Антигендер. Антиденелер. Жұқпалы аурулардың иммунды әдіспен алдын алу және емдеу негіздері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Антигендер. Антиденелер. Жұқпалы аурулардың иммунды әдіспен алдын алу және емдеу негіздері

Поиск

Антигендер(anti-қарсы, genus-тек) - шығу тегіне қарамастан адам организміне енгенде спецификалық иммундық реакция қоздыратын және оның атқарылуына қатысатын заттектер.

Антигенге тән қасиеттер.

  1. Жаттылығы ( чужородность)
  2. Антигенділігі генетикалық ақпарат тасымалдай
  3. Спецификалығы алатын химиялық құрамымен байланысты
  4. Иммуногенділігі
  5. Белок (ақуыз) табиғаты
  6. Молекулалық салмағының жоғары болуы
  7. Коллоидты жағдайда болуы

 

n Құнды (полноценные) антигендер – организмге енгенде АД өндірілуіне әсер етеді және олармен спецификалық реакцияларға түседі микроорганизмдер, олардың бөлшектері,токсинндері,ферменттері т.б глюцидо-липидті-протеинді кешендер

n Құнсыз (неполноценные) антигендер-гаптендер-АД түзілуіне себепкер бола алмайды,бірақ дайын АД-мен реакциаға түсе алады (липиттер,глюцидолипитті кешендер-төменгі малекулалы ақуыздық табиғаты жоқ заттар).

n Жартылай гаптендер – АД синтезделуіне қатыспайды және спецификалық реакция бере алмайды, бірақ спецификалық АД – ді тосқауылдау қабілеті бар (химиялық радикалдар: хлор, йод, бром, тб.)

 

n Ақуыз (белок) – антигендік (иммуногендік) қасиетін анықтайды.

n Ақуыз беткейінде орналасқан амин қышқылды қалдықтар – спецификалығын анықтайды, оларды детерминантты топ немесе эпитоп деп атайды. Антигеннің құрамында бірнеше детерминантты топтар болуы мүмкін.

 

Гетероантигендер – микроорганизмдер және әртүрлі жануарлар мен өсімдіктерге ортақ антигендер. Мысалы форсман антигені – теңіз шошқасы мен қойдың эритроцидтері және салмонеллаларға ортақ антиген табылған.

Айқас реакция беретін антигендер (АРА - ПРА) – бірқатар микроорганизмдерден және адамдардың тіндерінен табылған. Мысалы : гемолитикалық стрептококк, миокард және бүйрек АГ-де ұқсастық бар. Сондықтан гемолитикалық стрептококк ревмокардит және гломерулонефрит ауруларын асқындыруға себепкер болады.

Изоантигендер – осындай антигендер бойынша әрбір жеке дараны немесе топтарды бір-бірінен ажыратады (қанның АВО жүйесі).

Қатерлі ісік антигендері – онкогендік трансформация нәтижесінде жасушаларда пайда болады.

Аутоантигендер- әртүрлі факторлардың әсерінен (инфекция, ісікке, күйікке шалдығу, радияция мен зардаптану, тб.) организм жасушаларының қалыпты құрамы өзгеріп жат антигенге айналады. (аутоиммунды паттологиялар)

HLA (human leicocyte antigenes) – гистиосәйкестіктің басты кешенінің антигені (орган алмастырғанда маңызы оте зор).

 

n Бактерияларда

n Соматикалық – термостабильді О-АГ (глюцидолипидты полипептид).

n Талшықтық – термостабильді Н-АГ (ақуыз)

n Капсулалық – термобильді К-АГ (күрделі кешен)

n Вируленттілік антиген – Vі-АГ (күрделі кешен)

n Вирустық АГ – нуклеокапсидпен немесе сыртқы қабықшасының гликопротейдтерімен байланысты.

 

Микроорганизмдердің антигендік құрамын білу қажет:

n Микроорганизмдерді бір-бірінен ажыратып (дифференциациялап) диагноз қою үшін.

n Иммунитет құбылыстарын зерттеу үшін.

n Әртүрлі биологиялық препараттар (диагностикумдар, антигендер, аллергендер, вакциналар, сарысулар, тб.) дайындау үшін.

n Генетикалық өзгергіштіктерді байқау үшін.

 

Антигендер (АГ) организмге енгенде оған қарсы иммунды жауап әр түрлі болуы мүмкін:

  1. АД синтезделуі.
  2. Иммунды фагоцитоз.
  3. ЖЖТ (ГНТ) және ЖСБТ (ГЗТ) – аллергия.
  4. Иммунологиялық жад (память).
  5. Иммунологиялық толеранттылық.

 

Жұқпалы ауруларға қарсы тұруда спецификалық иммунитеттің, яғни спецификалық иммунитет факторы – антиденелер пайда болудың маңызы күшті.

Антиденелер – антигендердің әсерінен организмде пайда болатын және онымен өзара әрекеттесетін спецификалық гамма-глобулиндер (иммундыглобулиндер).

 

Антиденелердің құрамы және құрылысы.

Иммундыглобулиндердің құрылымын зерттеп анықтаған ғалымдар – Р.Портер, Д.Эдельман.

АД-ің химиялық құрамы: озара дисульфидті (~S-S) көпіршемен байланысқан полипептидті тізбекшеден тұратын гликопротеидтер. Бірдей екі жеңіл (L) және бірдей екі ауыр (H) тізбекшесі болады. FaB-фрагменті – антигенмен байланысады. Fc (кристалданушы) фрагменті – макроорганизм жасушасының мембранасындағы рецепторлармен және кейбір микробтардың суперантигенімен жабысуға жауапты. Бір ауыр және бір жеңіл тізбекшелердің шетінде АД-нің белсенді орталығы (активный центр) болады. Бұл орталық тиісті АГ-дің детерминантты тобына сәйкес келеді.

 

Антидененің құрылымы

Екі тізбекшеден тұрады:

- 2 ауыр

- 2 жеңіл

Әрбір тізбектің 2 бөлігі болады:

- тұрақты

- вариабельд

 

АД классификациясы

n Толықты (полные) - екі одан да көп белсенді орталығы болады.

n Толықсыз (неполные) - бір активті орталығы болады.

n Табиғи (қалыпты) - дені сау адамдардың сарысуында болады.

   Қандай объектіге қарсы әсер етуіне байланысты: антитоксиндік, антивирустық, антибактериялық т.б.

  Серологиялық реакцияларға қатысуына қарай: агглютининдер, преципитиндер, комплементбайланыстырушы т.б. АД-ің барлығы иммундыглобундер болып табылады.

 

 

Иммундыглобулиндер (Ig) класы. Жалпы сипаттамасы.

Ig-дің класқа, класшаға, типтерге бөлінуі олардың L және H тізбекшелерінің антигендік спецификалығына негізделген. Бес класқа (сыныптарға) бөлінеді:



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 72; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)