азақстандағы архившілердің Бірінші Конгресінің 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

азақстандағы архившілердің Бірінші Конгресінің

 

Қосымша 1

Қазақстандағы архившілердің Бірінші Конгресінің

ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

2022 жылғы 19-21 қазанда Алматыда жиналған және халықаралық ұйымдар, биліктің орталық және жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік архив мекемелері, қоғамдық бірлестіктер, білім беру, ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері болып табылатын «Ашық қоғамға – ашық Архив» атты Қазақстандағы архившілердің Бірінші Конгресінің қатысушылары,

архив құжаттарының тұрақты құндылығын мойындайотырып,

Халықаралық архивтер кеңесінің (ICA) архивтер бойынша әмбебап декларациясын да мойындайотырып,

жаһандық турбуленттілік жағдайында қоғам өмірінің барлық салаларында болып жатқан түбегейлі өзгерістер архивтердің алдына жаңа сын-тегеуріндерді қойып отырғанын ескере отырып,

архивтердің деректі жадты сақтау бойынша қызметі мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын іске асыруға септігін тигізетінін назарға ала отырып,

архив мекемелерінің ақпараттық оқшаулануынмойындайотырып,

архив мекемелерінің ашықтығын қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін жетілдіру және біріздендіру қажеттілігін мойындай отырып,

архив мекемелері құзыретінің барлық салаларында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігін мәлімдей отырып,

 

ТӨМЕНДЕГІЛЕРДІ САНАЙМЫЗ ЖӘНЕ КЕЛІСЕМІЗ:

– Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің халықаралық қатысумен Қазақстан архившілерінің тұрақты конгрестерін өткізу бойынша бастамасын қолдау,

– Халықаралық архивтер кеңесіне (ICA) қазақстандық алаңда архивтік конгрестердің идеясын іске асыруға жәрдемдесу үшін жүгіну,

– әлеуетті нығайту бағдарламаларын дамыту, мекемелер мен университеттерге мамандар даярлауда, оның ішінде халықаралық, аймақтық, ұлттық деңгейде архивтану, археография, архив ісі саласында халықаралық мектептер, семинарлар, коллоквиумдар және басқа да әдістемелік және білім беру платформалары арқылы көмек көрсету,

– барлық бағдарламалар мен іс-шараларда мәдени, кәсіби және гендерлік әртүрлілікті қамтамасыз ету,

– жастарды ынталандыру және олардың архив қызметіне қатысуын қамтамасыз ету үшін форматтар мен дереккөздерді іздеу,

– жас архившілер мен осы мамандық бойынша оқитын студенттер үшін Конгресс шақырулары арасындағы кезеңдерде халықаралық шеберлік сыныптарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету,

– архивтерді ашықтық саясатына, инклюзия қағидаттарын ұстануға, ретроспективті ақпаратқа азаматтардың өтініштері бойынша теріс нәтижелердің нөлдік шегіне жетуге шақыру,

– нысаны, шығу тегі және мазмұны бойынша әртүрлі архивтік құжаттарға (мәтіндер, бейнелеу құжаттары, тарихи карталар, аудио-, бейне құжаттар және т.б.) онлайн-қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қашықтықтағы жұмыс сервистерін пайдалана отырып, архив мекемелерінің ІТ-инфроқұрылымын дамыту,

– IT-инфрақұрылымды дамытудан басқа цифрландыру саласында тәжірибе алмасу үшін қолжетімді платформа құруды қарастыру, бұл бірыңғай келісілген стандарт пен хаттамалар бойынша цифрландырылған құжаттармен алмасу тетігін жасайды,

– архивтердің құжаттық мұраны сақтауды қамтамасыз етуде өзара әрекеттесу және ынтымақтастыққа ұмтылуын қолдау,

– Халықаралық архивтер кеңесінің (ІСА) архивтер туралы әмбебап декларияциясының нормалары мен принциптерін, архившілердің Халықаралық этикалық кодексін ұстану.

Конгреске қатысушылар халықаралық ұйымдарды, мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарын, мемлекеттік архив мекемелерін, қоғамдық бірллестіктерді, білім беру, ғылыми-зерттеу мекемелерін осы декларацияның негізгі ережелерін қолдауға және ұстануға шақырады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 48; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)