Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогтың сабақ жоспары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогтың сабақ жоспары

 

«Қостанай ауылшаруашылық колледжі» КМҚК

(білім беру ұйымының атауы)

Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогтың сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Еңбек нарығы.

Модуль /пән атауы: ООД 05. Қазақ тілі мен әдебиет

Дайындаған педагог: Молдашев А.Т.

2020 жылғы "03" қыркүйек

1.Жалпы мәліметтер

Курс, оқу жылы, топ 1 курс,

Сабақ типі:

2. Мақсаты, міндеттер: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру;

 

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбес:

2.2 Күтілетін нәтиже:

 Ынтымақтастық;

  Жауапкершілік;

Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет.

2.3 Бағалау критерийі:

1) Оқушылардың барлығы:

Оқылым мәтінінің мазмұнын түсінеді,негізгі ақпаратты анықтайды;

Оқушылардың көбісі:

Автор мақсатын айқындайды

3. Сабақты жабдықтау:

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

3.2 Техникалық құралдар, материалдар.

4. Сабақтың барысы

«Мағынаны тану» кезеңі. Оқылымалды тапсырмасы.

«Еңбек» тақырыбына қатысты нақыл сөздерді ұсынады, олардың мән-мағынасын талдайды.

 

Оқылым тапсырмасы. Топтық жұмыс.

Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» әңгімесінен үзінді

«Шойыннан жол салынғалы жатыр, ол жолдың көрінісі домбыраның екі ішегі сияқты болады екен, онымен поезд деген отпен жүретін арба келеді екен» деген қауесет Балқаштың бергі жағасына жуық жатқан Күрті еліне тез тарап кетті.

— Қара бұқасы болады дейді.

— Оның жаны бар ма?

— Тұяғы қалай шойыннан тайып кетпейді?

— Шойыннан істелген арба дейді, от күшімен көп жүк сүйрейді екен,— десті кешке жақын ауыл ортасындағы төбе басында отырғандар.

— Ол қайда барады екен?

— Мына Қопаны басып өтеді дейді жұрт.

Бетінде қорасан дағы бар шетте отырған, жасы жиырмалар шамасындағы қара ЖІІІІ жаңағы әңгімені айтқандардан жолдың жайын қайтадан сұрап еді. «Біз қайдан білейік, біздің білетініміз де сенің естігенің ғой» деп олар ештемені ашып айта алмады. Сұрауына жауап таппаған жігіт ел аузына біраз қарап тұрды да, орнынан тұрып кетті.

Ол үйіне келгенде алауланған тезек оты бықси жанып, үй іші ала көлеңкеленіп тұр екен.

— Апа,— деді үйіне келіп жігіт, отты үрлеп жатқан шешесіне,— мен шойын жолға жұмысқа тұрсам қайтеді.

— Жассың ғой әлі, қалқам.

— Ой апа, жиырмаға келген адам жас болушы ма еді.

— Анығын білдің бе? Жұмысшы ала ма екен?

— Әзірше менің естігенімнің бәрі тұспал.

— Ендеше біреуден әбден анығын білсеңші, шырағым, бару жағын сонан соң қарастырарсың.

Сөз басыла бергенде, киіз үйдің есігі көтерілді де, сәлем беріп мосқал тартқан бет сүйегі шығыңқы, аласа бойлы, қара сақалды кісі үйге кіріп келді. Бұл Тосқанбай деген өздерінің бір туысқаны еді. Бағанағы төбе басындағылар «Тосқанбай Қопа бойына жұмыс іздей кетіпті» дегенді де айтқан. Тосқанбайды көріп қуанған жігіт, бар іздегенін осы туысқаны алып келгендей болды.

— Тосекеңбісіз? Төрге шығыңыз.

— Жоқ асығыспын,— деді от басына бір тізерлеп отыра берген Тосқанбай.

— Әлгі Нұрқасым «барып келіңізші» деп мазалап болмаған соң Қопа жаққа барып едім. Қопаны бастыра шойын жол жасап келеді екен. Соны біліп қайттым. Сенде жұмыс іздеп жүр дегенді естіп, айта кетейін деп едім. Мен қазір барып дем аламын да, таңсәріден көшемін. Үлкен балам екеумізге де жұмыс беретін болды.

— Сапарыңыз оң болсын! Мен де көшемін,— деді үй несі.

— Бірге болсын!— деп Тосекең шығып кетті.

Топтық жұмыс. «Пікір» әдісі. Оқушылар әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселе арқылы көрініс тапқан кейіпкер үнін талдайды.

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселе

Мәселе арқылы көрініс тапқан кейіпкер үні

Ұсынылған мәселенің қазіргі кездегі жайын салыстырад

Мұны қалай өзгертуге болады? Ұсыныстар

 

5. Сабақ бойынша рефлексия:

Кері байланыс «3-2-1»

Мен үшін 3 жаңа ақпарат...

Бұрыннан білетін ақпарат...

1 қиындық келтірген тапсырма не сұрақ...

 

6. Үй тапсырмасы: Еңбек нарығы мазмұны

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 42; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)