Сегізінші салдары: Діни бауырластық қатынастардың әлсіреуі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сегізінші салдары: Діни бауырластық қатынастардың әлсіреуі

Поиск

Бүліктердің опат ететін салдарына сондай-ақ қоғамның бөлінуі, бауырластықтың және діни байланыстың әлсіреуі, адамдардың арасында ашу-ызаның, өшпенділіктің және қастасудың таралуы да жатады.

Хузайфа былай деп баяндаған: «Әдетте адамдар Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсылық (игілік) туралы сұрақтар қоятын еді, ал мен жамандық туралы сұрайтынмын, өйткені ол (жамандық) менің басыма түседі деп қауіптенетінмін. (Бірде) мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Надандық кезінде біз ең нашар хәлде едік; кейін Аллаһ бізді осы игілікке жеткізді, ал осы игіліктен кейін жамандық қайта оралып келеді ме?» - деп сұрадым. Ол: «Иә», - деп жауап берді. Мен: «Ал сол жамандықтан кейін игілік қайта оралып келеді ме?» - деп сұрадым. Ол: «Иә, бірақ оған жауыздық та араласады», - деп жауап берді. әл-Бухари 3606, Муслим 1847.

Хадистің басқа бір риуаятында: «…бірақ адамдардың жүректері алдында болған жағдайына қайта келмейді», - деп айтылады. Ахмад 23282, Абу Дауд 4246. Хадис сахих. Қз.: “әс-Сильсиля әс-сахиха” 2739.

Әрі осындай мағынадағы хадистер өте көп.

Сөйтіп, бүліктер от алған кезде, жүректер ауытқиды және иманға негізделген бауырластық қатынастар жоғалады. Аллаһ Тағала былай деп айтқан: «Шын мәнінде мүміндер бауырлар ғой. Сондықтан бауырларыңның арасын жарастырыңдар. Және Аллаһтан қорқыңдар. Мүмкін рахым етілерсіңдер». (әл-Худжурат 49:10)

Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Бауыр болыңдар, уа, Аллаһтың құлдары! Өйткені мұсылман мұсылманға бауыр, әрі сондықтан да мұсылмандардан ешкім өзгелерін жәбірлемеуі, оған жеккөрушілікпен қарамауы, оны көмексіз қалдырмауы керек, ал тақуалық мына жерде жасырулы!» - деп, қолымен үш рет көкірегіне нұсқады да, сосын: «Исламдағы өз бауырын жек көрген адамға бұл зиян ретінде жетіп асады», - деді.[26] Муслим 2564.

Және осы тақырыпқа қатысты хадистер өте көп.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 58; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.009 с.)