сурет – Аммиакты селитраны автомобильмен жеткізу кезіндегі кешенді механикаландыру сұлбасы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

сурет – Аммиакты селитраны автомобильмен жеткізу кезіндегі кешенді механикаландыру сұлбасы

Поиск

1.1-сурет – Аммиакты селитраны автомобильмен жеткізу кезіндегі кешенді механикаландыру сұлбасы

 

Цемент тасығыш машиналар болмаған кезде аммиакты селитра кәсіпорынға пневматикалық диафрагма арқылы оқтағыш машиналармен жеткізіледі және ленталы конвейердің қабылдағыш астауына өздігінен ағу арқылы түсіріледі. Көрсетілген сұлбада аммиакты селитраны беру қажеттілігі бойынша конвейер астауына 9 беріледі және игданит дайындау үшін араластырғыш қондырғыға берілуі мүмкін. Сол арқылы шамадан тыс тиеудің көлемі қысқарып, сұлбаның экономикалық тиімділігі артады.

 

 

1.2 Хром қосылыстары және феррохром өндірісіндегі технологиялық процесс және өндірістегі гигиеналық сипаттама

 

Базалық нысандар ретінде Ақтөбе хром қосылыстары зауыты (АХҚЗ) және Ақтөбе ферроқоспалар зауыты (АФЗ) саналатын.

Ақтөбе хром қосылыстары зауыты (АХҚЗ) – хром қосылыстарын өндіру бойынша маманданған өнеркәсіп. Зауыттың негізгі өнімдері: натрий бихроматы, сусыз кристалдық хром ангидриді, қорғасын-молибденді құрғақ бояу, алюминий-хромфосфаттық байланыстырушылар, азотқышқылды хром. Бұл өнімдерді АХҚЗ 1956 жылдан бастап шығарады және химиялық, тері, металлургиялық, жүн өнеркәсіптеріне негізгі хром жеткізуші зауыт болып табылады. Сонымен бірге, АХҚЗ өнімі әлемнің 28 еліне экспортталады.

Өнімді шығару 7 негізгі цехтарда іске асырылады: натрий монохроматы (№1 және №2), натрий бихроматы (№3), хром және натрий тиосульфатының тотығы (№4), хром ангидриді және құрғақ хром малмалары (дубитель) (№5), күкіртті натрий (№6), қорғасын-молибденді бояулар (№7).

Хром қосылыстарын өндіруге қажетті негізгі шикізаттар – хром кендері

(Ақтөбе облысы, Хромтау қаласынының Дон кен басқару орнынан жеткізіледі), кальцийлендірілген сода, доломит, күкірт қышқылы, табиғи күкірт, кокс, техникалық азот қышқылы, термиялық фосфор қышқылы болып табылады. АХҚЗ-да хромның және күкіртті натрийдің әртүрлі қосылыстарын алу жолдары №2 суретте көрсетілген.

Зерттеу нысандары ретінде натрий монохромат, натрий бихроматы және хром тотықтары өндіру цехтары тандалды, өйткені бұл цехтарда зиянды өндірістік факторлардың әсері айқын болады.

Натрий монохромат цехы еңбек шарттары аса зиянды және ауыр цехтар қатарына жатады. Натрий монохроматын гидрометаллургиялық сызба бойынша айналып тұрған барабанды пештерде доломитті, кальцийленген соданы және хромиттен құралған хромитті шихтаны жоғары температуралық тотықтырушы қыздыру арқылы алады. Қыздырылған массаны (спект) сілтісіздендіреді және алынған натрий монохроматы ерітіндісін фильтрация арқылы ерімейтін тұнбадан бөліп алады.

№1 және №2 цехтарының дайын өнімі судағы натрий монохроматы ерітінділері (Na2CrO2) болып табылады, олар натрий бихроматы, калий бихроматы, хром тотықтары және басқа да хром қосылыстарын алуға керекті бастапқы шикізат ретінде қолданылады.

Айналып тұрған барабанды пештерде хромитті шихтаны тотықтырушы қыздыру натрий монхроматын өндіру процесінің маңызды сатысы болып саналады. Қыздырудың негізгі мақсаты – үш валентті хром кенін алты валентті суда еритін хром қосылысына айналдыру.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 49; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)