Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
сурет – Өндірістік орындарынғдағы шудың шамаларыСодержание книги
Поиск на нашем сайте 2.4-сурет – Өндірістік орындарынғдағы шудың шамалары Шуылдан қорғану. Өндірістік процестерді автоматтандыру және механизмдеу құралдарының дамуы жабдықтарды пайдаланумен байланысты болады, олар жұмыс барысында механикалық тербелістерді жасайды, зияндылық әсері жиілігінен, қарқындылығынан және ортадан байланысты әртүрлі болады. Бұл тербелістер шуылға және дірілге бөлінеді. Естілетін жиіліктер ауқымында таратылатын тербелістерді адам дыбыс ретінде қабылдайды. Шуыл – қатты, сұйық және газ-тәрізді орталарда пайда болатын механикалық тербелістер кезіндегі әртүрлі жиіліктер мен қарқындылықты (күшті) дыбыстардың ретсіз тіркесуі. Ұзақ шуылдың әсері құлақтың есітуін және көздің көруін төмендетеді, қан қысымын көтереді, орта жүйке және жүрек-сауыт жүйелерін шаршатады, нәтижесінде жұмысшының жұмысында қателер саны көбейеді, еңбек өнімділігі төмендейді. Адамның есту органдары 16...20 000 Гц жиілікті дыбыс толқындарын қабылдайды. 20 Гц-тен төмен (инфрадыбыс) және 20 000Гц-тен жоғары (ультрадыбыс) тербелістер құлаққа әсер етпейді, бірақ толық ағзаға биологиялық әсерін тигізеді. Шуға қарсы жеке қорғаныс құралдары Қарқынды шу мен дірілге жеке қорғаныс құралдарын қолдану олар дұрыс таңдалған және тұрақты түрде пайдаланылса тиімді болып табылады. Қазіргі заманғы физиологиялық әдістер көмегімен жүргізілген зерттеулер нәтижесі жеке қорғаныс құралдарының діріл мен шудың әсерінен ағзаны едәуір қорғайтынын, сонымен қатар әртүрлі терең функционалды зақымдаулар мен бұзылулардың алдын алатындығын дәлелдеді. Бірақ жеке қорғаныс құралдарын пайдалану жалпы шумен күресу мәселелерін толығымен шешпейді. Егер жұмыс орнында шу деңгейін басқа да қажетті әдістермен шекті деңгейге қоюға мүмкіндік болмаса, онда жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға тура келеді. Соғу, кесу, пневматикалық және электрлік құрал-жабдықтармен дәнекерлеу тігістерін тазарту, металлды қолмен қорыту секілді өндірістік үрдістер үшін жеке қорғаныс құралдары кәсіби аурулардың алдын алатын іс-шаралар болып табылады. Шу адамның есту мүшесіне және ағзасына алғашқы 3-5 жылда қатты әсер етеді, содан соң патологиялық өзгерулер баяулай бастайды. Сондықтан да, шулы өндірісте жұмысты алғаш бастар алдында қорғаныс құралдарын қолдану маңызды болып табылады. Шудан қорғанудың жеке қорғаныс құралдарына тығындар, құлаққаптар және шлемофондар жатады. Тығындар. Тығындар құлақтың есту арнасына салынады. Оларды пластикалық пішінін қатты өзгертпейтін материалдардан жасайды. Қатты тығындарды қысқа мерзімде қолдану керек, себебі олар есту мүшелерін зақымдайды. Дұрыс таңдалған құлақ тығындары жоғары жиіліктердегі шуды біршама төмендетеді.
2.2 Өндірістіегі микроклимат параметрлері .
Өндірістік бөлмелердің микроклиматы.. Өндірістік бөлмелердің микроклиматы бұл- ауа қозғалысының ылғалдылығы мен жылдамдылығы, температурамен қосылғандағы адам ағзасына, сондай –ақ қоршаған орта әрекетімен анықталатын бөлмелердің ішкі микроклиматы. Бөлмелердің микроклиматы әр түрлі ыстықтан қатал суыққа дейінгі маусымдық сыртқы әсерлерге ұшырайды. Сондықтан ғимараттарды жобалауда Шымкент қаласының ауа райы жағдайын ескеремиз. Климаты шұғыл континентальды. Қаңтар айының орташа температурасы – 16-20, шілде айында +30 +35. Орташа жылдық жауын- шашын мөлшері 150-ден 1000-1500мм –ге дейін. ГРС бөлмелеріндегі микроклимат келесі белгіленген өдіріс салаларындағы еңбек жағдайларын нормалау бойынша қарастырылған санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес 12 кесте ГРС бөлмелеріндегі микроклимат. Кәсіпорындағы жарықтандыруды қамтамасыз ету. Жасанды жарықтандырудың есептеу. Кәсіпорындарда жасанды жарықтандыру шарты көздің көруіне, адамның физикалық және моралдік күйіне әсер етеді, сонымен қатар жұмыс істеу қабілетіне, өнім сапасына және өндірістік жарақаттануға әсер етеді. Жұмыстың жарықтандырылуын ұйымдастыру үшін, жарық көзі ретінде люминесцентті лампалар және қызу лампалары қолданылады.
Тұрмыстық, өндірістік және тұрғын бөлмелердің микроклиматы адам ағзасына әсер ететін ауа температурасының (t,°С), салыстырмалы ылғалдылығының (φ,%), ауа қозғалысының жылдамдықғының (V,м/с) және бөлме ішіндегі беттерден (қабырғадан, төбеден, еденнен, технологиялық қондырғылардан) жылу бөліну (I, Вт/м2) үйлесімділіктеріменанықтала
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 47; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.) |