Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
арағанды конфеттерінің болашағыСодержание книги
Поиск на нашем сайте Қарағанды конфеттерінің болашағы Биыл Қарағандыда жалпы құны 3,8 млрд. теңгені құрайтын 43 шақырым көлік жолы жөнделеді. Бұл жөнінде облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Абайділдә САНАУБАРОВ мәлім етті. Осы жылы 27 нысанды жөндеу жоспарланып отыр. Мұның ішіне құны 100 млн. теңге тұратын Приканальная көшесінің құрылысы және сомасы 779,7 млн. теңгені құрайтын Гоголь көшесінің күрделі жөндеу жұмысы енгізілді. Сонымен қатар, құны 2 млрд. 923 млн. теңге көлемінде 25 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарының басым бөлігі Октябрь ауданында атқарылады. Атап айтқанда, Майқұдық, Пришахтинск және Сұрыптау станциясының 21 нысанында жөндеу жұмыстары орындалады. Көпшілікті алаңдатқан Гоголь көшесін жөндеу мәселесі шешімін табады. Мұнда тротуарларды ауыстыру, жол қозғалысын реттеу құралдарын ретке келтіріп, толық жөндеу жұмыстарын атқару жоспарланған. Сондай-ақ, «Қарағанды конфеттері» ЖШС фабрикасы маңындағы теміржол өтпесінің мәселесін шешуге, жолдарды кеңейтуге уәде берді. «Қарағанды кәмпиттері» кешегі көрінісі 70 жылдан астам тарихы бар «Қарағанды кәмпиттері» кондитерлік фабрикасының өнімдері Қазақстанға ғана емес, шетелде де танымал болғандығы рас. Қарағанды десе көмірден кейін екінші еске түсетіні осы «Қарағанды кәмпиттері». Бірақ соңғы уақыттары еліміз түгілі Қарағандының өзіндегі дүкендерден осы фабриканың бірде-бір өнімін таба алмайтын болдық. «Қарағанды кәмпиттері» кондитерлік фабрикасы қайта жаңғыртуға байланысты жұмысын тоқтатқан. Алайда танымал фабриканың нақты қай уақытта қайтадан өнім шығаратындығы белгісіз, деп хабарлайды Baq.kz-тің Қарағандыдағы тілшісі. Әр аймақтың, қаланың өзіндік «бренді» болатыны рас. Алматылықтардан апортты, Қызылордадан күріш, Шымкенттен қауын мен қарбызды, Атыраудан келген қонақтардан балық күтсек, Қарағандылықтар барған жеріне, әрине көмір емес, қарағандылық конфеттерді ала баратын. Осылайша, Қарағандының өзіндік «брендіне» айналған конфеттерді қазір күндіз шаммен іздеп таппайсыз. Жалпы, Қарағанды дүкендері мен супермаркет сөрелерінен аталған фабрика өнімдері осы жылдың жаз айларынан бастап көрінбей кетті. Ел аузындағы болжам да сан түрлі. Бірі «Қарағанды кәмпиттері» фабрикасы қайта жөндеуден өтеді екен десе, бірі фабрика «банкрот» болыпты мыс деген ақпаратты таратады. Осыған байланысты кондитерлік фабрикаға хабарласқанымызда халықтың бірінші болжамы расталды.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 48; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.) |