ОҢтҮстік ҚазаҚстан мемлекеттік педагогикалыҚ университеті 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ОҢтҮстік ҚазаҚстан мемлекеттік педагогикалыҚ университеті

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІ

ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ

 

Лабораториялық жұмыс 

 

 

  Тақырыбы: :Жануарларға арналған дайын жем мен қой мен ешкі саны арасындағы статистикалық байланыстың эконометрикалық есебін шешу

 

           

                                                     Орындаған: Баумупатова А.

         Тобы: 111-15

                                                          Қабылдаған: Сарсенбиева Н.

 

Шымкент-2017

Мақсаты:Жануарларға арналған дайын жем мен қой мен ешкі саны арасындағы статистикалық байланыстың эконометрикалық есебін шешу

Міндеттері:

1. Excel-дің мүмкіндіктерін қолдана отырып,  жануарларға арналған дайын жем мен қой мен ешкі саны арасындағы статистикалық байланыстың эконометрикалық есебін шешу

2. Математикадағы статистикалық есептердің кейбірін  экономикалық есептерді шешуде тиімді пайдалану.

3. Теориялық білімдерді практикаға пайдалануға дағдыландыру.

Негізгі формулалар:

4. x*y;

5. ;

6. ;

7. Cov(x,y)=∑x*y-∑x*∑y;

8. Var(x)= ∑ + ;

9. Var(y)= ∑ + ;

10. = КОРРЕЛ( : ; : );

11. b= ;

12. a= ;

13. ;

14. = *(n-2)

 

Негізгі анықтамалар :

Статистика (лат. status– жай-күй) –

1. білім саласы, бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үдерістердің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерделейтін ғылым;

2. қоғам өмірінің (экономиканың, саясаттың, т.б.) сандық заңдылықтарын олардың сапалық мазмұнымен ажырасыз байланыста сипаттайтын статистик, ақпаратты жинап, өңдеуді, талдау мен жариялауды қамтитын практик, қызмет саласы;

3. жарияланатын сандық деректердің, бақыланбалы нысанның сан немесе сапа тұлғасындағы күйін тиянақтайтын бақылау нәтижелерінің жиынтығы.

4. қоғам өмірінің сандық жақтарында болатын құбылыстарды меңгеретін және көп жылдық тарихы бар ерекше ғылым немесе білім саласы. Оның шығу төркіні әр түрлі қоғамдық тұтынушыларға, мал санына, жер-су көлеміне, дүние-мүлік және басқалар есебіне байланысты.

  Mатематикалық статистикада –деректер жиынындағы әрбір элементтің жеке қасиеттерін сипаттамайды, олар бір топқа жататын бірнеше элементті бірге қамтиды. Әдетте статистикалық деректер жолдар мен бағаналарға бөлініп, реттеліп жазылады, олардың негізінде жүргізілетін ғылыми-зерттеушілік әдісі статистикалық әдіс деп аталады. Ол ғылым салаларының барлығында қолданылады, бірақ табиғаты әр түрлі нысандардың статистикалық мәліметтерін бірге қарастыруға болмайды. Соның нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық статистика, статистикалық физика, жұлдыздар астрономиясы, т.б. дербес ғылым салалары қалыптасқан. Математикалық статистиканың әдістері аса маңызды параметрлері белгісіз немесе оларды жеткілікті дәлдікпен бақылауға болмайтын көптеген есептерде шешім табудың тиімді жолдарын табуға мүмкіндік береді. Математикалық статистикада математикалық заңдардың бәрі де қолданылады.   

Эканометрика есеп - Экономикалық тиімділікке жету мен жақсартуға бағытталған іс әрекеттерді бағалау, сонымен қатар, микро макроэкономикалық факторлардың даму жолдарын болжау.

  «Коррекция» сөзі ара қатынас, сәйкестік мағынасын береді. Нәтиелік және жай факторлардың статистикалық байланыс мәліметтері арқылы анықталған орташа мәндерінің арасындағы тәуелділікті – коррекциялық байланыс деп атайды. Басқа сөзбен айтқанда, коррекциялық байланысты орташа мәндерінің функциялық байланысы түрінде қарастыруға болады. Жалпы факторлар арасындағы байланыстың себеп салдарын анықтау үшін коррекциялық регрессия сияқты бірнеше түрлері бар:

· Коррекция бағына қатысты оң және теріс болады;

· Факторлар санына қатысты жұп және көптік болады;

· Байланыс формасына қатысты сызықтық және сызықтық емес болады.

Корреляциялық талдау - Х және кездейсоқ шамаларының арасындағы байланыстың дәрежесін анықтаумен айналысады.

Екі кездейсоқ шамалар үшін тәжірибе нәтижесінде алынған деректердің корреляциялық талдауы мынадай негізгі тәсілдерді қарастырады:

1. Корреляциялық таңдама коэффициентін есептеу.

2. Корреляциялық кесте құру.

3. Байланыс мәнділігі жөніндегі статистикалық жорамалды тексеру.

Анықтама.Егер және регрессия функцияларының екеуі де сызықтық болса, онда Х және кездейсоқ шамаларының арасындағы корреляциялық тәуелділік сызықтық корреляциядеп аталады.

 

 

Регрессиялық талдау.

Айталық, бізде және екі параметрдің n мәндер жұбы бар болсын. Яғни, бір ғана объектінің екі параметрі өлшенген. Осы параметрлердің арасында қандай да бір мәнді байланыс бар ма деген сұраққа жауап беру керек.

және кездейсоқ шамалары өзара тәуелді немесе тәуелсіз болуы мүмкін. Тәуелділіктің екі түрі бар: функционалдықжәне статистикалық. Математикада айнымалысының айнымалысынан функционалдық тәуелділігідеп - тің әрбір мүмкін мәніне қандай бір белгілі ереже бойынша - тің бір ғана мүмкін мәні сәйкес қойылатын түріндегі тәуелділікті айтады.

Алайда, егер және кездейсоқ шамалар болса, онда олардың арасында статистикалықдеп аталатын тәуелділіктің басқа түрі болуы мүмкін. және кездейсоқ шамаларының мәндерінің қалыптасуына әртүрлі факторлар әсер етеді. Осы факторлардың әсер етуі нәтижесінде және нақты мәндері қалыптасады. Айталық, және - ке бірдей факторлар, мысалы әсер етсін, онда және бір-бірімен толық сәйкестікте болады және функционалды байланысады. Енді айталық, Х – ке , ал -ке тек қана және факторлары әсер ететін болсын. және екеуі де кездейсоқ шамалар, бірақ олардың екеуіне бірдей әсер ететін және ортақ факторлары бар болғандықтан, олар өзара байланысты және бұл байланыс функционалдыбола алмайды, себебі: кездейсоқ шамалардың біреуіне ғана әсер ететін факторы және мәндерінің арасындағы тікелей (функционалдық) тәуелділікті бұзады. Бұл жағдайдағы байланыс сынаудан сынауға дейін өзгеріп отыратын кездейсоқ байланыс. Мұндай байланысты статистикалықдеп атайды. Бұл жағдайда - тің әрбір мәніне функционалдық тәуелділіктегі сияқты - тің бір ғана мәні емес, қандай да бір мәндер жиыны сәйкес келуі мүмкін.

Анықтама 1.Егер бір кездейсоқ шаманың өзгеруіне екінші кездейсоқ шаманың таралу заңының өзгеруі сәйкес келсе, онда олардың арасындағы тәуелділік статистикалықдеп аталады.

Анықтама 2. Егер бір кездейсоқ шаманың өзгеруіне екінші кездейсоқ шаманың орта мәнінің өзгеруі сәйкес келсе, онда олардың арасындағы статистикалық тәуелділік корреляциялықдеп аталады.

Корреляциялық тәуелділікпен байланысқан кездейсоқ шамаларды корреляцияланғандеп атайды.

Сызықтық регрессия(жұптық регрессия) - бір (түсіндірілген, тәуелді) айнымалы y-ның сызықтық тәуелділік функциясымен басқа немесе бірнеше басқа айнымалыларға (факторлар, регрессорлар, тәуелсіз айнымалылар) тәуелділігінің статистикасында пайдаланылатын регрессиялық модель.

Ерекше жағдайларда фактор бірегей болғанда (константаны есепке алмағанда), жұп немесе қарапайым сызықтық регрессия туралы айтады:

y = bx + a + ε.

Мұндағы, ε - кездейсоқ қате (ауытқу, наразылық).

Қалыпты теңдеулер жүйесі.

Егер факторлардың саны (константаны есепке алмағанда) 1-ден көп болса, онда біз көптік регрессия деп айтады.

Дисперсиялық талдау.

Дисперсия – бұл әртүрлі факторлардың әсерінен туындайтын белгінің өзгергіштігі. Бұндай факторлар жануар немесе өсімдік ағзасына бір біріне тәуелсіз және әртүрлі күштермен, ал кейде тіпті әртүрлі бағытта да әсер етеді. Нәтижесінде осындай әсер етуден өзгермелі белгі қандай-да бір белгілі өзгергіштік шамасын тауып алады.

Белгілер, әртүрлі себептердің әсерінен өзгергендіктен, результативті деп аталады, ал себептерді, результативті белгінің немесе белгілерінің өзгеру шамасын тудырғандықтан – факторлар деп аталады. Әрбір реттелетін фактор сериялы түрде сыналады, яғни бірнеше топтардың бір бірінен жекеленген түрінде болуы градация деп аталады. Дисперсиялық талдау тек қана реттеу факторларының бірегей әсерін ғана емес, сонымен қатар әрбіреуінің әсерін жеке, сол сияқты осы факторлардың результативті белгісіне әртүрлі амалдар әсерінің болуын ескереді.Әртүрлі, біруақытта әсер ететін факторлардың ықпал ету үлесі біркелкі емес, әрбір фактордың өзгергіштік белгісіне ықпал ету үлесін жиі айқындау қажет.

Біруақытта әсер ететін барлық факторлардың салдарынан болатын өзгергіштікті, белгінің жалпы дисперсиясы деп атаймыз. Жалпы дисперсия (Су) жіктелуі мүмкін: әртүрлі ескерілген факторлардың әсерінен болған, факториалды (Сх) деп аталатын дисперсияға және әртүрлі кездейсоқ (ескерілмеген) қалдық (Сz) деп аталатын факторлардың әсерінен болатын дисперсия.

Дисперсиялық талдауда жалпы (Су), факториалды (Сх) және қалдық (Сz) дисперсия шамасын есептейді. Егер өзгергіштік бірнеше факторлардың әсерінен туындаса (жасы, тірі салмағы, құрсақ көтеру ұзақтығы, қоректендіруі және т.б.) және осы ескерілген факторлардың ықпал үлесін анықтауда, факториалды дисперсия (Сх) әрбір фактордың дисперсиясына бөлек (СА, СВ и СС) және бірыңғай дисперсияға ажырауы мүмкін.

 

Қорытынды

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 37; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)