андағы оттегін анықтау әдістері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

андағы оттегін анықтау әдістері

Функциялық әдістер

Торакальдық хирургияда, ренгенологиялық және инструментальдық әдістермен бірге, клиникалық және рентгенологиялық тексерулер нәтижесінде қалыптыдан ауытқуды таппаған жерде өкпе зақымдануларын ерте табуға көмектесетін функциялық тексеру әдістері кеңінен қолданылады. Функциональдық диагностикалау әдісі, өкпенің бір немесе екі жақты зақымдалуы кезінде, компенсаторлық механизмдерді және резервтік мүмкіндіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Жүргізілетін терапияның нәтижелілігі функциялық өкпелік сынамаларының көмегімен жеңіл анықталады.

Спирометрия және спирография. Сыртқы тыныс алу функциясын тексеру, бұны өкпелік көлемді және вентиляциялық көрсеткіштерді өлшеуден бастайды. Құрғақ және ылғалды спирометрлердің көмегімен келесі көрсеткіштерді оңай анықтауға болады: тыныс алу көлемі, тыныс алу мен тыныс шығарудың резервтік көлемі, тыныс алу сыйымдылығы және өкпенің өмірлік сыйымдылығы.

Көрсеткіштері. Аталған өкпе көлемі мен сыйымдылығын анықтаудың, балалардағы өкпенің және жүрек патологиясын зерттеуде үлкен практикалық маңызы бар: олардың азаюына әр түрлі себептер әкеледі:

1. Көкірек қуысының кеңею мүмкіндіктерінің шектелуі: операция уақытында бүйірлеп жату, көкірек қуысының деформациясы, қабырғаның сынуы кезінде қатты ауырсыну және т.б.

2. Ісікпен басылып қалған бронхиолалардың өтімсіздігі, өкпе ісінуі, пневмония, ателектаз, өкпе тіндерін хирургиялық алып тастау нәтижесінде жұмысқа қабілетті өкпе тінінің мөлшерінің азаюы.

3. Асцит, құрсақ қуысының ісігі, метеоризм, диафрагманың жарақаты нәтижесінде диафрагма қозғалысының шектелуі.

4. Пневмоторакс, диафрагма жарығы және т.б. кезіндегі өкпенің кеңеюінің шектелуі.

Қарсы көрсеткіш: науқастың жалпы жағдайының ауырлығы.

Әдістемесі. Спирометрияны негізгі алмасу жағдайында жүргізеді. Орташа және ересек жастағы балаларда спирометрия жүргізу әдістемесі ересек адамдардан ерекшілігі жоқ. Жаңа туған және омырау жасындағы нәрестелерде спирометрия үшін ВНИИМП шығарылған ылғалды спирометр С-1 қолданылады. Баланы столға жатқызады. Егер бала тыныш болса, оның басын артқа қарай шалқайтып, бетіне маска қояды. Масканың көлемі 6 айға дейінгі балаларда 30-50 мл және 6 айдан жоғары балаларға 50-100 мл. Бала тыныш тыныс ала бастағаннан кейін масканы спирометрге жалғайды. Шкала бойынша тыныс алу тереңдігін белгілейді, бір мезгілде тыныс алу жиілігін де есептеп отырады. Тыныс алу жиілігін көлемге көбейту арқылы өкпе вентиляциясының минуттық көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Өкпенің өмірлік сыйымдылығын есептеу үшін оның максималды деңгейін алады. Өкпе көлемінің деңгейі және вентиляциялық көрсеткіштер жалпы қабылданған әдістер бойынша қалыпты шарттарға әкеледі.

Нитрометр немесе гелиометр түріндегі газоанализаторды спирометр С-1-ге жалғастырылғанда, сонымен бірге, балалар өкпесінің қалдық көлемін және функциялық қалдық өкпе сыйымдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл кезде тыныс алу контурындағы жүйе жартылай ашық қалыптан жабық қалыпқа ауысады. Ары қарай анықтау әдістемесі ересектердегі анықтау әдістемесіне сәйкес келеді.

Әдісті бағалау. Түрлі өкпе ауруларында өзгеретін бұл әдіс көптеген өкпе көлемдерін және вентиляциялық корсеткіштерді анықтауға мүмкіндік береді. Тыныс алудың минуттық көлемінің болу керек деңгейінен +20%-тен жоғары өзгеруі вентиляциялық өзгерістердің бар екендігін көрсетеді. Бұл өкпелік газ алмасудың бұзылуына әкелетін гипо- немесе гипервентиляцияның себебін іздеу керек екендігін көрсетеді.

Спирография тыныс алудың келесі функциялық көрсеткіштерін анықтауға және график түрінде тіркеуге мүмкіндік береді: өкпенің максимальды вентиляциясын, тыныс алу резервін, оттегінің минуттық қабылдануын.

Бөлімді спирография (бронхоспирометрия) әрбір өкпенің бөлек жағдайдағы функциялық қабілеті жайлы деректер алуға мүмкіндік береді.

Көрсеткіштері: өкпенің екі жақты зақымдалуы.

Қарсы көрсеткіштері: баланың жалпы жағдайының ауырлығы, жергілікті анестетиктерге жоғарғы сезімталдық.

Әдістемесі: балаларда, тексеру бұлшық ет релаксанттарымен бірге тамыр ішілік барбитураттық наркоз және оттегі ингаляциясымен қатар жүргізіледі. Апноэ фонында ларингоскопия жүргізіледі және 5-10% новокаин ерітіндісімен жұтқыншақтың артқы қабырғасын, тілдің түбірін және трахеяны жансыздандырады. Бұлшық ет босаған кезде ларингоскоп арқылы Карленс түтікшесін енгізеді. Манжетканы үрлейді, трубканы наркоздық аппаратқа жалғайды. Ол арқылы, өз бетімен тыныс алу толық қалпына келгенше, өкпенің жасанды, содан кейін қосымша вентиляциясын оттегінің ауамен қоспасы арқылы жүзеге асырады. Спирограмманы арқаға жатқан қалпында, бұйірге жатқан қалпында, екі өкпемен және біреуінің ауытқуымен, бір өкпемен тыныс алғанда жазады. Тексеруді интубациялық түтікше арқылы антибиотиктерді трахея ішіне енгізумен аяқтайды.

Асқынуы: дауыс байламдарының ісінуі, ларинго- және бронхоспазм.

Пневмотахография. Бұл әдіс тыныс алудың механикалық факторларын тексеруге мүмкіндік береді. Өкпе мен кеуде клеткасының серпімділік қасиеті, ауа өткізгіш жолдар мен тіндердің серпімді емес қарсыластығы, тыныс алу жұмысы.

Көрсеткіштері: ұзақ ағымды пневмония, бронхоэктаздық аурулар, плеврит, бронхит, астма, эмфизема, кіші қан айналым шеңберінің гипертензиясымен туа және жүре пайда болған жүрек ақауы, тыныс алудың механикалық факторларының әр түрлі дәрежеде зақымдалуы байқалатын аурулар.

Әдістемесі. Тексеруді негізгі зат алмасуға жақын жағдайда аш қарынға жүргізу керек. Пневмотахограф аппараты қолданады. Құрылғы тыныс алудың көлемдік жылдамдығын, альвеолярлық және өңеш ішілік қысымның деңгейін тіркеуді қамтамасыз етеді.

Баланы тыныс алу датчигіне қосады. Бірінші жағдайда мұрынға қысқыш қояды. Тексеруді отырған немесе жатқан қалпында жүргізуге болады. Алғашында қалыпты тыныс алудың көлемдік жылдамдығын жазады. Одан кейін альвеолярлық қысым деңгейін тіркейді. Өңеш ішілік қысымды жазудан бұрын, 10% новокаин ерітіндісімен мұрын жолдарының, мұрын жұтқыншақтың, жұтқыншақтың артқы қабырғасының, тілдің түбірінің жергіліктікті анестезиясы жасалады. Катетерді мұрын жолы арқылы енгізеді. Өңешке енгізгеннен кейін баллонды ақырындап ауамен толтырылады. Катетерді манометрмен жалғайды. Қысымды өлшеу қатты манометрде жүргізіледі, бір мезгілде тыныс алудың көлемдік жылдамдығы тіркеледі. Форсирленген тыныс алу жылдамдығы 3 жасқа дейінгі балаларда 3л/сек аспайтын болғандықтан I және III датчиктерінде, ал ересек балаларда II және IV датчиктерде жазылады.

Әдісті бағалау. Баллада тыныс алудың механикалық факторын зерттеу, өлшеуге болатын ентікпенің физикалық негізі бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бронхтық қарсылықтың жоғарлауы ауа өткізгіш жолдардың өткізгіштігінің бұзылуын көрсетеді. Тыныс алудың көлемдік жылдамдылығының баяулауы өкпе мен көкірек қуысының созылуының төмендеуіне және трахео-бронхтық өткізгіштіктің қиындауына байланысты болады. Тыныс алу жұмысы екі жағдайда да жоғарлайды. Ентікпенің себебін анықтау терапияның түрін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдіс қалыпты жағдайда және наркоз уақытындағы өкпе вентиляциясының адекваттылығын талқылауға мүмкіндік береді.

Көрсеткіштері. Өкпе-жүрек аурулары, көкірек қуысы мен іштің травмалық зақымдалуы, анемия, интоксикация.

Қандағы оттегі мөлшері химиялық (Ван Слайк әдісі) немесе фотометрия арқылы өлшенуі мүмкін. Қазірғі уақытта бірінші әдіс жиі, екінші әдісті басқару ретінде қолданылады. Ақырғысы, қанның оттегімен қанығуының динамикасын бақылау үшін қолдануы мүмкін.

Әдістемесі. Балаларда тексеру үшін саусақтан қанды стабилизаторы (гепарин, фторлы натрий) бар стаканға 0,5-1 мл алады. Қандағы оттегінің парциалдық қысымын анықтаудың өте кең таралған әдісі – полярография. Оны полярографқа қосылған арнайы электродтың көмегімен жүзеге асырады.

Балалардағы полярографтық зерттеу ерекшелігі:

1. Саусақтан алынған қанның сулылығына байланысты, оны майдың көпіршіктерінсіз шприцке толтыру қиынға соғады, ал көпіршіктердің аз мөлшері құрылғының бағдарының қозғалысын шақырады және қанның сынамасы жоғалады. Сол себепке байланысты бір қанның сынамасынан РО2 қайталама өлшемін жүгізуге болмайды.

2. Жаңа туған нәрестелерде бұл әдісті жасау қиын, себебі 1 мл қанды алу үшін олардың саусақтарын бірнеше рет тесуге тура келеді.

3. Оттегінің парциалдық қысымын операция барысында динамикалық бақылау үшін артерияық қаннан кейде 5-10 сынама алады. Соншалықты сынаманы қанның оттегімен қанығуы және қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті анықтау үшін алады. Баладан ол үшін онсыз да маңызды қанның көп мөлшері алынады. Сондықтан балалардан сынамаға қан алған кезде алынған қанның мөлшері ескеріліп отыруы, ал керек жағдайда қан құюмен алынған қанның орны толтырылып отыруы қажет.

Әдісті бағалау. Қанның оттегімен қанығуын және қысымын анықтау гипоксемияны, оның дәрежесін, оның пайда болуы туралы сұраққа жауап береді. Егер гипоксемия гиповентиляциямен байланысты болса, ол үнемі ағзада СО2-нің бөгелуімен сипатталады, артериялық қанда СО2-ң қысымы мен мөлшері көбейеді.

Тамыр-артериялық шунттардың болуына байланысты гипоксемия.

Қан ағысына қатынасты вентиляцияның тепе- теңсіздігінің нәтижесінде болған гипоксемия.

Қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті тексеру.

Балалар хирургиясында ең қолайлы экспресс-әдіс Siggard Andersen әдісі болып табылады. Ол тек 0,1 мл қанды қажет етеді, анализ уақыты – 3-5 минут. Бір сынамада сутегі иондарының концентрациясын (рН), көмір қышқыл газының парциалдық қысымын (РСО2), буферлік негіздердің артықшылығын немесе дефицитін (+ВЕ), стандартты бикарбонаттарды (SВ), шын бикарбонаттарды (АВ) және қандағы СО2 жалпы мөлшерін анықтауға болады.

Көрсеткіштері. Тотығу үрдістерінің бұзылуынан жүретін аурулар (пневмония, бронхоэктатикалық аурулар, туа пайда болған және жүре пайда пайда болған жүрек ақаулары және т.б.), наркозбен жүргізілген ұзақ операция.

Әдістемесі. Қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті тексеру үшін микро-Аструп («Радиометр» фирмасы) қолданылады.

Әдісті бағалау. Andersen-Astrup, микро әдісімен анықталған көрсеткіштер қанда қышқыл-сілтілі тепе-теңдіктің бұзылуын, ағзада зат алмасуы үрдісінің немесе тыныс алудың бұзылуының нәтижесінде оның ауытқуы болғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл кезде ағзада қышқыл-сілтілі тепе-теңдіктің бұзылуының 4 түрін ажыратады:

1. Тыныс алу ацидозы, өкпенің вентиляциясының жеткіліксіздігінен болған РСО2 көбеюімен байқалатын ағзаде көмір-қышқыл газының бөгелуіне байланысты болған тыныс алу ацидозы.

2. ВЕ көрсеткішінің жоғарылауы - теріс белгісімен (негіздің дефициті) байқалатын зат алмасудың толық тотықпаған өнімдерінің ағзада жиналуына байланысты болған метаболитикалық ацидоз.

3. Гипервентиляцияға байланысты қанда РСО2 төмендеуімен көрінетін ағзадан көмір қышқыл газының тым көп шығуына байланысты болған тыныс алу алкалозы.

4. ВЕ көрсеткіштерінің жоғарлауы оң белгісімен (негіздің артықшылығына) байқалатын сілтілердің жоғарлауы немесе ағзада қышқылдардың жеткіліксіздігімен байланысты болған метаболитикалық алкалоз. Айтылған бұзылыстар компенсацияланған ауытқулар немесе декомпенсацияланған сипатта болады.

Ацидоз кезінде қан реакциясы қышқыл жаққа жылжиды, ал алкалоз кезінде сілтілі жаққа жылжиды. Сонымен бірге, тотығу-қалыптастыру үрдістері кезіндегі бұзылыстар, тыныс алу бұзылыстарына сәйкес келуі мүмкін. Мұнда қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің бұзылыстары сәйкес сипатқа ие болады. Бұзылыстың келесі нұсқалары болуы мүмкін:

1. Тыныс алу және метаболитикалық ацидоз, әдетте мүндай ацидоз декомпенсацияланған болады.

2. Тыныс алу ацидозы және метаболитикалық алкалоз. Қанның реакциясы қалыпты, қышқыл немесе сілтілі болуы мүмкін.

3. Метаболизмдік алкалоз және тыныс алу алкалозы, рН сілтілік жағына ауытқумен.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 37; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.236 (0.008 с.)