Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Көп құрамды құрмалас сөйлемдерПоиск на нашем сайте Көп құрамды құрмалас сөйлем — компоненттерінің саны үш және одан да көп болып келетін құрмалас сөйлемдер. Мысалы: Көп ойлануға уақыт қалған жоқ, жалғыз үміт: не Талғар өткел беріп құтқарады, не өзі жұтып құтқарады, әйтеуір дұшпанға жоқ. (М. Әуезов). Көп құрамды құрмалас сөйлемтар көп құрамды салаласқа, көп бағыныңқылы сабақтасқа және аралас құрмалас сөйлемге жіктеледі. Көп құрамды салапастың баяндауыштары өңкей тиянақты тұлғада тұрады (Шұғыл орысша білмейді, барон қазақша білмейді, бірақ екеуі кейде араға тілмаш салмай ақ түсінісе береді. X. Есенжанов). Көп бағыныңқылы сабақтастың тиянақсыз тұлғалы бірнеше бағының қылары тиянақты тұлғалы бір басыңқыға қатысты болып келеді (Бірақ күз суық болмай, күзек оты әлі де мол болғандықтан, жұрт іркіліп отыр. М. Әуезов). Аралас құрмаласта тиянақты, тиянақсыз тұлғалы компоненттер араласып қатар жұмсалады (Қазір ол Игілікгің үстіне барлық мақтауын үйер еді, аузына сөзі құрғыр түспей, тілі кемекейіне жабысып қалғандай күрмеліп қалыпты. Ғ. Мүсірепов)Қазіргі қазақ тілінде көп компонентті құрмалас сөйлемдерді оқыту өзекті мәселелердің бірі. Қалыпты (екі бөлімді, екі компонентті) құрмалас сөйлемді бір немесе бірнеше компоненттермен (предикативтік бірліктермен) толықтырғанда және күрделендіргенде құрмалас сөйлемнің ерекше бір түрі жасаланылады. Дәстүрлі түрде олар құрмалас сөйлемнің күрделенген түрі немесе көп құрамды, көп компонентті құрмалас сөйлемдер деп аталынады. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер қазақ әдеби тілінің стильдерінің көпшілігінде кеңінен қолданылады. Қалыпты құрмалас сөйлемдерден ерекшелендіретін өзіне тән құрылымға ие және жазба, ауызекі сөйлеу түрінде қолданылады. Бұндай сөйлемдерді граммтикалық талдау үшін көп компонентті құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырата білуіміз керек. Қазақ тілінде көп компонентті құрмалас сөйлемдер қазір әр түрлі аталып жүр. Олар құрмаласу жолдарына қарай түр-түрге бөлінеді. Дегенмен қазіргі дейін құрмаластың осы түрін бір жүйеде талдаудың үлгісі болмай келеді. Негізінен көп компонентті құрмаластар: көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер, көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер, көп сыңарлы салалас құрмалас сөйлемдер, аралас құрмалас сөйлемдер. Қазақ тілі білімінде бұндай сөйлемдер туралы алғашқы пікір айткан А.Байтұрсынұлы болды. Ахаң бұндай құрылымдағы сөйлемдерді өрнекті сөйлемдер деп атап, оған мынадай анықтама береді. «Өрнекті сөйлем деп, құрмалас сөйлемдердің бастары қосылып, кестелі болып құрылуын айтамыз. Ондай сөйлемдер нақ текеметке, яки кілемге салынған түр сияқты болмағанымен, өрнек-өрнегімен айтылады. Өрнекті сөйлемді айтқанда дауыс көтеріліп, төмендеп әнші оралып, қайырылып отырады. Сондықтан өрнекті сөйлеу оралым деп аталады." Көп компонентті құрмалас сөйлем компоненттерінің тіркесімі құрмалас сөйлемнің көлеміне байланысты зерттеледі, өйткені созылыңқылық пен тіркесімділік бір-біріне өте байланысты: Созылыңқылық компоненттердің тіркесуі нәтижесінде қалыптасады, ал тіркесімділік өз кезегінде белгілі предикативтік бірліктердің санына байланысты болуы мүмкін. Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдер ауызекі сөйлеу тілінде сирек кездескенімен, әдеби тілімізде жиі кездеседі. Мысалы: Үміт пен қатер безбенге түсіп, кейде үміт кейде қатер басып, Әбіштер ауылына жеткенше еңсе алмады. (М. Әуезов) Күрделі құрмаластардың пайда болуына себепкер – айтушы. Әсіресе, жазба тілде айтушы ойға қазық болатын бас пікірді жан Күрделі құрмаластардың пайда болуына себепкер – айтушы. Әсіресе, жазба тілде айтушы ойға қазық болатын бас пікірді жан-жақты толықтырып беру мақсатында үш –төрт сөйлемді қырларын келтіре отырып, үздіксіз созылмалы интионациямен береді. Ауызекі сөйлеу тілінде күрделі құрмаластар жай құрмалас сөйлемдер сияқты көп кездесе бермейді. Көп компонентті құрмаластардағы әрбір жай сөйлемдер жеке-жеке тұрғанда өзі алдына бір-бір дербес бірліктер. Бірақ, құрмаластың құрамында үлкен хабардың күрделі бір ойдың құраушы бөліктері, айтылатын негізгі ойды толықтырушы жан-жақты сипаттаушы элементтер болып табылады. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің талдануларына көз жіберсек, көп сыңарлы- салалас құрмалас құрамында, көп бағыныңқылы, көп басыңқылы - сабақтас құрмалас сөйлем құрамынан, ал аралас құрмалас сөйлемді жеке-дара көреміз. Осы күрделі құрмалас сөйлемдердің жүйелі талдауын үлгі ететін еңбектер бүгінгі таңда өте аз. Бұндай күрделі құрмаласты талдау үшін құрмалас сөйлемнің грамматикалық құрылымын толықтай білу керек. Көп компонентті құрмалас сөйлемнің әр түріне қысқаша тоқтала өтейік.1) Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер. Мысалы: Алғашқы бір қағысулар осымен өтіп, ойын арасында айтысқа тағы оралып келді, Қуандық ән айтты, термеде тартты.(М.Әуезов) Көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп «бағыныңқы – басыңқы –басыңқы» тұлғалы сыңарлардың мағыналық және интонациялық жағынан тығыз байланыста болып, синтаксистік байланыстың тәсіліне бағынған күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді айтамыз. Бұл жерде ескеретін бір мәселе - аралас құрмалас сөйлем мен көп басыңқылы сабақтас құрмаластың ұқсастығы мен айырмашылы. 2) Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас. Мысалы: Бұлар түн ортасы ауа үйге келсе, Балтабек ұйықтап қап, Айбала көйлек жамап отыр екен. (Ж. Аймауытов) Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің басты ерекшелігі бір-бірімен ұласа байланысқан жай сөйлемдердің соңғысынан басқасы тиянақсыз тұлғада тұрады. Сабақтас құрмаластың грамматикалық құрылымы өзіне тәндігімен ерекшеленеді. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылымында компоненттердің қызметі бағыныңқылық және басыңқылық сипатта болады. Сөйлемдегі предикаттылықты білдіру мен анықтауда басыңқы және бағыныңқы компоненттердің рөлі бірдей емес. Шешуші рөл предикаттылық орталықты ұйымдастырушы басыңқы компонентте. Бағыныңқы компоненттер басыңқыға немесе сондағы сөз тіркесіне, сөзге бағына отырып қызмет етеді. Сонымен бағыныңқы компоненттің қызметі басыңқы предикаттық орталыққа немесе оның бөлігіне қызмет ету және бағыныңқылық синтаксистік қатынасты білдіру болып табылады. Бағыныңқының предикаттылықты білдірудегі рөлі екінші деңгейде.
Қорытынды «Құрмалас сөйлем», «Қазақ тілінің грамматикасы», «Синтаксис», «Қазақ тілінің синтаксис мәселелері», «Жай сөйлемдердің байланысу амалдары», «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі», «Жанама толықтауыш пен пысықтауыш мүшелері» деген еңбектерінде құрмалас сөйлемдердің қалыптасу жолдарын басқа да түркі тілдеріндегі құрмалас сөйлемдердің даму жүйесімен, сондай-ақ тарихи жазба ескерткіштер мәтінімен салыстыра зерттеді. «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Қазақ әдеби тілінің дамуындағы Абайдың рөлі», «Қа-зақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы» атты мақалалары әдеби тіл туралы алғашқы ғылыми тұжырымның бастауы болды. Сауранбаев Қазақстанның әр аймақтарына тұңғыш рет диалектологиялық экспедициялар ұйымдастырды, ғылыми еңбектері қазақ диалектологиясы пәнінің қалыптасуына игі ықпал етті. «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние жоқ. Ғылымсыз оқиған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды»- дейді Абай бабамыз. Қазақ тілі білімінің іргетасы алғашқы тілтанымпаздардың білімдарлығы арқасында нық орнықты. Біртуар азамат А.Байтұрсынұлының ойтұжырымдары тіл білімнің қай саласында болмасын өзінің қажеттілігін өтеп, өміршеңдігін көрсетуде. 1930 жылдары қалам алып, тіл білімнің басты мәселелеріне көңіл аударған Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, С.Жиенбаев және т.б. еңбектері өз алдына бір төбе. Зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе мынадай тұжырымдаржасалды: Әлемдік білім кеңістігіндегі егемен елдің болашағы кәсiби даярлығы жоғары, еңбек нарығының қатаң талаптары жағдайында еңбек етуге қабiлеттi мамандарды даярлауды талап ететіндіктен, жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту студенттердің тұлғалық қасиеттерін шыңдаумен байланысты. Сондықтан болашақ филолог мамандарды дайындауда қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту екі бағыттың тұстастықта іске асырылуын қажет етеді. Бұл орайда синтаксисті қатысымдық тұрғыдан оқыту оны басқа ғылым салаларымен байланыста игеруге, қатысымдық бірліктердің мәнін айқындауға, оның синтаксисті оқытуда алатын орнын зерделеуге, алған білімдерін сөйлесім әрекеті арқылы іске асыруға мүмкіндік береді. Синтаксисті танымдық тұрғыдан оқытустуденттің танымдық әрекетін жетілдіреді және танымдық іскерлігін қалыптастыруға көмектеседі. Тіл білімінің синтаксис саласын оқытудың маңызы біріншіден, тілдік бірліктердің қолданылу дәрежесін айқындайды; екіншіден, студенттердің сөйлеу қабілеті мен дағдысын жетілдіреді; үшіншіден, синтаксистік бірліктерді қарым-қатынас құралы ретінде танытады. Осыған сәйкес кредиттік оқу жүйесіне негізделген «Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту» бағдарламасының жобасы ұсынылды. Жоба білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың талаптарына сай дайындалды. Жобаның мақсаты мен міндеті синтаксистік бірліктердің зерттелу тарихын, мағынасы мен айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін, атқаратын қызметін және синтаксис саласына қатысты даулы мәселелерді талдауды көздейді. Синтаксистегі өзекті мәселелерді қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту барысында кәсіби-қатысымдық, антропоөзектілік, креативтілік, нәтижеге бағдарлай оқыту ұстанымдарын басшылыққа алу білім мазмұнын анықтауға мен студенттердің тұлғалық ерекшелігін айқындауға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Ахмет Байтұрсынов. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 21-142 бб. 2. Жұбанов Қ. О формах сочетания слова на казахском языке. – Алматы: Ғылым, 1966. – 50 б. 3. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы: Санат, 1994. – 16 б. 4. Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. – Алматы: Мектеп, 1989. – 4 -68 -75 бб. 5. Ұйықбаев И.Қ және т.б. Қазақ тілі методикасының мәселелері. – Алматы: Мектеп, 1968. – 65 б. 6. Әлімжанов Д. Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы: Мектеп, 1965. – 66 б. 7. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері. –Алматы: -1969. – 212-260 бб. 8. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. – Алматы, 2004. – 5 б. 9. Оразбаева Ф. Тіл әлемі. Мақалалар зерттеулер. – Алматы:Ан арыс, 2009. – 102- бб. 10. Манкееева Ж.А. Қ.Жұбановтың ғылыми мұраларының академиялық танымы хақында // «Жұбанов тағылымы»: VI халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Ақтөбе, 2005. – 90-93 бб. 11. Маслова В.А. Лингвокультурология: учебное пособие для студентов высших учебных заведениий. – Москва, 2001. – 30 с. 12. Тараз энциклопедиясы 13. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3 14. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 7 том Ахмет Байтұрсынов. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 21-142 бб.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 43; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.007 с.) |