Жетінші салдары: Жастардың азуы (бұзылуы) 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жетінші салдары: Жастардың азуы (бұзылуы)

Поиск

Бүліктің салдарының тағы бірі – оның жастардың оған тартылуына, олардың бұзылуына және адасуына себеп болуы. Ол жастарды салдары қатерлі және соңы қайғылы жолмен жүргізеді. Осы себепті жастар игі болып көрінетін шақыруларға, дүрліктіретін ұрандарға және көркемделген үндеулерге алданбауға міндетті. Керісінше, егер біреулер бір нәрселерге шақырып жатса, осы мәселе бойынша беделді ғалымдарға жүгіну керек. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Игілік сендердің үлкендеріңмен бірге».[25] Ибн Хиббан 559, әт-Табарани «әл-Аусат» 8991, әл-Хаким 1/131. Хадис сахих. Қз.: «әс-Сильсиля әс-сахиха» 1778.

Осы себепті (біреулер) қандай да бір іске және жолға шықырып жатса, үлкендерге – мығым білімге ие, пәтуа шығаруында және қандай да бір мәселені түсіндіріп беруде сақтығымен және абай болуымен танылған, насихат беруде парасаттылығымен және даналығымен елге белгілі ірі ғалымдарға қайту керек.

Бірақ бүліктердің кезінде (бүлікшілер) жастарды арбап опат етуші істерге тастайды, ал олар содан соң одан шығатын жол таба алмайды. Жастарды, яғни болашақта бүлікті тұтандырушыларды тарту, болмашы және әдетті болып көрінетін істерден басталады, мысалы, бір топ адамдар жинайды да, Аллаһқа, Оның періштелеріне иман келтіруде, намаз оқуда, зекет беруде т.с.с. нәрселерде бірігетіні туралы өзара келіседі. Бірақ осыған олар кейіннен жас адамға белгілі міндеттемелерді жүктейтін тағы да басқа кейбір шарттарды қосады. Сөйтіп ол партиядан (хизб) немесе сектадан бір-ақ шығады немесе біреулерге ант берген болып шығады және т.с.с. Ол кейіннен ойланып, кеткісі келуі де мүмкін, бірақ енді мұны істеу қиынға соғады, өйткені бұл жолда көп уақыт өткізген және опат етуші істерге белшесінен батқан болады. Осындай нәрселер ежелден бері жалғасып келуде. Мысалы, атақты таби‘ий – Мутарриф ибн ‘Абдуллаһ әш-Шиххир (оған Аллаһ разы болсын) өзінің жас кезінде орын алған оқиғаны баяндап береді. Ол былай деп баяндайтын: “Біз жиі-жиі Зайд ибн Суханға келіп тұратынбыз әрі ол: «Уа, Аллаһтың құлдары! Кең пейілді болыңдар және ең жақсы түрде амал жасаңдар! Ақиқатында, пенделердің Аллаһқа апарар жолы екі нәрседе: тақуалықта және ыждағаттылықта!» - деп айтатын. Ол уағызшы болатын, адамдарға насихат пен ескерту жасайтын, оларға Аллаһтан қорқуды сіңдіретін және оларды Аллаһқа мойынсұнуға және құлшылық жасауға жігерлендіріп ынталандыратын.  Бірде мен оның жанына келгенімде, адамдардың қолдарында шамамен «Раббымыз – Аллаһ, Пайғамбарымыз – Мухаммад, ал Құран – жетекшіміз! Және біз бізді қолдайтынмен бірге боламыз, ал кім бізге қарсы болса, оның төбесінде біздің қолымыз тұрады!» - деген мәтіні бар жазуларды көрдім».

Сөйтіп, олар сырт көзбен қарағанда адамдардың басым бөлігі үшін ешқандай қиындық туғызбайтын нәрсе жазған еді.

Мутарриф былай деп жалғастырды: “Кейін Зайд (қатысып отырғандардың) әрбіріне осы жазуды алып келіп, одан: «Уа, пәленше, сен осымен келісесің бе?» - деп сұрай бастады. Ал (олардың) әрбірі: «Иә, келісемін!» - деп жауап берді. Ол маған келгенше және: «Уа, бала, сен осымен келісесің бе?» - деп сұрағанша осылай жалғасты. Мен: «Жоқ, мен келіспеймін», - деп жауап бердім. Сонда ол: «Бұл баламен асықпаңдар! Ал сен не деп айтасың?» - деді. Мен: «Аллаһ менен Өзінің Кітабында келісім-шарт алды, әрі мен Аллаһ Өзінің Кітабында менен алған келісім-шарттан өзге ешқандай келісім-шарт жасаспаймын. Осыдан кейін олардың барлығы түгелімен өз шешімдерінен бас тартты және қатысып отырғандардан ешкім, ал олар отыз адамдай болатын, ол жазған нәрсені бекітпеді». Абу Ну’айм “әл-Хилья” 2/204, Ибн ‘Асакир “Тарих әд-Димашқ” 58/313.

Қорытынды: Бүлік көптеген жастарды түрлі ұйымдар мен партияларға алдап тартады және оларды салдары кесірлі болған әртүрлі анттармен және сол сияқты нәрселермен міндеттейді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 59; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.005 с.)