Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Жан-жануарларды тасымалдау ережелері
Кедендік құжаттар. Туристерді кедендік баж салығына жинауларға, төменгі маусымда кету және келу кезіндегі салықтарға жеңілдік жасау; қонақ үйлер мен басқа туристік объектілерге арналған құрал жабдықтарды шеттен әкелуге кедендік жеңілдіктер жасау ( баж салығын алып тастауға дейін); қосымша салық салу құрылымына туристік объектілерді жаңарту және мазмұнына кейбір салықтар мен жинауларды қосу. Шекара арқылы заттар, тауарлар, және валюталық құралдарды өткізудегі ережелер мен процедураларды айтамыз. Кедендік органдар кедендік декларацияның дұрыс толтырылуын, кедендік жинақтарды дұрыс толтырылғанын тексеріп бақылайды. Кедендік тәжірибеде тауар өткізудің екі режимі бар: жалпы және жеңілдікпен. Жеңілдетілген режим өндірістік және коммерциялық мақсаттарды көздемейтін тауарларды өткізуде қолданылады. Физикалық тұлғалардың ҚР шекарасы арқылы тауар өткізу туралы міндеттемесінде кейбір тауарларды шектеулі санда өткізетін және кедендік төлемнен босатылатын тауарлар тізімі көрсетілген. Тауар өткізудің бағасы оның көтерме бағасымен анықталады және чекпен расталады. Бұл құжатарда кедендік төлем мен салықсыз шекара арқылы физикалық тұлға 1000 доллардан және салмағы 50 кг нан аспайтын тауар өткізуі мүмкін. Физикалық тұлға өткізетін тауары өндірістік немесе коммерциялық қызмет үшін болмаса, тауар бағасы 10000 доллардан аспаған жағдайда ол кедендік төлемнен босатылуы мүмкін. Турист- резиденттер ҚР нан 10000 доллар көлемінде шетел валютасын алып кете алады. Егер бір мезгілде 3000 доллар сомма көлемінде шетел валютасын алып шығатын болса, оны тәркілеудің қажеті жоқ. Егер шығарылып жатқан валюта көрсетілген лимиттен асып кетсе оны жазбаша түрде тәркілейді. Елден шығарылып жатқан валюта соммасы, егер ол сол валютаны алдын алып келмеген болса 10000 доллардан аспауы керек. Резидент еместер елден кедендік растауы болған жағдайда 10000 доллардан асатын сомма алып шыға алады. Кедендік құжаттардың бұзылуының ең көп тараған түрлері мыналар: · Валютаның тіркелмеуі оны біліп қойса, кеден қызметкерлері алып қоюы мүмкін; · Өткізілетін тауар лимитінің асып кетуі; · Тауардың бағасын немесе оның заңды түрде алынғандығын растайтын құжаттардың болмауы.
Теміржол транспортымен Ресей Федерациясының және басқа мемлекеттердің азаматтарына қол жүгі ретінде жеке затын, багажы мен жүк багаждарын тасымалдауға құқық беріледі. Қол жүктеріне жеңіл тасымалданатын, поезд вагондарында жолаушылармен бірге сол үшін арнайы бөлінген жерлерде – рундукте (төменгі сөренің астында орналасқан үлкен жәшік, сандық), үшінші сөреде, алыс жолға баратын поездарда есік астындағы қуыстарда және қала сыртына қатынайтын поездарда арнайы сөрелерде орналасатын заттар жатады. Мұндайда рундуктарды төменгі сөредегі орынды иемденген жолаушылар пайдалануға құқылы. Қол жүгін коридорда, тамбурларда, өтетін жерлер мен жолаушыға арналған орындарда тасымалдауға тыйым салынады. Қазіргі уақытта алыс жолға тегін тасымалданатын қол жүгінің салмағы билет түріне (балалар, ересектер немесе жеңілдік) байланыссыз, бір жол жүру билетіне 36 кг-нан аспауы тиіс. СВ вагондарында (2 адамдық купе) бір жол жүру билетіне тегін 50 кг қол жүгін алып жүруге рұқсат етіледі. Алысқа жүретін поездардағы қол жүгін тасымалдау ережесінің есебіне өзімен бірге балалар коляскасын, жиналған түрдегі байдаркаларды, яғни өз көлемі бойынша қол жүгіне арналған орындарда орналастырылуы мүмкін болатын заттарды алып жүруге рұқсат етіледі. Алысқа жүретін поездарға жүру кезінде белгіленген ережелерден басқа қосымша ақы төлеп, қол жүгін алып жүруге болады. Мұндай жағдайда салмағы 14 кг-ға дейінгі қол жүгіне багаж тарифы бойынша (10 кг жүкке сияқты) жолаушыға «қол багажы» түбіртегін берумен төленеді. Қол жүгінің салмағынан артық, салмағы 50 кг-ға дейінгі қол жүктерін 2 орындық купесі (СВ) бар және 4 орынды купесі бар вагондарда тасымалдауға рұқсат етіледі және толық құны төленген қосымша жол құжаты (билеті) толтырылады. Егер қосымша жүктің салмағы 150 кг-ды құраса, онда мұндай жағдайда оны 4 орынға да билет құнын төлеген жеке купеде тасымалдауға рұқсат етіледі. Үш өлшем сомасы бойынша қол жүгінің көлемі 180 см-ден аспауы тиіс. Қосымша ақы төлеп, қол жүгі ретінде электронды, тұрмыстық, бейне және аудио-техникаларды, яғни бір билетке бір заттан артық емес, тасымалдауға рұқсат етіледі (оның ішінде қала сыртына қатынайтын поездарда). Мұндайда заттардың салмағына байланыссыз оларға төлеу салмағы 30 кг багаж тарифы бойынша жүргізіледі және жолаушыға «қол багажы» түбіртегін берумен толтырылады. Егер жолаушы сол техниканы тасымалдау үшін қосымша орын «сатып алғысы» келсе, мұндай жағдайда багаж тарифы бойынша қосымша ақы ұстамайды. Қол жүгінің бүтіндігі мен сақталуын қамтамасыз ету жолаушының міндеті болып табылады. Қол жүгі ретінде басқа адамдардың заттарын және вагон ішін ластауға немесе зиян келтіруге қабілетті, сол сияқты сасыған, от қауіпті, уландыратын, жеңіл тұтанатын және т.б. қауіпті заттарды тасымалдауға рұқсат етілмейді. Дәрімен атылатын қаруды тек қол жүгі ретінде тасымалдауға рұқсат етіледі, мұндайда ол оғы алынып, патрондардан бөлек күйінде орналасуы тиіс. Артық қол жүктерін жолаушы поезд құрамына енгізілген қозғалмалы сақтау камераларында алып жүре алады. Мұндайда қол жүгін тасымалдаудың әрбір орны үшін белгіленген мөлшерде жинау ұсталынады. Жылжымалы сақтау камераларында тасымалданатын қол жүгінің жоғалуы, жетпеуі, бүлінуіне багажға қатысты белгіленген тәртіпте тасымалдаушы жауап береді. Белгіленген нормадан артық, тиісті ақы төленбеген қол жүгін алып жүруге айыппұл салынады. Айыппұл төлегеннен кейін жолаушы артық қол жүгін тасымалдау құнын бүкіл жолға багаж тарифы бойынша төлеуі тиіс. Бақылаушы жолаушының салмағы нормадан артық қол жүгін байқаған кезде, оған жол берген, яғни қол жүгі нормадан артық жолаушыны вагонға мінгізгені үшін вагон жолсерігінің атына акт жазылады. Акт жолсеріктің жұмыс орнына жіберіледі. Айыппұл, сол сияқты, тасымалдауға тыйым салынған қол жүгі мен заттарын байқағанда да салынады. Тасымалдауға тыйым салынған заттар мен азық-түліктерді тасымалдаған жолаушылар поездан түсіріледі. Жекелеген жағдайларда (егер қасындағы адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтірсе) жолаушы қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қала маңына қатынайтын поездарда жолаушы салмағы 36 кг-нан аспайтын қол жүгін және қосымша төленген және арнайы белгіленген ставка бойынша жүзеге асырылатын, толтырылған билет бойынша 50 кг-нан аспайтын қол жүгін тасымалдауға құқылы. Қала маңына қатынайтын поездарда қол жүгін тасымалдау тегін тасымалдау нормасының есебінен балалар коляскасын, өсімдіктерді, көшеттерді және т.б. бастары мен тамырлары оралған, биіктігі 180 см-ден аспайтын отырғызу материалдарын тасымалдауға рұқсат етіледі. Қала маңына қатынайтын поездардың тамбурында белгіленген төлемдер бойынша бөлшектенбеген күйінде 1 ғана велосипедті алып жүруге рұқсат етіледі.
Жолаушылар ұсақ үй жануарларын, иттер мен құстарды қол жүгінің белгіленген нормасынан тыс (СВ және комфорттылығы жоғары вагондарды есептемегенде) жолаушылар вагондарда өзімен бірге алып жүре алады. Кез келген жағдайда жан-жануарларды тасымалдау үшін формаға сәйкес мал дәрігерлік куәлікті (анықтаманы) көрсетуі тиіс. Егер жан-жануарларды өзімен бірге алып жүрсе (тасымалдаса), ол жәшікке, кәрзеңкеге, клеткаға орналастырылуы мүмкін және қол жүгін орналастыратын жерлерге еркін жіберіледі. Иттер, егер тараға орналастырылмаса, тұмылдырығының болуы, шынжырлануы немесе тізгінде болуы тиіс. Ұсақ жан-жануарларды тасымалдауға ақы төлеу – алыс жолға баратын поездға бір орынға 20 кг есебімен есептеледі, ал 20 кг-нан асатын болса, көбіне факт жүзіндегі салмақ ретінде жүргізіледі. Үй жануарларына ақы төлемей тасымалданса, оларға айыппұл салынады. Айыппұл төлегеннен кейін жолаушы жануарды тасымалдауға ақы төлеуге міндетті. Алыс жолға баратын поездарда ірі иттер (оның ішінде қызметтік) бірінші локомотив вагонынан кейінгі жұмыс істемейтін тамбурда тасымалданады, немесе оларды иесі не алып жүруші купелік вагондарда да (комфорттылығы жоғары вагондарды есептемегенде) бақылап отыруына болады, купедегі барлық орындардың толық құны төленеді. Соңғы жағдайда жануар үшін қосымша ақы ұстамайды. Қала маңында жүретін поездарда жануарлар ара қашықтыққа байланысты белгіленген ставкалар бойынша қала сыртындағы кассаларда сатылған билетпен тасымалданады. Қала маңына қатынайтын поездарда үй жануарлары мен құстарды тасымалдау үшін ставка тарифтерінің көлемін тасымалдаушылар белгілейді. Ірі иттер қала сыртына қатынайтын поездардың тамбурында иесінің не алып жүрушінің бақылауымен тасымалдануы тиіс. Соқыр жолаушылар иттерді өздерімен бірге барлық категориялы вагондарда тегін алып жүреді. Жабайы жануарларды қол жүгі ретінде тасымалдауға рұқсат етілмейді. Жолаушылар поездарының багаж вагондарында үй жануарлары мен құстарды тасымалдау вагонда орналасқан багаж немесе жүк багажын бүлдірмейтініне кепілдік беретін арнайы контейнерлер немесе поддондары бар жәшіктерде жүргізіледі. Мұндайда тасымалдау процесінде жануарларды күту мен тамақтандыру иесі не алып жүрушінің міндетіне жатады. Багаж вагондарында өтпелі кезеңде араларды сыртқы ауаның температурасы 100С-тан аспағанда, тасымалдауға рұқсат етіледі. Жабайы жануарларды багажбен тасымалдауға рұқсат етілмейді. Барлық жануарларды тасымалдауға поездардың жүруіне кем дегенде 1 сағат қалғанда қабылданады. Жануарларды багажбен тасымалдауға багаж квитанциясы беріледі, онда «Торда ит бар», «Торда құс бар» деген белгі қойылады және т.б. тараларымен қоса салмағы және тасымалданатын құстар мен жануарлардың жалпы салмағы көрсетіледі. Жануарларды белгіленген станцияда жолаушылар поезд келген уақытта тез алуы керек, бірақ поезд келген сәтінен бастап 12 сағаттан кешікпеуі тиіс. Бұл уақыттан кейін олар акт бойынша сауда мекемелеріне тиісті болады. Жануарларды тасымалдаған түбіртек жоғалып қалған жағдайда, жолаушы жануарларды тек жіберілген жерден дәлелдемелерді көрсеткенде ғана ала алады, яғни бұл дәлелдемелерде оның аты-жөні және тұрғылықты жері жазылуы тиіс.
Халықаралық байланыстарда қол жүгін, багаж немесе жүк багажын тасымалдаудың бірнеше ерекшеліктерін білу керек. Вагондарда тегін тасымалданатын қол жүгінің жалпы салмағы ересек жолаушылар үшін 35 кг-нан және 12 жасқа дейінгі балалар үшін 15 кг-нан аспауы тиіс. Қол жүгінің әрбір орны мұндай жағдайда 100×40×60 см-ден аспауы тиіс. Багаж ретінде тасымалдауға жолаушыға сапар кезінде қажетті заттар және чемодандарда, сумкаларда, жол қапшықтарда немесе басқа орамдағы заттар жіберіледі, бір багаж орнының салмағы 25 кг-нан аспауы және көлемі 100×60×30 см-ден аспауы тиіс. Мұндайда бір жолаушыға орын үшеуден артық болмауы тиіс. Бельгия, Босния-Герцеговина, Дания, Эстония, Финляндия, Франция, Греция, Ұлыбритания, Италия, Югославия, Хорватия, Македония, Нидерланды, Норвегия, Румыния, Швеция, Словения, Испания, Турция және Венгриямен байланыстарда багажды тасымалдауға және транзиттеуге рұқсат етілмейді. Иттерді немесе ұсақ үй жануарларын және құстарды өзімен бірге алып жүруге, егер олар сәйкес тасымалдау құралдарында (клетка, жәшік, кәрзеңке және т.б.) орналастырылса және көрші жолаушыға өзінің иісімен немесе шуылымен кедергі келтірмесе және жолаушылардың ішінен ешкім оған қарсы болмаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Иттерді тасымалдау үшін, егер тарифтегі толтырулар мен ұсыныстарда оған басқа ештеңе қарастырылмаса, 2-ші класты жол жүру құнының әдеттегіден жарты бағасы төленеді. Бірақ Норвегия, Швеция, Финляндия, Ұлыбритания және Испаниямен байланыстарда (ұйықтайтын вагондарда жүруді қоспағанда), сол сияқты Босния-Герцеговина, Югославия, Хорватия, Македония және Словениямен немесе осы елдер арқылы транзитпен өзімен бірге ит алып жүруге рұқсат етілмейді. Германиямен байланыстарда поездардың жүру кестелерінде ит алып жүруге болмайды деген белгі соғылған поездарда ит алып жүруге болмайды, сол сияқты өзімен бірге агрессивтік тұқымды (қабаған) және қауіпті иттерді (жауынгер иттерін) алып жүруге тыйым салынады. Иттерді иелерімен бірге ұйықтайтын, плацкарт вагондарда купедегі барлық орынға жол жүру сомасы төленген (билет алынған) купелерде алып жүруге болады. Иттің иесі сапар кезінде оны бақылап отыруы керек. Ол жануарларды тасымалдау кезінде мүмкін болатын шығынға жауап береді. Жануарларды багаж ретінде халықаралық байланыстарда тасымалдауға тыйым салынады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 45; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.007 с.) |