Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
ЖҰМСАҚ ТІНДЕРДІҢ ҚАТЕРСІЗ ІСІКТЕРІПоиск на нашем сайте ЖҰМСАҚ ТІНДЕРДІҢ ҚАТЕРСІЗ ІСІКТЕРІ Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау қоғамының анықтамасы бойынша жұмсақ тіндерге барлық эпителиальды емес, ретикулоэндотелиальдық жүйе мен ішкі ағзалардың тірек тіндерінен басқа қаңқалық емес тіндер жатады. Гистологиялық сипаты бойынша жұмсақ тіндердің ісіктері әрқилы болады. Бұл ісіктердің 33% жіктелменген бластомаларға жатады, өйткені олардың гистогенезін анықтау мүмкін емес. Клиникалық ағымы мен морфологиялық сипатына байланысты жұмсақ тіндердің барлық ісіктері 3 топқа бөлінеді: - қатерсіз ісіктер: гемангиома, лимфангиома, фиброма, липома, невринома, лейомиома, рабдомиома; - жартылай қатерлі ісіктер - анық қатерлі ісіктер Күнделікті жұмыс барысында тамыр ісіктері мен дисплазиялардың төмендегідей жіктелуі қолданылады (кесте VII.1).
Кесте VII.1. Тамыр ісіктері мен дисплазиялардың жіктелуі Ісіктер Гемангиомалар Капиллярлық Каверноздық тармақталған Лимфангиомалар Капиллярлық Каверноздық Кистоздық Аралас Гемлимфангиомалар Дисплазиялар Капиллярлық Жайпақ ангиомалар Медиальды дақтар «шарапты дақтар» Телеангиэктазия (жұлдыз тәрізді ангиомалар Пиогенді гранулемалар Веноздық Шеткері веналардың аневризмасыы Веналардың варикозды кеңеюі Ангиоматоздар Тереңдегі веналардың аплазиясы (Клиппель-Треноне синдром) Артериовеноздық Артериовенозды жыланкөздер (Паркса-Вебер синдром)
Сурет.VII.1. Иықтың гемангиомасы Гемангиомалар. Жұмсақ тіндердің қатерсіз ісіктерінің ішінде балаларда ең жиі кездесетіні гемангиома. Кейбір басылымдар бойынша сәбилерде гемангиома 10-20% кездеседі. Гемангиомасы бар нәрестені бақылап, емдеу және арнайы маманға жіберу сұрақтарын шешу емхана педиатрының міндетті жұмысы, сондықтан ол бұл патология сұрақтарын жеткілікті білуі керек. Гемангиомалар - тамыр эпителийінің пролиферациясынан дамитын нағыз тамыр ісігі. гистологиялық зерттеу кезінде митозды бөлінетін жасушалар анықталады. Гемангиома балаларда тері мен жұмсақ тіндердің 45,7% құрайды. Жиі орналасатын жері - ет, бас, дененің жоғарғы бөлігінің терісі мен тері асты клетчаткасы. Сирек жағдайды ішкі ағзалардың (бауыр, көкбауыр, сүйектер) гемангиомасы кездеседі. Олардың көпшілігі өздігінен регрессияға ұшырап жоғалып кетеді, ал кейбіреулері тез өсіп балаға косметикалық жайсыздық туғызады, кейде көру және есту қабілетіне зиян келтіруі мүмкін. Гемангиома, инфильтрациялық өсу қабілетке ие, кейде тез өседі, бірақ метастаз бермейді. Гемангиома асқынулары - жараға айналуы, қансырау және инфекциялық қабынулар болуы мүмкін. Гемангиоманың ең қауіпті асқынуы – қансырау, кейде шұғыл хирургиялық көмекті қажет етеді. Кей кезде гемангиомаға барлық тамыр ісіктерін (нағыз гемангиомалар) және тамырлардың әр түрлі дисплазияларын (жалған гемангиомалар) жатқызады. Гемангиоманың емдеу жолдары көп. Ең радикальды және тез емдеу жолы – хирургиялық жолмен алып тастау. Операция денеде немесе қол-аяқта орналасқанда жасалады. Бет аймағында орналасқан гемангиоманы хирургиялық жолмен алу косметикалық жайсыздық, дефект тудыруына байланысты басқа емдеу түрлері қолданылады (қысқа фокусты рентгентерапия, 700 спиртпен склероздаушы терапия, преднизолонмен гормондық терапия). Гемангиома түрлері: капиллярлық, каверноздық және тармақталған. Капиллярлық гемангиома.Негізінен теріде орналасады, олар көбінеде бет аймағында кездеседі, әсіресе қыз балаларда. Ашық қызыл түсті, шекарасы анық, теріден бөлектеніп шығып тұрады. Баланың өсуімен сәйкес өседі, уақыт өте гемангиоманың ортасында фиброзды тіннен тұратын ақшыл дақ пайда болады. Ол шетіне қарай кеңейіп, ақырындап гемангиома жоғала бастайды. Орнында ақшыл атрофияланған тері қалады, соңынан айналасындағы теріден ерекшеленбейді. Әртүрлі зияткерлер деректері бойынша капиллярлық гемангиомалардың 90-95% өздігінен жазылып жоғалып кетеді. Бұл үрдіс 2-3 жылға созылады. Егер гемангиома тез өсе бастаса, оның өздігінен жоғалуын, жазылуын күтуге болмайды, емдеуді бастау қажет. Педиатрдың міндеті - гемангиома мөлшерінің өсуін қадағалап отыру. Бала дәрігерге бірінші келгенде полиэтилен пленкаға гемангиоманың контурограммасын сызып, баланың анасына гемангиома мөлшерін әрбір екі апта сайын контурограммамен тексеріп отыруды тапсырады. Егер гемангиоманың өсуі баланың өсуінен озып кетпесе емдеу шараларын бастауға асықпауға болады. Егер гемангиоманың ортасында ақшыл дақтар пайда болып, үлкейіп, бірі-бірімен қосыла бастаса, онда гемангиомада кері даму үрдісінің басталғанын көрсетеді. Ісіктің көлемі тез өсе бастаса, баланы арнайы маманға жіберіп, емдеу шараларын бастау қажет. Емдеу түрлері көп. Ең радикальды және тез емдеу түрі – хирургиялық операция. Операция денеде немесе қол-аяқта орналасқанда жасалады. Бет аймағында орналасқан гемангиоманы хирургиялық жолмен алу косметикалық жайсыздық, ақау тудыруына байланысты басқа емдеу түрлері қолданылады. Біраз уақыт бұрын гемангиоманы емдеу үшін кеңінен қысқа фокусты рентгентерапия қолданылды. Бұл ем гемангиоманың өздігінен жазылу үрдісін тездетеді. Осы мақсатта склероздаушы терапия қолданылды, яғни гемангиоманы 700 спиртті гемангиомаға енгізгенде, ісікте асептикалық қабыну үрдісі пайда болып тыртықтану үрдісіне бастама береді. Егер гемангиоманың көлемі үлкен болса, спиртті бірнеше жерден, кейде бірнеше рет енгізеді. Тыртықтану үрдісі криотерапияны - ісікті сұйық азотпен арнайы әр түрлі пішін мен көлемдегі криоапликатор көмегімен мұздату - қолданған кезде артады. Бұрын криотерапия көмір қышқылының «қарын» қолдану арқылы жүргізілді, қазір ол әдістен бас тарта бастады, өйткені ол жазылу үрдісінде косметикалық тұрғыдан алғанда жағымсыз, тыртықтар қалдырады. Егер гемангиома саны жағынан көп болса, немесе емдеу шараларын жүргізуге жайсыз орында орналасқан болса (өз қиығында, езуде, қыз баланың сүт безінде, құлас маңындағы сілекей безі аймағы) және тромбоцитопения тудыратын болса (Казабах-Меррит синдромы) гемангиоманы басқа әдіспен - преднизолонмен емделеді. Преднизолон күніне 2 рет 4-6 мг/кг дозада пероральдық жолмен беріледі. Емдеу ұзақтығы 28 күн. Преднизолонды беруді тоқтатқан кезде, преднизолонның дозасын біртіндеп азайту әдісі қолданылмайды. Емдеуді, қажетттілік бойынша, 2-3 аптадан кейін қайталауға болады. Бұл емнен кейін гемангиоманың өсуі тоқталады. Кейде көлемінің кішіреюі байқалады. Капиллярлы гемангиомалар кейде асқынулар береді: жараға айналып, жараның іріңдеуі, қанауы мүмкін. Асқынуларды емдеу консервативтік түрде жүргізіледі: жараны антибиотиктермен жуып, содан соң оларға антисептиктермен майлы таңғыштар салу керек. Жараның жазылуы гемангиоманың тыртықтануының басталуын тездетеді. Кавернозды гемангиомалар капиллярлы гемангиомадан сиректеу кездеседі. Олар бірі-бірімен байланысып жатқан, әр түрлі көлемдегі, қабырғасы эпилелиймен жабылған қанды қуыстардан тұрады. Бұл гемангиомалар теріасты майы қабатында орналасады және үстінен басқан кезде жеңіл басылып, босатқанда тез қалпына келетін жұмсақ ісік тәріздес құрылым түрінде анықталады. Кей кезде тері астынан көкшілденіп көрініп тұрады. Осындай гемангиомалар ішкі ағзаларда және сүйектерде кездеседі. Бұл гемангиомалардың өздігінен жазылуы сирек кездеседі. Ең нәтижелі ем - хирургиялық. Егер хирургиялық емді қолдануға мүмкіндік болмаса (ісіктің көлемі өте үлкен , қолайыз жерде орналасса), криодеструкциямен бірге склероздаушы, кейде СВЧ-криодеструкциямен терапия қолданылады. Гемангиоманың көлемі аса үлкен болса емдеу алдында ісіктің тамырларына ангиографиялық бақылаумен эмболизация жасалады. Тармақталған гемангиомасирек кездеседі. Бұлшық ет талшықтарының арасында кеңімеген қан тамырларынан тұратын бұл ісік бұлшық еттің деформациясын тудырады. Емдеу тек хирургиялық жолмен жүргізіледі. Диагноз жұмсақ тіндердің ісігі деп жасалған операция кезінде нақтыланады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 40; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.236 (0.009 с.) |