісінше өзгеріске үшырап, толық-тырылып отыруы занды құбылыс. Қоғамдық катынастардың бұдан кейінгі дамуында да құқықтың ролі арта түсуі керек.
|