сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

 

Пән:Қазақ тілі

Сынып: 2

Бағдарлама:Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген 2-4 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен оқу бағдарламасы.

Оқулық: Қазақ тілі. Алматы . «Атамұра», 2013 жыл                                                                      Авторлары: Г.И.Уайсова, Р.С.Әміров, Ә.Е.

Түсінік хат

Қазақ тілі – бастауыш сынып оқушыларын алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрін меңгертетін және олардың ақыл-ойын дамытатын пән.

Пәнді оқытудыңжалпымақсаты – тіл туралы оқушыларда тұтас ғылыми ұғым қалыптастыру, тіл ғылымы туралы негізгі ережелерді меңгерту; ауызша және жазбаша сөйлеудің коммуникативтік білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлға қалыптастыру.

Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгерту, сауатты жазу, оқу дағдылары жетілдіру, интеллектісі мен шығармашылық қабілеттерін, қатысымдық құзыреттілігін дамыту, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

Басты міндеттері:

1) оқушылардың өз ана тілі – қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту, тілдің құдіретін және оның эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы қазақтың ұлттық мәдениетінің бір бөлігі ретінде өз тілін құрметтеу және мақтаныш ету сезімдерін қалыптастыру;

2) тілдік ұғымдар арқылы оқушыларды өзін тілді иеленуші тілдік тұлға ретінде сезінуге тәрбиелеу;

3) ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасаудағдыларын жетілдіру;

4) тілдік материалдар негізінде қажетті тілдік білім, білік, дағдыларды (өз ана тілінде дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқу және сауатты, көркем жазу) қалыптастыру және дамыту;

5) алғашқы тілдік құбылыстарды танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және ажырату дағдыларын қалыптастыру;

6) оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы оның белсенді, креативтік, сыни ойлауын жетілдіру.

Бастауыш білім беру деңгейіндегі оқу бағдарламасында материалдар жүйелi-концентрлi ұстанымға негiзделiп, мазмұны жағынан кешендi сипатта берілді. Бағдарламаның мұндай құрылымы тiлдi оқытудың коммуникативтiк-iс-әрекеттiк бағытын жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Мұның өзi тiлдiк бiлiмнiң сапалы меңгертілуін қамтамасыз етеді. Осы тұтас жүйе мазмұны мен өзiндiк мақсатқа бағыттылығы арқылы оқушының тiлдiк iс-әрекеттерге ауызекi және жазба тiлдегi толыққанды дайындығын қамтамасыз етедi.

«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы мынадай бөлімдерден тұрады: «Тіл және сөйлеу», «Дыбыс және әріп», «Мәтін», «Сөйлем», «Сөз және оның мағынасы», «Сөз құрамы», «Сөз таптары».

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 2 – 4-сыныптар барлығы 136 сағатты құрайды (аптасына 4 сағаттан).

47. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушыларбілуі қажет:

1) тіл және сөйлеудің мәнін, ауызекі және жазба тілді;

2) тіл дыбыстарының дауысты және дауыссыз түрлерін;

3) мәтіннің құрылымы мен түрлерін;

4) сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін;

5) сөйлемдегі сөздердің байланысын;

6) сөз мағыналарын;

7) өтілген сөз таптарын, олардың сұрақтарын;

48. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылармеңгеруі қажет:

1) сөзге дыбыстық талдау жасауды;

2) сөз құрамына талдауды;

3) өтілген сөз таптарын ажырату, талдау және оларды өзара салыстыруды;

4) мәтіндегі тірек сөздерді табуды және олармен мәтін құрауды;

5) түрлі жағдаяттарда әңгімелесу, пікірлесу, өз ойын түсінікті жеткізуді (кіммен? қайда? қашан?не туралы?);

6) өздеріне таныс заттарды, құбылыстарды салыстыру, сипаттауды;

7) 6-8 сөзден тұратын сөздік диктанты, 25-30 сөзден тұратын диктанттарды, 40-50 сөзден мазмұндаманы, 4-6 сөйлемнен тұратын шығарманы жазуды.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 35; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.006 с.)