Ликвордың қасиеті мен құрамы. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ликвордың қасиеті мен құрамы.

Пункция арқылы алынған цереброспинальды сұйықтық яғни мамбальды ликвор – қалыпты жағдайда мөлдір, түссіз, тұрақты салмағы 1.006-1.007, вентрикулярлы ликвор – 1,002- 1,004. Цереброспинальды сұйықтықтың тұтқырлығы қалыпты жағдайда 1,01-ден 1,06-ға дейін өзгеріп отырады. Ликвор әлсіз сілтілі реакция: ph 7,4-7,6. Ликвор организмнен тыс бөлме температурада ұзақ ұстаса ph жоғарыЖұлынның субарахноидалдың қабатында сұйықтықтың t-37-37.5 C. Цереброспинальды сұйықтық қан сары суымен химиялық құрамы ұқсас болып келеді: 89-90%-су, 10-15% құрғақ зат, ол ми метаболизмге қатысады. Цереброспинальды сұйықтықтағы органикалық заттар: ақуыздар, аминқышқылдары, көмірсулар, гликопротеидтер және липопротеид. Органикалық емес: фосфор және микроэлементтер. Цереброспинальды сұйықтықта қан сарысуымен салыстырғанда хлоридтер магний жоғары, бірақ глюкоза, калий, кальций, мочевина аз. Қанттың махсимум мөлшері вентрикуларлы цереброспинальды сұйықтықта бар, аз мөлшері жұлынның субарахноидальды қабатында болады. Қанттың 90%-ін глюкоза, 10%-ін декстроза құрайды.

Қалыпты жағдайда клеткалардың саны (цитоз) 3-4 1мкл аспайды, ол лифоциттер, арахноэндотелий клеткалары, ми қарыншаларының эпеидимасы, полибласттар (бос макрофагтар). Науқас бір бүйірімен жатқанда жұлын – ми өзегіндегі ликвор қысымы 100-180 мл –ді құрайды, отырғанда 250-300 мм суб жоғары. Балаларда цереброспинальды сұйықтың қысымы ересектермен салыстырғанда төмен. Қалыпты жағдайда ликвордың биохимиялық көрсеткіштері ликвор түзілуші 1-ші механизімі: безді клеткалардың белсенді секреция жолы арқылы ми қарыншаларының тамырлы өрімімдерінен түзіледі.

Ми қарыншаларында орналасқан тамырлы өрім мидың жұмсақ қабатының туындысы болып табылады.

 

                                   Тамырлы негіз.

Төртінші қарыншаның тамырлы негізі мидың жұмсақ қабатының қатпары болып табылады, ал үшбұшты пластинка тәрізді. Тамырлы негізде төртінші қарыншаның тамырлы негізгін құрайтын қан тамырлары тарайды. Бұл өрімде: ортаңғы қиғаш-көлденең,көлденең бөлігін ажыратады. Төртінші қарыншаның тамырлы негізі алдыңғы артқы шашақты өрім түзеді. Үшінші қарыншаның тамырлы негізі жіңішке пластинка тәрізді, ол он және сол таламустың ортасында, күмбез астында орналасады. Оны ми күмбезімен сүйелді денені алып тастаған кезде көруге болады. Оның пішіні үшінші қарыншаның өлшемі мен пішініне байланысты.

Үшінші қарыншаның тамырлы негізінде үш бөлімді ажыратады: ортаңғы таламус сызықтың ортасында, бүйір таламустың жоғарғы беткейін жабатын, сонымен қатар оң және сол, жоғарғы және төмеңгі бөлімдері болады.

 

Тамырлы өрімнің гистологиясы.

Шырышты қабаты бір қабатты куб тәрізді эпителиймен жабылған тамырлы эпейдимоциттермен. Ұрық пен нәрестелерде тамырлы эпеидимоциттерде микроталшықпен қоршалған кірпікшелері болады. Ересектерді апикальды беткейінде кірпікшелері сақталады. Тамырлы эпеидимоциттер үздіксіз жабылатын аймақпен жалғасқан. Жасушалар негізіне жақын жерде домалақ, сопақ ядролар болады. Жасушалардың цитоплазмалы базальды бөлігінде дәнді, көптеген ірі митохондриялары болады, көпіршіктері, лизасомалар тағы басқа оргенеллалары болады. Тамырлы эпидимоциттік базалар жағында қатпарлар түзіледі.

Ликвор айналысы.

Ликвор айналысы – үнемі жиріп отырады. Ол мидың бүйір қарыншаларынан Монро тесігі арқылы үшінші қарыншаға барады, одан кейін Сильвиев су өзегінен төртінші қарыншаға құяды.

           Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Рақышев А. «Адам анатомиясы» 1, 2 том Алматы 2004ж.

2. Интернет жуйесі, википедия

3. Www.google.ru

4. Ә.Б. Әубәкіров, Ф. М. Сүлейменова , Т. М. Досаев « Адам анатомиясы» 4 том 

5. Дәрістер жинағы



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 32; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)